Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТП РК и ЗС каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
4.47 Mб
Скачать

Түсiндiрме беретiн жазба

Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы пәнінің мақсаттары мен міндеттері, заңгер мамандарын дайындаудағы рөлі мен маңызы, сонымен қатар, оқу үрдісіндегі орны.

Еңбек нарығының қызмет етуі, еңбек ресурстарын, оның ішінде шетел жұмыс күшін және еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесін қолданумен байланысты бірқатар мәселелерге келіп тіреледі.

Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білімнің стандартымен, жоғарғы оқу орындарында оқытудың кредиттік жүйесі бойынша студенттердің оқуы үшін көзделген («050302 – халықаралық құқық» мамандығы), аса маңызды құқық салаларының бірі болып табылады.

Осы оқу курсын зерделеудің пәні болып, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбекті қоғамдық ұйымдастыру жүйесінің шеңберінде пайда болатын қатынастар, сонымен қатар, еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар; еңбек құқығының әдісі, оның қағидалары, қайнар көздері, функциялары; еңбек құқығы саласының жүйесі және еңбек құқығы ғылымының жүйесі табылады. Еңбек құқығы ғылыми пән ретінде - қоғамдық қатынастарды, олардың тарихи дамуында ұйымдастырудың құқықтық нысандарын зерделейтін заң ғылымының бөлігі болып табылады, мемлекет және құқық теориясымен жасалған санаттар мен дефиницияларға сүйенеді.

Оқу курсын зерделеудің мақсаты – студенттердің негіз қалаушы теориялық ережелер, нормалар және халықаралық заңнама мен Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері саласындағы білімдерді алуы, заңнамамен жұмыс істеу дағдыларын иеленуі, қиын жағдайлардан шыға алуы, алынған білімдерді қолдана алу дағдыларын иеленуі.

Оқу курсының міндеттері студенттердің қарастырылып отырған құқық саласына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студенттер осы құқық саласының жалпы және ерекше бөлімдерінің институттарын, нормаларды құқықтық қатынастарда жүзеге асыру тәртібін зерделеп, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын, нормаларды түсіндірудің, оларды нақты құқықтық жағдайларда қолданудың тәжірибелік дағдыларын иеленіп, курс бағдарламасының жекелеген тақырыптарының арасындағы байланыстың мәні мен маңызын меңгеріп алулары тиіс. Оқу курсын зерделеп алғаннан кейін студент құқық қолдану қызметін жүзеге асыра алу үшін еңбек құқығының нормалары мен институттарының мазмұнын білуі керек.

Студенттің курсты зерделеу нәтижесінде алатын білімдердің, қабілеттіліктердің және дағдылардың ең төменгі мөлшері: оқу үрдісінде студенттер жалпы бөлімнің теориялық ережелері, ерекше бөлімнің негізгі құқықтық институттарының саласындағы білімдерді алатын, сонымен қатар, нормативтік-құқықтық актілерді қолдана және талдай алу қабілеттіліктерін және дағдыларын иеленетін, тәжірибелік жағдайларды шеше алатын болады.

«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» пәнін зерделеу нәтижесінде студент - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының жүйесін, оның қағидаларын, міндеттері мен құрылымын; олардың тарихын, жетілдірудің болашағын; жұмысшылардың жекелеген санаттарымен жеке еңбек шартын бекітудің ерекшелігін, жұмыс және демалыс уақыттарын, жалақының нысандары мен жүйесін белгілеудің тәртібін біліп шығуы; лауазымды тұлғалар мен жұмысшылардың еңбек заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтің алуантүрлі түрлерін; еңбек құқығы теориясы мен еңбек заңнамасының нормалары туралы білімін, сонымен қатар, тәжірибедегі істерді шешу кезінде алынған еңбек құқығының нормаларын қолдану қабілеттілігін пайдалануы; еңбек құқығын - еңбекті қолдану аясындағы әлеуметтік серіктестіктің қалыптасуына септігін тигізетін заңи құрал ретінде насихаттауы, азаматтарға еңбек заңнамасы бойынша сауатты кеңес беруі керек.

Осы оқу курсын зерделеудің нормативтік негізі – еңбек құқығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерден құралады. Ол тек ішкі ұлттық заңнаманың қайнарлары ғана емес, сонымен қатар, халықаралық құқықтың нормаларын да қамтиды, ал олардың ішінде ХЕҰ-ның Конвенциялары, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен бекіткен екіжақты, көпжақты Келісімдері, шарттары ерекше орын алады.

«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» курсы құрылымының қисындылығы (логикасы) біріншіден, жоғарғы білікті мамандарды даярлауға қойылатын қазіргі заманғы талаптармен, екіншіден, арнайы білімдерді тәжірибеде пайдалана алатын студенттердің құқықтық ойлау қабілеттіліктерін дамыту қажеттілігімен шарттандырылады.

Эксперимент түрінде (режимінде) жүзеге асырылып отырған, Білім және Ғылым Министрінің міндетін атқарушының 09.12.2005 жылғы № 753 – Бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік жүйесінің Ережелеріне сәйкес, сабақтарды жүргізудің негізгі нысандары – дәріс, семинар сабақтары, СОӨЖ (студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) болып табылады.

«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» оқу пәнін зерделеу – тақырыптарды жоғарыда аталған сабақтарды жүргізудің нысандарын ескере отырып бөлуді болжайды.