
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Сабақ №25. Өздік жұмысы
Тапсырма №1:Төмендегі сөздерді бастауыш етіп сөйлем құраңыздар.
Ақ ,жастық, жазу, білімді, алтау ,сатыр-сұтыр, бірсүгіні.
Тапсырма №2:Сөйлем мүшелерін қызметіне қарай талдаңыз.
Бірақ бұл күлкілерді Юлдашев қостаған жоқ.
Айсұлу мұндай сөздерді көп еститін.
Сен үзімді төрттен-бестен асайсың.
Арқадан келген қазаққа айтылған бір сөзді білесің бе?
Арман қарсыласқан жоқ.
Анар да келіп жетті.
Сейфуллин көшесі-ағылған халық.
Қайыр сөзіне Дәмеш ықыласын сала тыңдады.
Ұзамай бұл дүрбелең де аяқталды.
Екі қарақшы Еркебұландарды қуып жетті.
Тапсырма №3 Бастауыштан кейін қойылатын сызықшаға 5сөйлем жазыңыз.
Тапсырма №4:Оқып шығып,тыныс белгілерінің қызметін анықтаңыз.
Жә, жетеді, Дәмеш! Айтысып уақыт өткізбейік.
Иә Отан аман болса, жақсылық қашпайды.
Жоқ, достарым, бұл жолы ешбір өтірігі жоқ, шыным.
Уа,ғажап.Енді бізге жаңадан танысуға тура келеді.
Иә,осы тұрғындар-асқар білмейтін жаңа адамдар.
Жоқ жоғалтып,соны іздестіріп келеміз.
Тапсырма №5 Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді аралыстыра түр-түрін пайдаланып, «Менің сүйетін кітабым»-деген тақырыпқа шығарма жазыңыз.
Тапсырма №6 Атаулы сөйлемдерді тауып, оның не үшін қолданылғанын айтыңыз.
Дала. Бұлтты аспан. Сонау бел астында жаңа шахта құрылысы жатыр. Аурухана. Алыстан машина келе жатыр.Жақындады.
Сахна. Жартас. Селдір тоғай иығынан мөлдір көлдің бір түбегі көрінеді. Шаңқай түс. Жайлаудағы ауыл. Сахнаның бір шеті-Абайдың үлкен үйінің іші. Қанаттастырып тіккен үйдің іші. Сахна сыртында ескектеп айтылып жатқан жыр сарыны кеп тұрады. Анда-санда сүйсінген күлкі, дырду.
Шілденің ыстық күні. Шаңқай түс мезгілі. Аспан ашық,таза.Төбеге келген қызулы күн жерде ысытып,өзгеше жарқырап,шақырайып тұр.
Қосымша әдебиет.
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А.2001ж
Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті .А.2006ж
Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Медеф Интернационал қауымдастығының / түрлі сала бойынша 1,5 миллион компанияның басын біріктіреді/ туы астында жұмыс істейтін Францияның іскер топ өкілдерін қабылдады. Қабылдау барысында Қазақстан жағы мен француз бизнесмендерінің бір-бірінде үлкен мүддесі бары анық байқалды.
Ендігі мақсат-екі елдің экономикалық қарым-қатынасын жоғары деңгейге көтеру болып табылады. Мәселен, соңғы кездің өзінде Қазақстан мен Францияның тауар айналымы 75 миллион АҚШ долларына өсіп , тұтас бір жылды қоса алғанда 300 миллион долларды құрады. Бірақ мұның өзі қолда бар мүмкіндікті көрсетпейді.
Н.Назарбаев француз іскерлерінің назарынан осы мәселелерге аудара келе, меймандарды еліміздегі экономикалық жағдаймен таныстырды.
Қазақстанда соңғы кездері экономикалық көрсеткіштердің өскендігі байқалды,-деді Президент.- Екіншіден, инвесторлардың мүддесін қорғайтын мықты заңдарымыз бар. Үшіншіден, Қазақстанда қаржы салатын салалар өте көп. Жылына 22 миллион тонна қара металл, 20 тонна түсті металл өндіріледі. Мұнай мен газ қоры жөнінен әлемдегі бес мемлекеттің санатындамыз. Ауыл шаруашылығының әлеулеті да аса жоғары. Сондықтан бұл салада да бірлесіп жұмыс істеуге болар еді.
Осылай дей келе, Н.Назарбаев Франция іскерлерінің еліміз экономикасындағы үлес салмағы мүмкіндіктен көп төмен жатқанын атап көрсетті. Шынында да Еуропа елдері арасында Франция Қазақстанға инвестиция салу жөнінен алғашқы бестікке де енбейді.
Француз іскерлері делегациясының басшысы Медав Интернационалдың вице- президенті Кристиан Монас мырза Қазақстандағы саяси-экономикалық тұрақтылық пен байлық көздері өздерін қызықтыратынын жасырмады. Осы себепті Қазақстанда жұмыс істеп жатқан француз компанияларына қолдау көрсете беретіндерін, алдағы екі күнде еліміздегі түрлі сала басшыларымен жаңа жобалар жасау мүмкіндіктері қарастырылатындарын мәлімдеді.
(Егемен Қазақстан)
Тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңіздер.
Тапсырма: Берілген сөз тіркестерін аударып сөйлемдер құрастырыңыздар.
Представители деловых кругов, поднять на высший уровень, обращать внимание на проблемы, экономический показатель, интересы инвесторов, запасы газа и нефти, совместно работать, входить в первую пятерку, политико-экономическая стабильность, оказывать поддержку компаниям, проявить заинтересованность.
Тапсырма: Сөйлемдерді аударыңыз.
Президент ознакомил французских предпринимателей с экономическим положением в государстве.
Намного высок сельскохозяйственный потенциал.
Товарооборот между Казахстаном и Францией возрос на 75 млн. долларов
Глава делегации не скрывал, что их привлекают природные богатства Казахстана.
Президент обратил внимание предпринимателей на многие проблемы.
В Казахстане в последнее время наблюдается рост экономических показателей.
Глава делегации сообщил о рассмотрении возможностей в составлении новых проектов.
Тапсырма:Сөйлемді жалғастырыңыздар.
Қазақстан Республикасының Президенті...
Елбасы меймандары...
Француз іскерлері...
Медеф Интернационалдың президенті...
Ауыл шаруашылығының әлеуеті...
Француз компаниялары...
Шетелдік инвесторлар...
Тапсырма: Берілген мәтінді аударып, сұхбат құрастырыңыздар.