Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

  1. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады. (Ғ.Мұстафин)

  2. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты. (Әл – Фараби)

  3. Тамақты асығып ішпе – түйілерсің

Сөзді асығып сөйлеме – күйінерсің.

  1. Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді

Құйма құлаққа айтсаң, құйып алады.

Қосымша әдебиеттер:

  1. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А., 2001 ж.

  2. Н. Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. А., 2006 ж.

СӨЖ: Реферат жазу.

СОӨЖ: Туынды зат есімді теріп жазу.

Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары

Тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар.

Егемендіктің маңызды белгісі – онда мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. Мемлекеттік билік үш буынға бөлінеді: заң шығаратын, атқарушы, сот. Заң шығару қызметімен Парламен шұғылданады. Парламент екі палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдарының жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар – министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар – облыстық, қалалық, аудандық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттері заңдарда және арнаулы ережелерде анықталады.

Ал сот билігін Жоғарғы Сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің буындары болып саналады. Мемлекеттік биліктің әр буыны өз қызметін дербес жүзеге асырады, атқарады және басқа буындардың қызметіне араласпауы керек. Ондай жағдай бола қалған күнде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметті орнынан түсіру мәселесін қоя алады, ал Президент Парламентті тарқата алады.

Тапсырма: Қызмет сөзінің орыс тілінде мынандай баламалары бар: деятельность, должность, работа, дело, служба, функция. Қызмет сөзінің мәтіндегі мағыналарын талдаңыздар.

Тапсырма: Қызмет сөзінің синонимдерін беріңіз, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тапсырма: Мына сөз тіркестерінің қазақша баламаларымен сөйлем құраңыздар.

Важный признак суверенитета, принцип разделения государственной власти, законодательная деятельность, система исполнительных органов, каждая ветвь власти, осуществляет свою деятельность, предусмотреть систему сдержек и противовесов, отстранение от должности (отставка).

Тапсырма: Туынды зат есімнің астын сызып, жасалу жолына сипаттама беріңіздер.

  1. Күздікке ерте көшетін түк шаруасы болмаса да, Жұманның көшіп бара жатқанын көріп, өзінен – өзі ере көшті.

  2. Ноғай болғанда, көп, сол уақ балаған саудагерлері болды.

  3. Адамға адамгершілік керек қой, Ыбеке.

  4. Бұл неткен бассыздық! – деп, Ушаков жұмыскерлерге ақырып қалды.

  5. Енді ойланып қараса, осынша тегін байлыққа Рязанов мөлшерден тыс қызығып кеткен сияқты.

  6. Жақсы әнші, домбырашылар көп.

  7. Сойыл алып, төбелеске шықпаса да, түбінде куәлікке жарар деген ой еді.

  8. Сыншылар айтатындай, оны жазушылық еліктен өткізу керек.

  9. Қашқын мұнда, мұнда, – деп айқайлады.

  10. Меруерт – маржан шимайланған кимешек, ол да ілулі тұр.

Тапсырма: Туынды зат есімдермен сөйлем құрастырыңыздар (8) (Туынды зат есімнің түбірі етістік болуы керек)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]