Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

  1. Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.

  2. Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі.

  3. Киіміне қарап қарсы алады,

Біліміне қарап шығарып салады.

  1. Білген адам білімді өмір бойы іздейді,

Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл. (Ж.Баласағуни)

  1. Адамдықтың белгісі –иіліп сәлем бергені.

  2. Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

  3. Әркім сыйласқанның құлы.

Қосымша әдебиеттер:

  1. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А., 2001 ж.

  2. Н. Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. А., 2006 ж.

Сабақ №7. Лексикалық тақырып: Әскерел тірегі

Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз

Егемен ел болу ата –бабамыздың аңсаған асыл арманы болатын. Арман орындалып, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Сол күннен бастап тәуелсіздігімізді, мемлекетімізді қорғау – басты міндеттердің бірі болды.

1992 жылдың 7 мамырында Президенттің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы Жарлығы шықты. Осы Жарлыққа сай еліміздің аумағындағы барлық әскери құрылымдар Қазақстан Республикасының юрисдикциясына алынды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына: Қазақстан Республикасының Армиясы /құрлықтағы әскерлер, әуе қорғанысы әскерлері, әскери – әуе күштері мен әскери – теңіз күштерінің бөлімдері мен құрамалары, тыл басқару және азаматтық қоғаныс бөлімдері/, Қазақстан Республикасының шекара және ішкі әскерлері, Республикалық Ұлан енеді.

Еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуының мақсаты: Отан тәуелсіздігін сақтау, егемендігін нығайту, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қорғау.

(«Егемен Қазақстан»)

Тапсырма: Мәтінді оқып, аударыңыздар. Тақырып бойынша сұрақтар қойыңыздар.

Тапсырма: Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңдар.

Ата – бабамыздың арманы, еліміздің тәуелсіздігі, Отанымызды қорғау, туған жерімізді сақтау, егемендікті нығайту, жауынгерлік борыш, отансүйгіштік қасиет.

Ұлттық ұлан

1992 жылдың науырызында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Республикалық ұлан құру туралы» Жарлыққа қол қойды. «Ұлан» сөзінің ұғымы біздің тілімізге итальян тілінен еніпті. XII ғасырда мемлекеттік туды күзететін жасақ осылай аталған екен.

Қазақстан ұланы Елбасының ынта-ықылас білдіруі арқасында еліміздің егемендігін, азаматтарымыздың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін құрылды.

Республика ұланы-өз алдына жеке әскери құрылым, Қарулы Күштердің резерві. Ұлан Президентке бағынады. Оны тікелей Республикалық ұланның қолбасшысы басқарады. Ұландар өздері қорғайтын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, салтанатты жиындарға қатысады, мемлекеттік маңызы бар ғимараттарды, Елтаңбамызды, Мемлекеттік Туды күзетеді, төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарына қатысады.

(«Егемен Қазақстан»)

Тапсырма:Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Тапсырма: Сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құраңыздар.

  • Республикалық ұланның қолбасшысы...

  • Қарауылдың алмасуы...

  • Жас жігіттердің сымбаты...

  • Еліміздің рәміздері...

  • Елбасының ынта – ықылас білдіруі...

  • Азаматтардың құқығы...

  • Қарулы Күштердің резерві...

  • Құтқару жұмыстары...

Тапсырма: Жақшаны ашып, етістіктерді ауыспалы осы шаққа

қойыңыздар.

  1. Республика ұланының ерікті құрамы Қазақстанның әскери міндетті азаматтарының қатарынан (жасақталу)

  2. Көптеген жасөспірімдер Ұланның қатарында болуды (армандау)

  3. Әскер қатарына шақыру Қазақстанның барлық облыстарында жылына екі рет (өткізілу)

  4. Республика ұланында 20-дан астам ұлттың өкілдері өз борыштарын (өтеу)

  5. Ұланда қызмет етушілер қатаң талаптар бойынша (іріктелу)

  6. Республика ұланының құрамында Президент оркестрі бар. Ол камералық, үрлемелі, эстрадалық оркестрден, халықтық музыка мен би амсамбльдерінен (тұру)

  7. 1995 жылдан бастап ұландықтар «Ұлан»-«Гвардия» деп аталатын газет (шығару)

  8. Республика ұланы кез келген төтенше жағдайда да белсенді(әрекет ету)

  9. Жауынгерлер «Қазақстан-менің Отаным, ол мен үшін, мен ол үшін жауапты» деген ұранды өмірлеріне (өзек ету)

Тапсырма: Төмендегі етістіктерді қолданып, сөйлем құраңыздар.

Танысу – таныстыру

Атау – аталу

Құру – құрылу

Іріктеу – іріктелу

Өткізу – өткізілу

Шығару – шығарылу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]