- •Казақ гуманитарлық-заң университеті Жоғарғы ұлттық құқық мектебі (әділ сот, адвокатура, кәсіпкерлік құқық) Азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •050302-«Халықаралық құқық»
- •Оқу әдістемелік кешеннің мазмұны:
- •Қазақстан республикасының және шетелдердің еңбек құқығы
- •050302 «Халықаралық құқық»
- •Мазмұны
- •Түсiндiрме беретiн жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Лекциялар жоспары
- •Семинар сабақтарының жоспары Әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік (семинар) сабақтары тақырыптарының үлгілік
- •Аралық емтихан (аралық бақылау)
- •Сөж тапсырмалары
- •Курстық (бітіру) жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Ұсынылатын негізгі әдебиеттердің тізімі
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •050302 - «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне арналған
- •050302 – «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
- •4.3 Практикалық (семинар) сабақтардық мазмұны мен тізімі
- •4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •050302 «Халықаралық құқық» мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме пән атауы «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы»
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Оқу жұмыс бағдарламасы азаматтық іс жүргізу, еңбек және жер құқығы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданған
- •Дәріс оқытушы (office-hour):
- •Қазақстан Республикасы және шетелдердің еңбек құқығы кредит саны - 3 , семестр -5
- •3. Пререквизиттері:
- •4. Постреквизиттері:
- •Пәннің сипатттамасы
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Глоссарий
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қорытынды баға қою белгілері:
- •Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •Пәнінен кітаптармен қамтамасыз ету
- •Дәріс тезистері
- •1 Сұрақ. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
- •3 Сұрақ. Ұжымдық дауларды (дау-жанжалдарды) шешу
- •Курстық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Дипломдық жұмыстарының үлгілік тақырыптары
- •Пәнінен емтихан сұрақтары
- •«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» пәнін оқытудың әдістемелік нұсқауы
- •Тәжірбие сабақтарын жүргізудің әдістемелік нұсқауы
- •Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Реферат жазудың әдістемелік нұсқауы.
- •Сөж(сөжо) бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Студентке сөж (сөжо) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
- •Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:
- •Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
- •Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда берілетін әдістемелік нұсқаулар
- •Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
- •Брейн-ринг өткізу ережелері
- •Диспутты өткізу ережелері
- •Жарыссөздер өткізу әдістемесі
- •Оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Таратылу құралдары Есептер
Таратылу құралдары Есептер
1. Ибрашева өзін қайта жұмысқа алу мен заңсыз жұмыстан шығарылған барлық уақыты үшін жалақы төлеу туралы талап- арызбен азаматтық іс жүргізу тәртібінде сотқа жүгінеді. Оның арызында жұмыс берушінің бастамасы бойынша Ибрашеваны 1 жыл бойы заңсыз белгісіз себептермен жұмыстан шеттеткен, оның орнына басқа қызметкерді алған, ал Ибрашеваның жұмыстан шығу себебін жұмыс орнының қысқартылуымен байланысты екенін түсіндірген.
Бұл жағдайда соттың шешімі қандай?
2. Сырттай оқу бөлімінде оқитын Тажигутов жеке кәсіпкерлікпен айналысатын мекемеге жұмысқа орналысады. Ол жұмыс орнында 7 ай қызмет еткеннен кейін жұмыс берушіден оқу емтихандарын тапсыру уақытының келгеніне байланысты оқу демалысына жіберуді сұранады. Бірақ жұмыс беруші демалыс беруден бас тартады.
Жұмыс берушінің бұл әрекеті заңды ма?
3. «Астана Газ Сервис» АҚ 5 жылдан артық А.С. Шалова жұмыс істеп жүрді. Соңғы айда ол өзінің дәрігерге қаралуы жөнінде АҚ басшысына айтып, ауруханаға жатады. Бір аптадан кейін А.С. Шалова қайтыс болады. Анасының қайтыс болғаны туралы Шалованың баласы АҚ кәсіптік ауруға байланысты екендігі туралы анықтама негізінде АҚ өтемақы төлеуді талап етті.
Бұл талап заңды ма?
4. «Тори» дәмханасында он жеті жасар Сәрсенбаев официант қызметін атқарды. Оның жұмыс уақыты 15.00 ден 18. 00 дейінгі уақытты құрады. Бұл уақыт аптасына 36 сағаттан аспады. Демалыс күндері дәмхана тұтынушыларының санының көбеюіне қатысты басшыс Сәрсенбаевтың демалыс уақытына қарамастан оны жұмысқа қалуын айтып, қосымша ақы төлеу туралы уәде береді. Осылай бір ай біткенде Сәрсенбаевтың жалақысында ешқандай өзгеріс болмағаны байқалды. Дәмхана басшысына барып қосымша ақы туралы айтқанына құлақ аспады.
Жағдайды шешіңіз? Сәрсенбаевтың бұзылған құқығын қалпына келтіру мүмкіндігі бар ма?
А. Отбасының асыраушысы жұмыс уақытында денсаулығына келген ауыр зардаптың нәтижесінде денсаулық сақтау мекемесінде қайтыс болады. А. есімді тұлғаның отбасында 14 жасар ұлы бар. Осы оқиғаға байланысты А. отбасының қандай әлеуметтік көмекке ие болады? Зейнетақы алуға құқығы бар ма? Бар болса қандай мерзімде алуға құқығы бар?
Назерке зейнетақылық жасқа толған, бірақ жұмыс істемеген, қажетті еңбек стажын иеленбеген, сол себепті әлеуметтік зейнетақы алады. Әлеуметтік зейнетақыны 5 жыл бойы алады. Денсаулығының нашарлауына байланысты қайтыс болады. Назеркенің әлеуметтік зейнетақы алу құқығын туған қызы Ақбота мұрагерлік жолмен алуға құқылы ма?
Адабаевтар отбасының үй иесі Әлім мен оның әйелі Марал жұмыссыз ретінде арнаулы органда тіркелген. Отбасына адам басына шаққанда табысы өте аз. Отбасы көп балалы отбасыларға жатады. Осы жағдайда Адабаевтар отбасына мемлекеттен қандай көмек көрсетілуі мүмкін? Олардың қандай да болсын иәлеуметтік көмекке құқығы бар ма?
Мейіржан Алматы қаласында қағаз шығаратын зауытта жұмыс жасайды. Жұмыс жасау кезеңінде өндірістегі қайғылы оқиға салдарынан ауруханаға түседі. Дәрігерлер Мейіржанды І топтағы мүгедек деп таниды. Осы кезеңде Мейіржан бір жолғы жәрдемақы алу құқығын иелене ме? Қанша мөлшерде?
Корниева баласының мүгедектігі үшін ай сайын жәрдемақы алып отырды. 10 қазан 2010 жылы оның зайыбы қайтыс болды. 20 шілде 2011 жылы Корнеева баланы күтуге байланысты жұмыс істемеуі үшін және баласы үшін асыраушысынан айырылуына қатысты зейнетақы алуға өтініш білдіреді. Бірақ, әлеуметтік қамсыздандыру органдары Корнееваға баласы үшін тек қана бір жәрдемақы алуға құқылы екендігін айтып, бас тартады. Бұл шешім дұрыс па?
* Белгілердің әрқайсы 1 балға бағаланады
