Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Сабақ №33. Бақылау жұмысы

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар.

  1. Екі неміс мемлекетінің бірігу күні – ұлттық мейрам ретінде ....

тойланды.

а) мамырдың он сегізінде

б) желтоқсанның төртінде

в) қазанның үшінде.

  1. Германияның мемлекеттік туының түсі ...

а) қара-қызыл-сары

б) ақ-көк-қызыл

в) сары-қара-ақ.

  1. Германияның Федеративтік Республикасының территориясы ....

бөлінеді.

а) 18 штатқа

б) 16 федералдық жерге

в) 21 федералдық округке

  1. ...-мемлекет басшысы болып табылады.

а) федералдық канцлер

ә) федералдық министр

в) федералдық президент

  1. Біріккенге дейін Германия Федеративтік республикасында ...

федералдық жер болды.

а. 11

ә. 15

б. 13

  1. Бундестагты - ... тарата алады.

а. Федералдық министр

ә. Федералдық канцлер

б. Федералдық президент

  1. Германия конституциясы ... деп аталады.

А. Негізгі заң

Ә. Ата заң

Б. Заңдар жинағы.

  1. Германияның заң шығарушы билігін ... жүзеге асырады.

А. Бундесрат

Ә. Бундестаг

Б. Үкімет

  1. Халықаралық қатынастарда Германия атынан келіссөздер жүргізу,

елшілерді қабылдау құқығы тек ....

А. Федералдық министрлерде

Ә.федерладық президентте

Б. Федералдық канцлерде

  1. Германияның жер көлемі жағынан ең үлкен федералдық жері ....

тойланды.

А. Тюрингия

Ә. Бавария

Б. Баден-Вюртенбарг

Тапсырма:Салалас сөйлемдердің әр түрін өз алдына топтап жазыңыздар, жалғаулық шылаулардың астын сызыңыздар.

  1. Құқық салаларының өзіндік ерекшеліктері болады, сондықтан олардың аталуы да , мазмұны да ерекше болады.

  2. Экономикалық соттарға біраз процессуалдық құқық беру керек,өйткені қазіргі жағдайда мемлекетіміздің көптеген қаржысы талан-таражға түскен.

  3. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе шешендер айтқан тақпақ, тартыс, билік, дауар айтылады.

  4. Демократиялық даму жолына түскен мемлекет халықаралық құқықтық құжаттарды мойындауға, мемлекет ішінде қолдануға міндетті, сол себепті халықаралық құқықты білу өте қажет.

  5. Біресе қар жауады,біресе жаңбыр жауады.

  6. Не өзі өртеніп өледі, не біреулер өлтіреді. (Ш.Мұртазаев)

  7. Бірде қыз ән салады, бірде жігіт күй шертеді.

  8. Әр мемлекеттің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады, әрі ол қоғам салаларындағы маңызды қатынастарды реттейді.

  9. Құқық нормаларын жасауға халық тікелей қатысады, бірақ халық заңды тек ерекше жағдайда ғана қабылдайды.

  10. Әр мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болады және ол дүниежүзілік қауымдастық шешетін мәселелерге қатысуға ат салысады.

  11. Халықаралық қауымдастық қабылдаған құқықтық құжаттар бар, алайда олар негізінен адамдардың құқықтары мен бостандықтарына арналған.

  12. Анықтау және тергеу қызметін үшін арнайы органдар құрылады да ,олар әртүрлі болады- полиция органдары,мемлекеттік қауіпсіздік органдары.

  13. Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарының қызметі де сан алуан және оларға жүктелген міндеттер ерекше заңда белгіленген.

Тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлем құрастырыңыздар.

Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем

Тапсырма: Мәтінді оқып, аударыңыздар

2001 жылы 20 маусымда Германия Бундестағы 337 дауыспен (320-сы ұарсы болған) парламент пен Үкіметті Берлинге көшіру жөнінде шешім қабылдады, ал 2004 жылы шартты түрде “Бонн-Берлин” деп аталатын заң дүниеге келді. Дегенмен сегіз министрлік пен 18 федералдық мекеме түбегейлі Боннда қалып, жаңа Астанада олардың филиалы ашылатын болды. Берлинде 12 мың пәтер салынып, Шпрее өзені бойындағы үкіметтік квартал бой көрсетіп ,ал 2006 жылға қарай Рейхстаг қайта жөнделіп, Бундестагқа айналатын болып шешілді. Осы ғасырдың ұлы көшінде немістер триллионға жуық марка жұмсамақ.

