Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2006.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
882.69 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Қиял-ғажайып ертегілерге ғана тән ерекшелікті табыңыз.

A) Оқуға өте қызықты.

B) Ғажайып оқиғалар жүзеге асады.+

C) Кейіпкерлері аңдар боп келеді.

D) Аяғы жақсылықпен бітеді.

E) Үлкен-кіші сүйіп оқиды.

2. «Ажалым аштан болды ма?

Ауызға жерге жемім жоқ,

Егер өлсем бұл жерде,

Сүйегімді ұстар теңім жоқ», - деп қиналатын батырды табыңыз.

A) Қобыланды.

B) Ер Тарғын.+

C) Қамбар.

D) Алпамыс.

E) Арқалық батыр.

3. Данагүлдің кім екенін табыңыз.

A) Жиреншенің қызы.

B) Белгісіз әйел.

C) Сырымның шешесі.

D) Алдар Көсенің әйелі.

E) Төле бидің келіні. +

4. Махамбет өліміне себепші болған опасыз жанды табыңыз.

A) Баймағамбет.

B) Қарауылқожа.

C) Арыстан Жантөрин.

D) Ықылас.+

E) Жәңгір хан.

5. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін көрсетіңіз.

A) «Жел».

B) «Бұлт».

C) «Толқын».

D) «Өзен».

E) «Күз». +

6. Ақан сері өміріне жазылған Ілияс Жансүгіров поэмасын табыңыз:

A) “Дала”.

B) “Күй”.

C) “Мәйек”.

D) “Құлагер”.+

E) “Күйші”.

7. Аш-жалаңаш, жоқшылық тұрмыстағы кедейдің халін Жамбыл қай өлеңінде бейнелегенін табыңыз.

A) ’’Шағым’’.

B) ’’Кедей күйі’’.+

C) ’’Замана ағымы’’.

D) ’’Майданға’’.

E) ’’Мәңке туралы’’.

8. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романында Найман-Ананы атқан адамды атаңыз.

A) Мәңгүрт.+

B) Қайын сіңлісі.

C) Жуан-жуандар.

D) Жолаушы.

E) Дөненбай.

9. Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» шығармасындағы лирикалық кейіпкер кімнің атынан сөйлейтінін табыңыз.

A) Халық атынан.+

B) Өз атынан.

C) Тарих атынан.

D) Ақын атынан.

E) Жастар атынан.

10. Сарыбай мен Қарабайдың бір-бірімен кездескен жерін табыңыз.

A) Жетісу жерінде.

B) Арқада.

C) Балталы жерінде.+

D) Сыр елінде.

E) Бетпақдалада.

11. ’’Жел, жел есер, жел есер’’ кімнің шығармасы екенін анықтаңыз.

A) Асан қайғы.

B) Доспамбет.

C) Шалкиіз.+

D) Жиембет.

E) Қазтуған.

12. Қаларсың бір күн, Сандықтас,

Құлан жортпас бел болып.

Кімнің өлеңінен алған үзінді екенін табыңыз.

A) С.Дөнетаев.

B) Д.Бабатайұлы+

C) С.Торайғыров.

D) А.Құнанбаев.

E) Ж.Жабаев.

13. Шортанбай Қанайұлының өлеңінен алынған үзіндіде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

Асылық азған заманда,

Алуан- алуан жан шықты.

Арам,араз хан шықты,

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты.

A) Қазақ даласына келген сауда.+

B) Жастардың бас бостандығы.

C) Оқу, білім, өнер.

D) Адамгершілік қасиет.

E) Әйелдердің теңсіздігі.

14. Мейірімді, рақымшыл болу Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесінде сөз болғандығын анықтаңыз.

A) «Бір уыс мақта»

B) «Асыл шөп».

C) «Аурудан аяған күштірек».+

D) «Бақша ағаштары».

E) «Қыпшақ Сейітқұл».

15. «Кім жазықты» деген туындысы арқылы 5 жастағы балаға 11 жастағы қызды айттыратын өрескелдікті көрсеткен ақынды табыңыз.

A) Н.Наушабаев.

B) С.Дөнентаев.

C) С.Көбеев.

D) С.Торайғыров.+

E) М.Ж.Көпеев.

16. Сәкеннің басқа атпен жасырынып жүрген кезінде жазылған өлеңін табыңыз:

A) “Жолдастар”.

B) “Аспанға ұш”.

C) “Тау ішінде”.+

D) “Біз”.

E) “Жел қайықта”.

17. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз.

A) Мағыш.

B) Кәмшат.+

C) Салиха.

D) Айгүл.

E) Пәкизат.

18. Ана тақырыбына айрықша көп қалам тартқан жазушыны табыңыз.

A) С.Мұқанов.

B) М.Әуезов.

C) М.Жұмабаев.

D) Ғ.Мүсірепов.+

E) Б.Майлин.

19. Төмендегі мысалдардан теңеуді табыңыз.

A) Жер күлімдер өзіне беріп шырай.

B) Ызалы жүрек, долы қол.

C) Піскен алма секілді тәтті қызды.+

D) Сұлу аттың көркі – жал.

E) Асау жүрек аяғын шалыс басқан.

20. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.

A) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.

B) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.

C) Хандық дәуіріндегі әдебиет.

D) Ислам дәуіріндегі әдебиет.+

E) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.

21. Ахмет Яссауидің өмір сүрген кезеңін табыңыз.

A) XІІ ғ.

B) ІX ғ.

C) VІІІ ғ.

D) XІІІ ғ.

E) XІ ғ. +

22. ’’Арғымаққа оқ тиді,

Қыл майқанның ...,

Аймадетке оқ тиді,

Отыз екі омыртқаның буынынан’’,- өлеңінің тармақтағы жалғасын табыңыз.

A) Түбінен.+

B) Артынан.

C) Алдынан.

D) Тұсынан.

E) Жанынан.

23. Бұқардың өлеңін табыңыз.

A) “Еділ”

B) “Шағырмақ бұлт жай тастар”

C) “Ұлы арман”

D) “Күмбір, күмбір кісінетіп”

E) “Жал-құйрығы қаба деп”+

24. “Манас” дастанына тұңғыш ғылыми баға беріп, әлемге мәлім еткен ғалымды табыңыз.

A) Г.Н. Потанин.

B) Ы. Алтынсарин.

C) Ш. Уәлиханов.+

D) Н.И. Ильминский.

E) В.В. Радлов.

25. Т.Айбергеновтің «Ана» өлеңі неше бөлімнен тұратынын табыңыз.

A) Бөлімге бөлінбеген.

B) Төрт.

C) Бір.

D) Екі.+

E) Үш.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]