
- •Тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз.
- •Тапсырма. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып,ақшаның қызметін анықтаңыз.
- •Тапсырма. Төмендегі сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
- •Тапсырма. Сөздік қатарлардан синонимдерді табыңыз.
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастар
- •Тапсырма. Нүктенің орнына қажетті етістіктерді жазыңыз.
- •Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі
- •Қазақстан – Азия барысы
- •Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан
- •Бәсеке туралы түсінік
Қазақстан – Азия барысы
2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады. Өзге дамушы елдер үшін үлгі болады. Қазақстан өзінің еркіндігіне, тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда барын салып қорғайды. Қазақстан күшті мемлекет болмаса, қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Кез-келген ортада өзінің бәсекеге қабілеттілігін, өз алдына дербес мемлекет бола алатынын көрсетеді. 2030 жылғы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз тұрғызамыз. Оны біз өз қалауымызбен, ерік-жігерімізбен тұрғызамыз. Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет құра алмаймыз. Осындай болашақтың іргесін қалау үшін, алған бағытымыздан ауытқымау үшін өзіміздің не қалайтынымызды білуіміз керек. Біздің еліміздің мұраты – тұрақты ұлттық біртұтастық, күллі халқының экономикалық әл-ауқаты дамыған, тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан орнату.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан
Сөздік
айналады – превратиться
еркіндік – свобода
ұрпақ – поколение, потомство
қатер төнген жағдайда – если угрожает опасность
барын салып қорғайды – всей силой защищает
дербес – отдельный, самостоятельный
тұрғызамыз – строим
ерік-жігер – упорство, настойчивость
қуатты – сильный, энергичный
болашақтың іргесі – фундамент будущего
ауытқымау үшін – чтобы не колебаться
тұрақты ұлттық біртұтастық – устойчивое национальное единство
қалау үшін – чтобы класть
не қалайтынымызды - что мы желаем
1-тапсырма. Сөйлемдерге мағыналық жағынан сәйкес келетін сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.
Басқа өркендейтін мемлекеттерге мысал болады.
Ол қуатты мемлекет болмаса, қатал бәсекелестікке жауап бере алмайды.
Әр кезде өзінің жеке, дара мемлекет болатынына сене алады.
Ондай мемлекетті біз шын ниетімізбен орнатамыз.
Халықтың жағдайы жақсарған, ауқатты, тату ел тұрғызамыз.
2-тапсырма. Сөйлемдегі сөздердің орнын басқа сөздермен толықтырыңыз.
Қазақстан өзінің (....., ......, ......) қатер төнген жағдайда барын салып қорғайды.
Кез-келген ортада өзінің (....... , ..........) көрсетеді. Оны біз (........, ...............)тұрғызамыз.
Осындай болашақтың (............, ..........) өзіміздің не қалайтынымызды білуіміз керек.
Біздің еліміздің мұраты – (......., ............., ................) Қазақстан орнату.
Қажетті сөздер: еркіндігіне, экономикалық әл-ауқаты дамыған, тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты, бәсекеге қабілеттілігін, өз қалауымызбен, өз алдына дербес мемлекет бола алатынын, тұрағына, іргесін қалау үшін, ерік-жігерімізбен, ұрпағына, алған бағытымыздан ауытқымау үшін.
3-тапсырма. Нүктенің орнына тиісті жалғауларды жазыңыз.
Қазақстан өзінің бәсекеге қабілеттілігі... көрсете алады. а) - ын
Ұрпағына қатер төнгенде бар.... салып қорғайды . ә) - ін
Тәуелсіз ел орнатуда күш.... аямайды. б) –н
Халықтың әл-ауқатын жақсарту... тырысамыз. а) - қа
Мемлекет... адал қызмет етеміз. ә) -ға
Халық... әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. б) -ке