Бұл күндері Германия жалпы ішкі көлемі мен жан басына шыққандағы табыс ауқымы жөнінен АҚШ пен Жапониядан кейінгі үшінші орында тұр. Ал ішкі жалпы өнімнің 67 пайызын қызмет көрсету саласының кәсіпорындары, 33 пайызын өнеркәсіп орындары құрайды. 2006 жылы орташа отбасының таза табысы айына 904 марка болса,қазір ол 6 мың маркаға жуық ал,екі марка құны-бір АҚШ доллары. Елдегі тұрғын үйлердің 20 пайызға жуығы әлеуметтік нысандар деп танылған, яғни оларды мемлекет қаржыландырған. Еуропа бойынша ауқымы ғана емес, халық саны жөнінен де алдыңғы орында тұрған, 82 миллион тұрғыны бар Германиядағы зейнеткер орта табысты қызметкер, жұмысшы жалақысының 70 пайызына жуық зейнетақы алады екен. Содан да болар Берлиндегі мұражайларда, түрлі мәдени мейрамханаларда топ-тобымен, жұп-жұбымен қыдырып, көңілді демалып жүрген қарттардан көз сүрінеді.

Қарттар дегеннен шығады, мұнда жер ортасы жастан асса жұбын таппаған, тапса да бала сүймегендер көп. Алдымен төрт құбыласын, үй жайын түгендеуге кірісетін немістер кеш қалғанын бір-ақ сезеді екен.

«Алматы ақшамы»

Тапсырма:Мәтінді оқыңыздар, мына мәселелер бойынша пікір алмасыңыздар.

1. Қалай ойлайсыз, Германияда экологиялық мәселелер бар ма? Оларды шешу үшін неміс үкіметі қандай шараларды қолға алуда?

2. Мемлекет астанасын көшіруге байланысты шешім жүзеге қалай асырылмақ?

3. Тарихи ескерткіштерге деген немістердің көзқарастары қандай?

4. Неміс экономикасының жағдайы қандай деңгейде?

5. Зейнеткерлер өмірі туралы не айтуға болады?

6. Отбасын құру мәселесі неге байланысты туындайды екен?

Тапсырма: Сөйлемдерді аударыңыздар.

1. Поддержание общественной безопасности и порядка- центральная задача государства

2. В Германии ее выполнение возложено на органы земель и федерации

3. К полиции относятся: общеполицейская служба, уголовная полиция, воднаяполиция и военизированная полицейская служба.

4. Федеральная пограничная охрана-это служба федерации, которая подчиняется федеральному министерству внуренних дел.

5. ФРГ вступила в НАТО в 1955 году.

6. ФРГ поддерживает дипломатические отношения почти со всеми странами мира.

7. Высшей целью ФРГ в области политики безопасности является обеспечение мира, свободы и независимости страны.

8. 3 октября 1990 года были расформированы вооруженные силы бывшей ГДР.

9. Бундесвер подчиняется политическому руководству.

10. В условиях мира верховным главнокомандующим является министр обороны, а во время войны-федеральный канцлер

Сабақтас құрмалас сөйлем-жай сөйлемдердің біріне-бірі бағына тіркескен түрі. Мысалы: Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолдана алады.

Мұндағы 2 жай сөйлемнің алдыңғысын соңғысынан бөліп айтуға болмайды, өйткені алдыңғы сөйлем соңғыға бағынып тұр.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндаушысы тиянақсыз тұлғада тұрған сыңарын бағыныңқы сыңар, баяндауышы тиянақты тұлғада тұрған сыңарын басыңқы сыңар дейді. Бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңар бір-біріне үтір арқылы ажыратылды.

Тапсырма: Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыз. Олардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын ажыратып көрсетіңіз.

1. Абай үлкен үйге түсті де, шешелерімен амандасып болған соң көші-қон жайын айтты. 2. Жылдағы әдет бойынша бұл ел әуелі бауырға қарай; көктемдік қоныстарға барушы еді. 3. Ұлжан солай көшерміз деп, қыстауда қалдыратын жүктерін, қоймаларын сайламаған екен. 4. Көңіл қаншалық қиял құшып, аласұрса да, Абай амалсыз көнді. 5. Бірақ осы аз күннің ішінде Құнанбайдың жігітек жерінен Бөкеншіге қоныс әперіп отырғанын айтып, Байдалы ырық бермеді. 6. Кәмшат жайы осындай күйіп жүрген күндерге дәл келген соң, Бөжейдің рақымсыз боп жүргені рас. ( М. Әуезов)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]