Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2001.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
784.38 Кб
Скачать

60

Байқау сынағы 2001 - нұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК

СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ

2001 - НҰСҚА

2008

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. “Терең”сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Терең білім.+

B) Терең су.

C) Терең өзен.

D) Терең көл.

E) Терең құдық.

2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, е, э, ы, і, ...

A) Ө.

B) Ү.

C) О.

D) У.

E) И.+

3. Соңы үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

A) Міндет.

B) Қозы.

C) Ағаң.+

D) Көрпеш.

E) Кенесары.

4. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.

A) Күрделі сөз.

B) Қосарлама сөз.

C) Біріккен сөз.

D) Туынды сөз.

E) Түбір сөз.+

5. Күрделі зат есімді табыңыз.

A) Жұмысшы.

B) Оқулық.

C) Асхана.

D) Өнеркәсіп.+

E) Басшы.

6. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.

Қапты 2 ден көтеріңдер.

A) Үтір.

B) Дефис.+

C) Қос нүкте.

D) Нүкте.

E) Тире.

7. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздер орнына жұмсалатын сөз табын көрсетіңіз.

A) Етістік.

B) Сын есім.

C) Зат есім.

D) Есімдік.+

E) Сан есім.

8. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.

A) Барған.

B) Барды.

C) Бар.+

D) Бармақ.

E) Барар.

9. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.

Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.

A) 3.

B) 2.+

C) 4.

D) 1.

E) 5.

10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.

A) Терезе.+

B) Өлең.

C) Табыс.

D) Отау.

E) Орыс.

11. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.

A) Жүз сом.+

B) Салт-сана.

C) Қара торы.

D) Қол орақ.

E) Тоғай іші.

12. Салыстырмалы шырайды табыңыз.

A) Сарғылт.+

B) Аса көп.

C) Сап-сары.

D) Өте сары.

E) Сары.

13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Тез келді.

B) Амалсыздан көнді.+

C) Дереу жетті.

D) Етпетінен жығылды.

E) Жорта сөйледі.

14. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

A) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.

B) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.

C) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.+

D) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.

E) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.

15. Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.

A) Мәдимен кездесу.

B) Мейірімді бала.

C) Ақсақ құлан.

D) Үздік оқу.+

E) Жолдассыз адам.

16. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Тек жүрсең, тоқ жүресің.

B) Өтірікші өзін алдайды.+

C) Оқусыз білім жоқ.

D) Әдеттің жөні-әдет.

E) Қар жауды.

17. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.

Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.

A) Бірыңғай мүшеге.

B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.+

C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.

D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.

E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.

18. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.

A) Көңіл-күй.

B) Өкіну.

C) Ой тәртібі.+

D) Сендіру.

E) Мақұлдау.

19. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.

²Абай² операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.

A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.

B) Қосарлы айқындауыш.

C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.

D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.

E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.+

20. Грамматикалық тұлғаларында өзгерісі бар диалект сөзді табыңыз.

A) Маңдай.

B) Аласа.

C) Көз.

D) Пысқан.+

E) Қырағы.

21. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.

A) Қырықаяқ.

B) Саңырауқұлақ.

C) Ақкенже.

D) Түрегел.+

E) Ілімхан.

22. Еркін сөз тіркесін табыңыз.

A) Қоян жүрек.

B) Су жүрек.

C) Қалта сағат.+

D) Жүгіріп бара жатыр.

E) Төбе шашы тік тұру.

23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Ердостың атқа мінгісі келді.+

B) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.

C) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.

D) Қызықты кітап.

E) Мөлдір бұлақ.

24. Төлеу сөзді көрсетіңіз.

A) – Айналайын, келінжан, өркенің өссін!

B) Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.

C) Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.

D) Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ.

E) Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, демалатынын айтты+

25. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.

A) Ә.Кекілбаев.

B) М.Жұмабаев.

C) А.Байтұрсынов.

D) Б.Адамбаев.+

E) С.Сейфуллин.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Қазақстан тарихы

1. Андронов мәдениетінің 30-дан аса тұрағы мен 150-ден астам қорымының табылған аймағы.

A) Солтүстік Қазақстан.

B) Орталық Азия.

C) Орталық Қазақстан.+

D) Батыс Қазақстан.

E) Оңтүстік Қазақстан.

2. 751 ж. Атлах қаласының жанында арасында үлкен шайқас болды

A) Соғдылықтар мен қытайлар арасында.

B) Арабтар мен қытайлар арасында.+

C) Түркештер мен қытайлар арасында.

D) Соғдылықтар мен арабтар арасында.

E) Арабтар мен түркештер арасында.

3. Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады:

A) Отқа табынуға байланысты

B) Арабтардың келуімен+

C) Оғыздардың келуімен

D) Қытай әскерлерінің келуімен

E) Қарлұқтардың келуімен

4. XVІІІ ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет:

A) Жоңғар.+

B) Ауғанстан.

C) Ресей.

D) Ирак.

E) Иран.

5. XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:

A) Тәуке хан

B) Сәмеке хан

C) Батыр сұлтан

D) Әбілқайыр хан+

E) Абылай хан

6. С.Датұлы басќарған көтерілістің негізгі ќозғаушы күші кімдер:

A) аќсүйектер

B) ќожа, молдалар

C) старшындар

D) батырлар

E) ќарапайым көшпенділер +

7. «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады:

A) Крыжановский

B) Рукин

C) Колпаковский+

D) Перовский

E) Веревкин

8. 1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы

A) Қоқан хандығы

B) Самарқан

C) Хиуа хандығы

D) Бұқар хандығы +

E) Ташкент

9. 1958 жылдың жазында әлеуметтік саясатқа қарсы ашық наразылық көрсеткен облыс:

A) Ақмола.

B) Алматы.

C) Қызылорда.

D) Қарағанды. +

E) Қостанай.

10. Ерте темір дәуірі кезеңі аралығы

A) б.з.б. 8-3 ғасырлар+

B) б.з.б.13-11 ғасырлар

C) б.з,б.19-15 ғасырлар

D) б.з.б.11-9 ғасырлар

E) б.з.б.15-13 ғасырлар

11. Ноғай Ордасының ыдырай бастау уақыты:

A) XVI ғ. басында.+

B) XVII ғ. соңында.

C) XV ғ. басында.

D) XIV ғ. басында.

E) XIII ғ. басында.

12. Жәңгірдің билік құрған жылдары:

A) 1520-1638

B) 1628-1652+

C) 1628-1660

D) 1660-1710

E) 1710-1755

13. Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде құнды ой-пікірлер қалдырған ғалым -– саяхатшы.

A) Е.Бутаков.

B) А.Левшин.

C) Г.Потанин.

D) П.Семенов –Тян-Шанский.

E) Ш.Уәлиханов. +

14. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда ашылған әскери училищелерде даярланған мамандар

A) Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер+

B) діни қызметкерлер

C) Офицерлер

D) Мұғалімдер

E) Аудармашылар

15. 1915 жылы Автрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер

A) Орынбор-Ташкент темір жолы

B) Ақмола облысының өндіріс орындары

C) Успен кеніші

D) Риддер кен байыту орны+

E) Спасск мыс қорыту зауыты

16. 1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа алынатын адамдардың жасы:

A) 18-33.

B) 19-43.+

C) 20-40.

D) 21-43.

E) 18-40.

17. 1930-1932 жылдардағы аштық кезеңінде республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен қазақтар саны:

A) 800 мыңнан астам.

B) 900 мыңға жуық.

C) 1 млн.

D) 950 мыңға жуық.

E) 1 млн-нан астам. +

18. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл:

A) 1979 ж

B) 1977 ж

C) 1980 ж

D) 1978 ж+

E) 1960 ж

19. 1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы:

A) «Өлі жандар»

B) «Не істеу керек?»

C) «Біз Ресейді қалай көркейтеміз»+

D) «Ресей-халықтар түрмесі»

E) «КСРО: Ақиқат пен аңыз»

20. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:

A) б.з.б. VІІ ғасыр

B) б.з.б. VІ ғасыр

C) б.з.б. ІV ғасырдың соңы

D) б.з.б. IІІ ғ.басы

E) б.з.б. ІІ ғ.ортасы +

21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы

A) Сына-Цянь

B) В.В.Бартольд

C) Рузбихан+

D) Рубрук

E) Б.Е.Көмеков

22. Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл:

A) 1400 ж

B) 1397 ж+

C) 1398 ж

D) 1399 ж

E) 1396 ж

23. 1728 ж. қазақ жүздері өкілдерінің жоңғарларға қарсы күресу үшін бас қосқан жері

A) Балқаш маңында

B) Күңгіт маңында

C) Қарқорым

D) Қарақұм

E) Орда басы+

24. 1920-1921 жылдары қазақ өлкесіндегі еңбек армиясының қатарында болған адамдардың саны:

A) 3 мыңға жуық.

B) 4 мың.

C) 7 мың.

D) 2 мың.

E) 6 мыңға жуық.+

25. Генерал-майор И.В Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты:

A) Брест қамалы үшін шайқаста.

B) Сталинград үшін шайқаста.

C) Ленинград үшін шайқаста.

D) Курск үшін шайқаста.

E) Мәскеу үшін шайқаста.+

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]