Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конкуренция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
115.71 Кб
Скачать
  1. Тапсырма. Сөздік қатарлардан синонимдерді табыңыз.

    1. енгізу, кіргізу

    2. тұңғыш, бірінші

    3. ақша, валюта

    4. әзірлеп берді, дайындап берді

    5. айналыс, қаржы

    6. ұлттық , Қазақстандық

    7. республикалық , қалалық

    8. төлем, теңге

    9. қағаз, акция

Мәтінді оқып көріңіз. Ақшаның тарихы туралы тағы не білесіз? Сіз де іздеп көріңіз.

Ақша тарихы

Ақша дегеніміз – адам баласының сауданы жеңілдету мен басқа да экономикалық мәселелерді шешу үшін пайдаланылатын ерекше бір заттардың жалпы атауы.

Ақша дүниеге келтірілген сауда және техникалық құрал ретінде тауар айырбасын жеңілдетті. Екі адамның қолында бір-біріне қажетті заты болса, ғана ақшасыз тікелей айырбас жасау жеңілдеу болады.Ақша саудаға қатысушылардың арасындағы алмастыруды жеңілдетеді, сондықтан да ақшаның бірінші рөлі – ол рыноктағы ақша айналымын қамтамасыз етуші құрал болуы.

Міне, сол себепті осы ғасырдың ортасына дейін алдыңғы қатарлы елдердің ақша жүйесінде алтын мен күміс негізгі ақша тауары болып келді. Бұл қымбат металдар жер шарында көптеген елдерде ең түсінікті ақша тілі болып қабылданды. Әрине, бұл ішкі және сыртқы сауданы бірқатар жеңілдетті.

Біз ақша операциясын жасау үшін ақшаны белгілі түрін пайдаланамыз. Ол: металл, тиындар немесе қағаз банкноттар болуы мүмкін.

Қағаз ақшалар ақша айналымға ертедегі Қытайда 9 ғасырда жіберілген болатын. Басқа елдерде «нағыз ақшаның» орнына жүретін ақшалар кеңінен қолданылған. Мұндай ақшалардың құны патшалардың мөрі мен банкирлердің, саудагерлердің қолымен, жеке мөрімен куәландырылған. Мысалы, Ресейде мұндай ақшаның рөлін штемпель басылған былғары атқарса, Қытайда 13 ғасырда император Хубилай ақшаны тұт ағашының қабығынан «ойып жасауды» бұйырады. Мұндай ақшаны өзінің императорлық мөрмен куәландырылды. Батыс мәдениетінде қағаз ақшаны шығару алғаш рет 16 ғасырда Солтүстік Американың Массачусетс штатына тиесілі.

Еуропада американың тәжірибесін пайдаланып, 1716 -1720 жылдары Францияда атақты экономист және банкир Джонло банк ісінде банкноттар шығара бастады. Алғашқыда қазір банк билеттері деп аталып жүрген банкноттар кеңінен тарады. Мұндай банк билеттеріне банкирдің қолы қойылып берілді. Бұл оның билет берген адамға онда көрсетілген соманы кез-келген уақытта төлеуге міндеттілігін көрсететін еді.

Ой бөлісейік!

  • Қоғамның басты байлығы кімдер деп ойлайсыз?

  • Дарынды жастар деп кімдерді айтамыз?

  • Сіздердің араларыңызда дарынды жастар бар ма?

  • Дарынды адамдар қандай болады?

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Мазмұнына мән беріңіз.

Қоғамның басты байлығы – дарынды жастар

Дарынды адам дегеніміз - қабілеті ерекше дамыған адам. Дарынды жастар - белгілі бір ғылым,өнер, спорт т.б. салаларда ерекше жетістікке жеткендер. Ақыл-ойы ерекше дамыған адам қай салада еңбек етсе де, сапалы нәтижеге жетеді. Дарынды жастар үнемі ізденісте болады. Олар көп оқиды, еңбектенеді. Адамда табиғатпен берілетін дарындылық болады. Ол - табиғаттың сыйы. Дарынды жастар алғыр, зерек, жинақы келеді. Олар күрделі іс-әрекеттерді шығармашылықпен, зейін қоя атқарады. Білімді игеруге, кез-келген жұмысты сапалы атқаруға және ұйымдастыруға бейімді болады.

Қазақстанда дарынды жастар өте көп. Математика, физика, химия, техника музыка салаларын жетік меңгерген дарынды жастар көп кездеседі. Халықаралық олимпиадаларда, конференцияларда 1-2- орын алаған жастар бар. Олар – еліміздің мақтанышы. Міне, осындай жастар - еліміздің байлығы.

Білімді, сауатты адамдар – XXI ғасырдың қозғаушы күші. Сондықтан терең білім алуға, жан-жақты болуға тырыс. Бәсекеге қабілетті болуға дайын бол! Себебі, қазір бәсекелестік кезеңі. Тоқтап қалсаң, ізденбесең, қатардан қалып қоясың. Кім дамымаса,алға қарай жүрмесе, бәсекеге қабілетті маманға жол беруіне тура келеді. «Жастық шақ, ерлік жасар шақ, оны босқа өткізу қылмыс», - дейді Бернард Шоу. Еліміздің үміті сенсің! Елімізді дамытатын, өркендететін, гүлдендіретін тек осындай жастар!

Баспа материалдары

Мәтіннің сұрақтарына жауап беріңіз.

  1. Дарынды адам, дарынды жастар дегеніміз кімдер?

  2. Қандай адам сапалы нәтижеге жетеді?

  3. Дарынды жастар қандай іс-әрекет жасайды?

  4. Дарынды жастар қандай болады?

  5. Олар неге бейімді болады?

  6. Қазақстанда қандай салаларда дарынды жастар кездеседі?

  7. Қандай адамдар ХХІ ғасырдың қозғаушы күші?

  8. Сенің қандай маман болуың керек?

  9. Мәтіннен қанатты сөзді табыңыз...