Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конкуренция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
115.71 Кб
Скачать

Бәсеке туралы түсінік

1 - тапсырма. Мағыналық жағынан сәйкес келетін сөздерді тіркестіріп, сөйлем құраңыз.

Бәсекелес Баға

Ақшалай кәсіпорын Бағам орнықтыру

Тауарды Кіріс

Өнімнің Табыс

Шығыс Шикізат

Шығын тап Өнім өндіру

Олжа Тауар

Пайда Көлік

2- тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, бәсекенің анықтамасын беріңіз.

А) Тауар өндірушілер, өткізушілер, арасындағы, пайда табу, мақсаты, сайыс.

Ә) Өнім мөлшері, молайту, сапасы, жоғарылату, тауар, құны, төмендеу, әсер ету.

Б) Бәсеке, негізгі, мақсат, өз, өнімдер, молайту, арқылы, баю, капитал, жинау.

В) Бәсеке, негізгі , мақсаты, өз бәсекелестері, басым, тұру.

Г) Басым, тұру, мақсаты, жету, жолы, әділ, әділетсіз, бәсеке, болу, мүмкін.

3- тапсырма.Сөйлемдердің мағынасын басқаша беріңіз.

А) Нарық кезінде қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп

отырады.

Ә) Бәсекенің мақсаты бағаны орнықтыру болып табылады.

Б) Бәсекенің мақсаты өнімнің сапасын жақсарту болып табылады.

В) Қазақстанда Отандық өндірістің дамуына назар аударылуда.

4- тапсырма.Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңыз.

Бағаны орнықтыру дамыған елдерде кең өріс алып отыр.

Бәсекеде тауардың бір қолға шоғырлануы болмау керек.

Нарықтық экономикада монополияны тежейтін мемлекеттік органдар құрылады

Бәсекелестікте көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, зиянкестік жасау әрекеттері де кездесіп отырады.

5- тапсырма. Жай сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлес жасаңыз.

Бәсекенің мақсаты – сапалы тауар өндіру.

Бағаны орнықтыру да бәсекенің негізгі ерекшелігі.

Бәсеке өнімнің мөлшерін көбейтуге әсер етеді.

Бәсеке тауардың сапасын жақсартуға да әсерін тигізеді

6 - тапсырма. Жай сөйлемнен салалас құрмалас сөйлес жасаңыз.

Отандық өндірістің сапалы шығарылуына мән берген жөн.

Қазақстандық тауарлардың экспортқа шығарылуы үшін жұмыс істеу керек.

Біздің өнімдеріміз де әлемге танылуы керек.

Озық технологияны өндіріске енгізген дұрыс.

Еңбекті ұйымдастыру дәрежесін жоғарылатып отырған дұрыс.

Отандық өнімнің сапасын жақсарту.

Шетелдік тауарлармен бәсекеге түсетіндей бола алуы.

Сонымен жаңа тақырыпты қорытындылайық.

  1. Бәсеке қандай сайыс?

  2. Бәсекенің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Бәсекенің негізгі мақсаты қандай?

  4. Нарық жағдайындағы бәсекенің мәні...

  5. Бәсекенің бәсеке неге әсер етеді?

  6. Бәсекеде қандай келеңсіздіктер тууы мүмкін?

Бәсеке

Бәсеке - латын сөзі қақтығысу. Ол тауар өндірушілер мен оны өткізушілер арасындағы көбірек пайда табу жолындағы сайыс. Бәсеке өнімнің мөлшерін молайтуға, оның сапасын жоғарылатуға, тауар құнының төмендеуіне әсер етеді. Бәсекенің негізгі мақсаты - өз өнімдерін молайту арқылы қор жинау, баю, өз бәсекелестерінен басым тұру. Осы мақсатқа жетуде әділетті, әділетсіз бәсекелер болуы мүмкін. Мысалы, шикізат пен көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, бүлдіру, зиянкестік жасау сияқты келеңсіз оқиғалар да болуы мүмкін. Бәсекенің бұл түрі тауарды бір жерге шоғырландырып, монополиялық пайда табу мақсатында жиі кездеседі. Сондықтан мұндай жағдайлар болмауы үшін монополияны тежейтін мемлекеттік органдар арнайы шаралар қарастыруы керек. Олар тиімді бәсекелестікті өрістетуге қолайлы жағдай жасайды. Қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп отырады.Бәсекенің бірнеше түрі бар. Оның ең бастысы бағаны орнықтырып, өнімнің сапасын жақсартуға бағытталады. Бұл нышан нарықтық экономикасына көшкен елдерде кең өріс алып отыр. Қазақстанда да отандық өндірістің дамуы осы факторларға байланысты. Оны жүзеге асыру үшін шетелдік озық технологияны өндіріске енгізіп, еңбекті ұйымдастыру дәрежесін жоғарылату керек. Отандық тауар өнімдерінің сапасын шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары қолға алынуда.

Мына сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып мағынасын ашыңыз.

Қақтығысу – Келеңсіз оқиғалар -

Басым тұру – Шоғырландыру -

Тыс қалдыру – Тежеу –

Кең өріс алу - Қолға алыну