Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенжмн Менеджмент МУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
96.9 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» Жоғары мектебі

«Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы

Ж.Б. Кенжин

«5В050600 –Экономика», «5В050900-Қаржы», «5В050800-Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне

«МЕНЕДЖМЕНТ»

пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқау

Астана 2012

Әдістемелік нұсқау «Менедмент» пәнінің бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғары кәсіптік білім берудің Жалпығы міндетті білім беру стандартының дипломдандырылған мамандарды (бакалавр) дайындау деңгейіне және міндетті минимум мазмұны талаптарына (компонент міндетті, базалық пәндер циклы компонент) сәйкес ҚР Ғылым және білім министрлігінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесінің «6» маусым 2006 ж. шешімімен бекітілген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша оқу–әдістемелік секциясы ұсынған («25» мамыр 2006 ж. № 4 хаттама ) «Менеджмент» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған.

Әдістемелік нұсқау «5В050600 –Экономика», «5В050900-Қаржы», «5В050800-Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне «Менеджмент» пәнінен практикалық сабақтар мен өзіндік жұмыс тапсырмаларына дайындалуына әдістемелік ұсыныстар беру мақсатында дайындалған.

Сын пікір берушілер:

д.э.н. профессор Раимбеков Ж.С

к.э.н. Сейдуалин Д.А

.

Кафедра отырысында талқыланып, құпталды,

__ ____________ 2012 ж., № __ хаттама

кафедра меңгерушісі ____________Омашева А.Б.

«ЭБжӘҒ» Жоғары мектебінің

Оқу-әдістемелік Кеңесімен

бекітілді,

__ __________ 2012 ж., № __ хаттама

ОӘБ төрағасы ____________Сабыров А.С.

Мазмұны

  1. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

  1. Пәннің құрылымы мен тақырыптары

  1. Пән бойынша дәрістер кешені

  1. Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар

  1. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар

  1. Студенттердің ғылыми баяндамаларының үлгілік тақырыптары

  1. Пән бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

Бұл пән басқарудың мазмұнын жан-жақты ашады, басқару туралы білімдер кешенін құрайды, әртүрлі басқару қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау және оларды жобалауда нақтылы дағдыларды тудырады.

Курстың мақсаты:

«Менеджмент» пәнінің мақсаты курстың теориялық-эдістемелік түрғысынан, басқару теориясы мен тәжірибесінің қолданылуы мен дамуын нарықтық қатынастар жағдайларыңда игеру болып табылады.

Менеджмент пәнінің зерттеу объектісі – бұл ұйым қызметін басқару қағидалары, тәсілдері, механизмдері және олардың жиынтықтары.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаттары:

- студенттер үшін менеджмент туралы теориялық білімдер кешенін құру;

- менеджментті сипаттайтын түсініктер мағанасын ұғындыру;

- дүниежүзілік тәжірибені тиімді пайдалану кезінде басқару қызметіндегі нақты дағдыларды жасау.

Курстың міндеті:

- тесттерді, тренингтерді, жаттығуларды, практикалық тапсырмаларды, іскерлік ойындарды және т.б. орындау арқылы студенттердің кәсіби білімдерін жетілдіру;

- басшының тәжірибелік жұмыс дағдыларын игеру;

- шығармашылық белсенділіктерді арттыру;

- іскерлік қасиеттерді дамыту.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- басқару еңбегінің мәні;

- басқарудың әдістері, қағидалары, қызметтері,

- басқару стильдері және кәсіпорын қызметінің жеке сфераларындағы басқару ерекшеліктері жөнінде түсініктері болуы;

- басқарушылық процестердің, негізгі ұйымдық құрылымдардың, менеджердің атқаратын міндеттері мен жұмыс стилінің табиғатын;

- менеджердің жауапкершілігі туралы, басқару деңгейлері бойынша жауапкершіліктердің бөліну;

- ұйым ресурстарын тиімді басқара;

- ұйым қызметін жоспарлау және болжау әдістері мен нысандарын білуі;

- ұйым ресурстарын, яғни еңбек, қаражат, материалдық және т.б. тиімді басқару үшін олардың ұйым балансында қанша көлемде бар екендігін және оларға деген қажеттіліктің қанша екендігін бағалап, оны талдауға;

- ұйым қызметіне қойылған талаптарға және болашақта мүмкін болатын өзгерістерге сүйене отырып дұрыс қорытынды жасап, бірнеше баламалар ішінен тиімді шешім қабылдауға;

- ұйымда қарастырылатын жобаларды және оларды қаржыландырудағы инвестиция көздерін таңдауды экономикалық тұрғыдан қарастыруға икемді болуы;

- басқару шешімдерін әзірлеу, талдау және шешу бойынша;

- персоналды және толығымен ұйымды тиімді басқару бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.

2. Пәннің құрылымы мен тақырыптары

«Менеджмент» пәні микродеңгейде басқарудың методологиялық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық аспектілерін логикалық тізбекте қарастырады.

Басқару процесінде қатысатын негізгі элементтер болып коммуникация, басқару шешімдері, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау функциялары болып табылады.

І-бөлім. Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері. Осы бөлімде төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

  • Басқару ғылымының пәні мен әдісі

  • Менеджменттің мәні мен қағидалары

  • Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

  • Менеджмент эвалюциясы

  • Қазіргі менеджмент тұжырымдамалары

  • Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері

ІІ-бөлім Басқаруды ұйымдастыру. Бұл бөлім мынадай тақырыптарды қамтиды:

  • Ұйым туралы түсінік және оның түрлері

  • Ұйым мақсаттары және олардың классификациясы

  • Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

  • Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы

  • Басқарудың ұйымдастыру-құқықтық нысандары

  • Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіліктер

ІІІ-бөлім Менеджменттегі интеграциялық процестер

  • Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету

  • Менеджменттегі коммуникация

  • Менеджменттегі басқару шешімдері

IV –бөлім Нарықтық экономикадағы басқару әдістерінің жүйесі

  • Экономикалық басқару әдістері

  • Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері

  • Басқарудың ұйымдастыру –өкімдік әдістері

  • Нарықтық экономикадағы басқарудың қазіргі кездегі тәсілдері

V –бөлім Менеджмент функциялары

  • Менеджменттегі жоспарлау

  • Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде

  • Менеджменттегі мотивация

  • Менеджмент жүйесіндегі бақылау

VI –бөлім Топтық динамика және басқару персоналы

  • Адам қызметін басқару және топты басқару

  • Басшылық: билік, ықпал ету және әріптестік

  • Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі

  • Қайшылықтарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару

  • Фирманың кадрлық саясаты

VII –бөлім Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті

  • Басқару қызметінің мәдениеті

  • Басқарудың корпоративтік мәдениеті

  • Менеджердің іскерлік этикеті