
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Шартты бағыныңқылы сабақтас.
Шартты бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы істің жүзеге асу я аспау шартын білдіреді.
Шартты бағыныңқының баяндауыштары етістіктің шартты райынан
(са, се) жатыс септік жалғаулы есімшеден ( ған+да, ген+де), көсемшенің болымсыз түрінен (ма+й, ме+й) етістіктің болымсыз түріне айынша/йінше деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.
Сұраулары: Қайтсе? Не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше?
Тапсырма: Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын ажыратып, тиісті сұрауларын қойыңыздар.
1.Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың. 2. Құла қасқа болмағанда, тіпті жоғалтып ек. 3.Жаңадан жүздеген мәдениетті қора-жайларды, жем қорларын үдетпей тұрып, мал басын көбейтуге болмайды. 4. Әр дүкенде көпшілік бақылауын дұрыстап қоймайынша, ол былықтан арылу қиын. 5. Енді жол түссе, ол орманды толық игеруге елдің қүші жетеді. 6. Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұнын аяғы жақсылықпен тына қоюы екі талай еді. 7. Саз бен құмға кездессе, машинадан түйе жүйрік.
Тапсырма: Шартты бағыныңқылы сабақтасқа сөйлем құрастырыңыздар.
Тапсырма: Шартты бағыныңқылы сабақтасқа құралған 5 мақал-мәтел жазыңыз.
Даналық ойдан дән ізде
Сын түзелмей, мін түзілмейді. (мақал)
Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақта, бақыт та қонбайды.
Тапсырма: Жұмбақтарды шешіңіздер
Кірге суда кезігеді,
Сүйкенем деп езіледі.
Қос әйнектен қарасаң,
Көз алдыңда тұрады.
Жүректі баурар үні бай,
Баршаға ортақ тілі бай!
Қосымша әдебиет.
А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А., 2001 ж.
Н. Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті А., 2006 ж.
Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
Тапсырма: Мәтінді оқып, пікірлесіңіздер
Қазақстан Америка Құрама Штаттарына терроризмге күресте жан-жақты Қолдау көрсетуге даяр және осы мақсатқа қажетті, оның ішінде ұсыныс түскен жағдайда әскери көмек көрсетуге әзір. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев қырқүйектің 15-інде Алматыда АҚШ елшілігінде болған кезінде мәлімдеді. Елшілікті Аза кітабында Вашингтон мен Нью-Йорктегі қайғылы жағдайларға байланысты Америка халқына қөңіл білдірді.
Біздің Мемлекетіміздің басшысы ресми мәлімдеме жасап, онда терроризмнің кез келген түріне қарсы екендігін білдірді. Н. Назарбаев әлемнің барлық халықтарын адамзатқа қарсы бағытталған осындай зұлымдықпен күресте күш біріктіруге үндеді. Осыған байланысты ол АҚШ Президенті Джордж Бушқа арнайы хат жолдап, қарсы қимылдар жасау кезінде Америка үкіметі даналық танытатындығына сенім білдірген.
(«Егемен Қазақстан»)
Тапсырма:Берілген сөз тіркестерімен құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.
Терроризммен күресу; жан-жақты қолдау; әскери көмек көрсету; көңіл білдіру; күш біріктіру; қарсы қимылдар жасау; сенім білдіру; хат жолдау; ресми мәлімдеме жасау; зұлымдықпен күрес.
Тапсырма: Қазақстан пен АҚШ арасындағы қарым-қатынас туралы өз пікіріңізді жазыңыздар.
Тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелесіңіздер.