
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
Соңғы уақытта Британия ақпарат құралдарыңың Қазақстанға көңіл бөлуі күшейе түсті. Ұлыбританияның «Таймас», «Файнэншл таймс» сияқты жетекші газеттері мен «Экономист»журналының көлемді арнайы шолулар мен қосымшалар беруі және олардың беттерінде Қазақстан Республикасы туралы жарияланымдар көлемінің мейлінше өсуі осыған айғақ болып отыр.
Британия шолушылары Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын көрсете отырып, оны Н.Назарбаевтың жеке басынан тұлғалық бейнесі арқылы пайым елегінен өткізеді. Бұл орайда олар Қазақстандағы тұрақтылықтың нақты кепілі оның Президенті екенін атап көрсетеді. Қазақстандағы катаң Президент билігі Батыс саясатшылары тарапынан сынға ұшырағанымен, мұның ел басшысына республикадағы реформалар үрдісіне барынша бақылау жасап отыруға мүмкіндік беретіні, ал мұндай жағдай шетелдік инвесторлардың көңілінде сенімдік орнататынын айтады.
Біздің еліміздегі экономикалық өзгерістердің барысын Британия бұқаралық ақпарат құралдары ұдайы назарда ұстап келеді. Шолушылар Қазақстанның еркін экономика жасаудағы батыл қадамдарын, оның ішінде «тарихтағы ең жедел жекешелендіру бағдарламаларын бірін жасағанын»атап өтті. Бұл бағдарлама «бірқатар кәсіпорындардың төмен бағамен әрі сатып алушылар арасында тиісті бәсекелестіксіз сатылғаны үшін Батысқа кеңінен сыналған болатын» деп жазады «Файнэншл таймс» газеті.
Қазақстандағы мемлекеттік басқару құрылымдарын реформалау проблемаларына қатысты ағылшындар елдің ойдағыдай экономикалық дамуы жолындағы негізгі кедергілердің қатарында бюрократияның сол қалпында сақталып отырғаны, сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғарлығын, Қазақстан жағынын шетелдік инвесторларды тарту үшін өз заңдарын жиі-жиі орындамайтынын айтады. Осыған байланысты инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет құру және министірліктер мен ведомстволарды түбегейлі қысқарту шарасы дұрыс бағаланып отыр.
Тұтастай алғанда, Британия талдаушыларының пікірі Қазақстан проблемалары сақталып отырғанына қарамастан, экономиканың құлдырауы тоқтап, бірте-бірте «алға жылжи бастады» дегенге саядыБұл орайда Республика реформалардың кейбір өлшемдері бойынша ТМД-ның басқа елдерден озық тұр, дейді олар.
Ағылшын ақпарат құралдары Қазақстан астанасының Ақмолаға көшірілуін ден қойып талқылады. Шолушылардың пікірінше, астананы көшірудің басты себебі ресми жария етілген факторлар емес, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайтуға деген ұмтылысы болып табылады. Бұл Ресей жағдайының тұрақсыздығы мен болжап білуге болмайтындығынан туған жәйт.
Қазақстанның сыртқы саясатын талдай келе, шолушылар Қазақстан өзінің қауіпсіздігі мен экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатымен үш ұлы державаның-Ресейдің, АҚШ пен Қытайдың арасында икемді тепе -теңдік ұстанатын саясат жүргізуде деген тұжырымға келеді Қазақстан бұлардың ешқайсысына да басымдылық бермей, инвестицияны арттыра отырып, салауатты бәсекелестік туғызып келеді.
« Қазақстан ақпарат агенттігі»
Тапсырма:Сұрақтар бойынша бір-біріңізбен пікірлесіңіздер.
Британия ақпарат құралдарын Қазақстан неліктен қызықтыратын болды деп ойлайсыздар?
Британия шолушылары еліміздің сыртқы саясаты туралы не жазады?
Сіздіңше, Қазақстандағы тұрақтылық неге байланысты сақталып отыр?
Шетелдік инвесторлардың көңілінде сенім орнауы неге байланысты деп ойлайсыздар?
Британдықтар Қазақстанда болып өткен жекешелендіру процесіне қандай баға беруде?
Британия ақпарат құралдары Қазақстанның сыртқы саясатына қандай талдау жасауда?
Тұтастай алғанда Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде қандай орын алады деп санайсыз?
Тапсырма:Мәтіннің мазмұнын баяндау үшін жоспар құрыңыздар.
Тапсырма:Төмендегі сөз тіркестерін тірек ретінде алып, шағын мәтін құрастырыңыздар.
Бұқаралық ақпарат құралдары; көлемді шолу; талдау; жарияланымдардың көлемі; атап көрсету; талдау жасау; баға беру.
Саяси тұрақтылық; ішкі және сыртқы саясат; бақылау жасау; назарда ұстау; реформа үрдісі; тұрақтылықтың кепілі;
Нарықтық экономика; батыл қадам; бәсекелестік туғызу; өндіріс орындары; ауыл шаруашылығы; инвесторларды тарту; алға жылжу;
Мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту; ресми жариялау; жағдайдың тұрақтылығы; саясат жүргізу; қылмысқа қарсы күрес.
Тапсырма:«Қазақстан британдықтар көзімен»тақырыбына шығарма жазыңыздар.
Тапсырма:нікі,дікі,тікі жұрнақтары бар зат есімдермен сөйлем құрастырыңыздар.
Даналық ойдан дән ізде
Тойдың болғанынан болатыны қызық.
Уақытының босқа өткені-өміріңнің бос кеткені.
Адамды түсіне қарап таныма, ісіне қарап таны.
Оқып сөйлеме, көңіліңе тоқып сөйле.
Жұмысы жемістінің-өмірі келісті.
Тапсырма:Жұмбақтарды шешіңіздер.
Тау көтерген төрт қазық.
Шашы жоқ,тарағы бар.
Егіні жоқ,орағы бар.
Бірақ сөз біледі,
Өз атасы онысы,
Соны айтып жүреді
Және жоқ қонысы.
Ойды аяқтап орақ тұрады, жауап сөз қалап тұрады.
Қосымша әдебиет.
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А.
Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті .А.