
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
Тапсырма:Мәтінді оқып,аударыңыздар.
Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
Британия Парламентінің Қауымдар палатасы Ольстерде Лондоннан тікелей басқару режимін енгізу туралы заң жобасын басым көпшілік дауыспен қабылдады.Мұндай қадамға баруға Солтүстік Ирландиядағы күшті дағдарыс себеп болып отыр. Британия үкіметінің Ольстерлегі астыртын құрамаларды мәмілеге шақырған барлық әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Қарулы құрамалардың қаруларын тастауға шақырудан ештеңе шықпады.Тіпті осындай құрамалардың кейбірі террорлық әрекеттерін қайта өрістеткен. Бұдан соң ресми Лондонның Ольстердің өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігін тоқтатудан басқа шарасы қалмағаны түсінікті.
Тапсырма:Мәтіннен төмендегі сөздерге мағыналас сөздерді тауып жазыңыздар.Олармен сөйлемдер ойлап жазыңыздар.
Жеңіліс табу, жасырын, нәтижесіз болу, қарусыздану, амалы таусылу, келісімге шақыру.
Тапсырма:Ұлыбританияның Солтүстік Ирландияда жүргізіп отырған саясаты туралы пікір алысыңыздар.
Тапсырма:Мәтінмен танысып шығып,өз ойыңызды білдіріңіз.
Ұлыбританияға келген иммигранттар, бұдан былай ағылшын тілінен жазбаша және ауызша тестілеуден өтіп, сонымен қатар ,британ салт – дәстүрлері бойынша емтихан тапсыратын болады. Оның сыртында, төлқұжат алушы осы елдің жаңа азаматтары королеваға адал болуға және британ зандарын құрметтеуге ант беруі тиіс. Жаңа ереже босқындар мен иммигранттардың бәріне де қатысты болмақ.
Тапсырма:Төменде берілген сұхбатты жалғастырыңыздар.
Біздің сұхбаттасымыз-Би-Би-Си Дүниежүзілік қызметінің продюсері Дәулет Жұмаділ.
–Білуімізше, сіз «Азаматтыққа», сосын «Би-Би-Си» де қызмет істеудесіз. Екеуінің айырмашылығы бар ма? Қазақстан жөнінде қандай пікір қалыптасуда деп ойлайсыз?
–«Азаттық»радиосы-әлемдік ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар іргелі ұйым. Ол 22 тілде хабар таратады. Өзге ақпарат құралдары айтуға баспайтын шындықты «Азаттық» айтқан жағдайлар көп. Зиялы қауымның осы бір радио арнасын сүйіп тыңдайтыны сондықтан. Меніңше, «Азаттық» радиосы Қазақстанның өз ішінде болып жатқан оқиғаларды, фактілерді көбірек қамтуға күш салады. БИ-БИ-СИ осы тұста аймақтық жаңалықтарға зор мән бере отырып, Қазақстандағы оқиғаларды халықаралық жаңалықтар контексінде қарастырады. Содан барып, Би-Би-Сидің әлемнің түрлі елдеріндегі миллиондаған тыңдаушысы Қазақстанды халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі деп біледі.
–Би-БИ-Си туралы толығырақ ақпарат берсеңіз.Сіздерге біздің ақпарат кеңестігімен салыстырғанда қандай ерекшелік тән?
– Би-БИ-Сидің қызметі 1930 жылдардың соңында басталған. Ол араб тіліндегі хабарлар еді. Кейін ақпарат өзге тілдерде де таратыла басталды. Би-Би-Сидің басты үш принципі бар. Солардың бірі-бейтарап болу.Тыңдаушыға екі жақтың да пікірін жеткізу. Белгілі бір ақпаратты объективті қамту үшін өте маңызды. Келесі бір қағида-шындықты айту. Расталмаған немесе қауесетке негізделген хабарды бермейді.Үшінші принципі ақпаратты дер кезінде беру болып табылады. Би-Би-Сидің дүние жүзінде 150 миллионға жуық тыңдаушысы бар. Қазақ және қырғыз редакциялары соңғы болып ашылған қызметтер. Ақпарат тексеріліп болғаннан кейін оны орталық компьютер жүйесіне қосамыз.Содан барып, мәселен, Қазақстаннан алынған хабар бүкіл дүние жүзіне тарайды.
Тапсырма:1.Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары туралы өз пікіріңізді білдіріңіз. 2.Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінде өткен баспасөз конференциясын ұйымдастырыңыздар.
Тапсырма:Тірек сөздерді қолданып, шағын мәтін құрастырыңыздар.
Әлемдік ақпарат кеңестігі, тәуелсіз басылым, ақпараттар ағыны, шындықты айту, дер кезінде хабарлау, баға беру.
Оқиға болған жерден репортаж жүргізу, тікелей эфир, тілшінің хабарлауы, талдау жасау, хабарлар тарату, ақпараттық шолу жасау.
Тапсырма:
Үстеу дегеніміз не?
Үстеу тұлғасына қарай қандай болады?
Үстеулердің мағынасына қарай қандай түрлері болады?
Тапсырма:Үстеулердің мағынасына қарай түрлері бойынша сөйлем құрастырыңыздар.
Тапсырма:Жұмбақтарды шешіңіздер.
Айдында жүзеді, тірі күміс сүзеді.
Көрінбейді өзі, естіледі сөзі.
Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр.
Үстінде екі қолы бар, аяғында жолы бар.
Сабы бар жұмыр, еріні мықты
Шегені шымыр, суырып шықты.
Қосымша әдебиет.
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А.2006ж
Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті .А.2006ж