
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
Жүз жылдан астам уақыт бойы жолбарыс бейнесі американдық Эксон мұнай компаниясының және оның қуаты мен халықаралық тәжиребесінің, технологиялардағы озаттығының және өндірістің жоғары деңгейіне жетуге деген құштарлығының белгісі болып келеді.
АҚШ Үкіметі мен американдық «Эксон Венчерз (ТМД) ИНК» мұнай компаниясы Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын қолдау жөніндегі бастама шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысындағы балалар мекемелері мен жүйке-неврологиялық интернат үйлеріне ізгілікті көмек жеткізіп бере бастады. Бұл жоба АҚШ Мемлекеттік департаменті атынан ҚР Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктермен ынтымақтаса отырып «Казунтерат» ізгілікті көмек бағдарламасы және «Эксон Винчерз (ТМД)Инк.»компаниясының қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылуда. Әлемдегі ең ірі байырғы мұнай компанияларының бірі ретінде, «Эксон» корпорациясы мен оның филиалдары жүзден астам елде жұмыс істейді. Көптеген жылдардан бері «Эксон» корпорациясының еншілес компаниялармен оның қызметкерлері компания жұмыс істейтін елдердің халықтары, оның ішінде Қазақстанның әлеуметтік және мәдени өміріне белсенді қатысуда.
Жалпы 227,000 АҚШ доллары болатын жаңа киімдерден, маталардан және жылытқыштардан тұратын жүктің алғашқы бөлігі Есіктегі қарттарға арналған жүйке-неврологиялық интернат үйіне, сондай-ақ Алматы қаласындағы №1 сәбилер үйіне жеткізіледі. Бұл мекемелерде ізгілікті көмекті тапсыру рәсімі өтіп, жергілікті әкімшіліктердің,«Эксон Винчерз (ТМД)Инк.» компаниясының және «Каунтрат» ізгілікті көмек бағдарламасының өкілдері қатысты.
Таяудағы бірнеше ай ішінде бағдарлама шеңберінде киім-кешек және аяқ киім тиелген тағы да екі ізгілікті жүк келеді деп күтілуде, олар Алматы және Ақмола облыстары тұрғындарының мұқтаж топтарына тапсырылатын болады
«Егемен Қазақстан»
Тапсырма: Шын немесе жалған сөйлемдерді таңдап айтыңыздар.
а) Америкалық компания экономикалық-әлеуметтік жағдайды көтерді. ә) Қазақстан Республикасының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. б) Балалар мекемелеріне ізгілікті көмек жеткізді.
а) Бұл жоба «Эксон Винчерз (ТМД)Инк.» мұнай компаниясы қаржылай қол арқылы жүзеге асырылуда. ә)Аталған компания инвестиция салуда б) Ірі компания облыс тұрғындарын қамқорлыққа алуда.
а) «Эксон» корпорациясы жүзден астам елде жұмыс істейді. ә) Осы компания барлық әлемде жұмыс істеп жатыр. б) Үлкен компания тек қана Қазақстанда жұмыс істейді.
а) Ізгілікті көмек бағдарламасының өкілдері ел өміріне белсене қатысты. ә) Ресми делегацияның өкілдері мәжіліске қатысты. б) АҚШ Үкіметінің өкілдері қатысты.
а) Бағдарлама шеңберінде киім-кешек және аяқ-киім тапсырылды. ә)Балалар үйіне сыйлық берді. б) Сәбилерге азық-түлік ұсынды.
Тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құраңыздар. Қорғалмаған топтар, жеткізілген ізгілікті көмек, ынтымақтастық қоғам, жұмыс істеген мұнай компаниясы, белсенді қатысқан өкілдер, тапсырған сыйлық, жүзеге асырылған шара.