
Қазақ әдебиеті
1. ’’Алтын сақа’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз. -Осындай бәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жатқандықтан, енді құлауға таяу тұр. A) Қарлығаш. B) Жалмауыз. C) Бай. D) Бай баласы. E) Төбет. |
2. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан Құсқа салған аңшымын. Сізде қыз бар, бізде ұл бар, Қызыңа келген жаушымын... -деген жолдар қашан айтылатынын белгілеңіз. A) Шешендік сын. B) Той бастар. C) Шешендік нақыл. D) Көңіл аулау. E) Қыз айттыру. |
3. Қобыланды батырдың сүйген жарын белгілеңіз. A) Қарлыға B) Назым C) Құртқа D) Айман E) Баян |
4. Әйтеке бидің шын есімін табыңыз. A) Сарыбас. B) Айтық. C) Дүйсенбай. D) Сейітқұл. E) Ақпан. |
5. Жәңгір хан старшындыққа тағайындаған адамды табыңыз. A) Баймағамбет. B) Шернияз. C) Махамбет. D) Исатай. E) Бекмағамбет. |
6. А.Құнанбаевтың «Аттың сыны» өлеңінен байқалатын ерекшелікті табыңыз. A) Шыншыл, реалистігі сезіледі. B) Қазақ тіршілігін терең білетіні көрінеді. C) Шебер ақындығы байқалады. D) Шебер ақындығының үстіне, білгір саятшы, сыншылығы көзге түседі. E) Суретшілігі анық көрінеді. |
7. «Құлагер» поэмасындағы Батыраштың жүйрігін анықтаңыз. A) Құлагер. B) Көктұйғын. C) Ақбақай. D) Сүрсеркесі. E) Көктопай. |
8. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз. A) Татар, қырғыз, өзбек. B) Орыс, қарашай. C) Ұйғыр, тәжік, чуваш. D) Түрік, құмық. E) Қарақалпақ, араб. |
9. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз. A) Жаулардан қашып келеді. B) Түрмеден қашып келеді. C) Адасып келеді. D) Туған жеріне келеді. E) Мал ұрлау үшін келеді. |
10. ’’Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердің күні болғанда, Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!’’- қай шығармадан алынғанын анықтаңыз. A) ’’Қоғалы көлдер, қом сулар’’. B) ’’Жауынды күні көп жүрме’’. C) ’’Ор, ор қоян, ор қоян’’. D) ’’Шығармақ бұлт жай тастар’’. E) ’’Жел, жел есер, жел есер’’. |
11. Дулат ақынның шығармасын табыңыз. A) “Балаларыма өсиет” B) “Ақжайлау мен Сандықтас” C) “Аспандағы боз торғай” D) “Ағынды сулар, аймақ көл” E) “Арқаның құба жонында” |
12. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз. A) Оқу-білімге үндеу. B) Кедейлерді күреске шақыру. C) Дінді сынау. D) Қазақ даласына келген сауданы айыптау, елдің ақшаға құнығуын сынау. E) Орысша оқуға шақыру. |
13. ’’Современник’’ журналы (1864 №6 саны) Шоқан Уәлиханов жайында: ’’... бұратана халықтардың арасында бұрын-соңды ондай адам болған емес’’,- деуінің себебін анықтаңыз. A) Күш-жігерін мойындағаны. B) Тұлғасы ұнады. C) Өткізген кеші ұнады. D) Айтыс-тартыста ұнады. E) Оқыған дәрісі (лекция) ұнады. |
14. Ы.Алтынсариннің қыздар мектебін қай жерде ұйымдастырғанын белгілеңіз. A) Орынборда. B) Ырғызда. C) Орскіде. D) Торғайда. E) Ақтөбеде. |
15. 1918 жылы С.Торайғыровтың сюжетсіз жазылған поэмасын табыңыз. A) ’’Кедей’’. B) ’’Таныстыру’’. C) ’’Қамар сұлу’’. D) ’’Кім жазықты?’’. E) ’’Адасқан өмір’’. |
16. … Абылай батырларын алды жиып, Үлеске олжаларын салды жиып. Сол жерде бір сұлуға талас болды: Бере алмай біреуіне бірі қиып, - деген үзінді «Көкшетау» поэмасының қай бөлімінен алынғанын табыңыз. A) “Оқжетпес”. B) “Қарақұс пен кептер”. C) “Адақ”. D) “Бала кептер”. E) “Жеке батыр”. |
17. Амантай қандай кейіпкер (“Ботагөз” романындағы) екенін көрсетіңіз. A) Өнер адамы. B) Оқыған адам. C) Айлақор, қу. D) Батыл, ержүрек. E) Ожар, дөрекі. |
18. Қайроштың балалар үйінде үйреніп шыққан мамандығын табыңыз. (Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты»). A) Парашютшы. B) Шаштараз. C) Атқыш- мерген. D) Механизатор. E) Мектеп мұғалімі. |
19. ²Қас батырдан қорқақ туады, Қас шеберден шорқақ туады, Қас жорғадан жортақ туады²,- деген үзіндідегі бағалай сөйлеудің жасалу жолын көрсетіңіз. A) Келемеж, келеке түрінде көрініс берген. B) Екі нәрсені салыстыру жолымен жасалған. C) Сауал қою арқылы пайымдалған. D) Сөзді ауыс мағынада қолдану арқылы өрнектелген. E) Тура мағыналы сөздерден туындаған. |
20. ’’Диуани лұғат ат-түрік’’ еңбегі қай халықтың мұрасына жататынын анықтаңыз. A) Түркі халықтарына ортақ мұра. B) Қарақалпақ халықтың мұрасы. C) Қазақ халықтың мұрасы. D) Қырғыз халқының мұрасы. E) Өзбек халқының мұрасы. |
21. ’’Мұхаббат-наме’’ дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықтаңыз. A) Ислам дәуіріндегі әдебиет. B) Кеңес дәуіріндегі әдебиет. C) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. D) Оғыз дәуіріндегі әдебиет. E) Түркі қағанаты дәуіріне. |
22. Қазтуғанның өлеңін табыңыз. A) «Салп-салпыншақ үш өзен». B) «Айналайын Ақ Жайық». C) «Жауынды күні көп жүрме». D) «Ағайының көп болса». E) «Бұл заманда не ғаріп?». |
23. Өкпеңменен қабынба, Өтіңменен жарылма! Орыспенен соғысып, Жұртыңа жаулық сағынба, - деп, Бұқар жырау қай ханға айтқандығын көрсетіңіз. A) Хақназар. B) Есім хан. C) Тәуке хан. D) Қасым. E) Абылай хан. |
24. ²Бұл жігіттің жасы отыз шамасында... Суық қарайтын қисық, кішілеу өткір көзінде және қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішімі құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұр². Әуезовтің қай кейіпкері туралы сөз болып тұрғанын белгілеңіз. A) Жақып болыс. B) Оспан C) Бақтығұл. D) Ақан болыс. E) Сәлмен. |
25. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы кейіпкерді табыңыз. A) Федоров. B) Еламан. C) Елеусіз. D) Мұрат. E) Уәли
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |