
- •1.1 Ваюталық операциалар түсінігі және оларды жүргізу тәртәбі
- •1.2 Валюталық операциаларды есепке алу негіздері
- •1.3.Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша қаражатының есебі
- •1.4.Бағамдық айырмашылық есебі
- •6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»
- •7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар».
- •1.5. Ақша эквиваленттерінің есебі
- •2.1.Дебиторлық берешектердің түсінігі, оның түрлері және мінездемесі
- •2.2 Алынуғаа шоттардың есебі және оны тану
- •2.3.Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі
- •Және бағадан жасалған жеңілдіктер есебі
- •2.4. Алынуға тиісті вексельдер есебі
- •2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері
- •30.12.2009 Жылға төлем мерзімдері бойынша алуға арналған шоттарды талдау
- •2.5. Күмәнді талаптар есебі
2.3.Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі
Сату құн деген – ол активтер ауыстырылуы не болмаса міндеттемелер төлену күні, екі жақпен келісіп ауыстыруға не ьолмаса өтеуге дайындықтарын өз еріктерімен расталған болса. Бұндай жағдайда келісімнен алынған не болмаса алынатын табыс сомалық көлемі шарттағы бағадан не болмас сатудан жеңілдік шегеріліп барып анықталады. Егер тауар сатудан не болмаса көрсеткен көмектен түсетін ақша қаражаты уақыты артқа шегерілген не болмаса ерте түскен болса, онда алынатын не болмаса алынған ақы қаражатын компенсация құн не ақша қаражатының номиналды құнын төмен не жоғары болса, онда сату мен номиналды құн аралығының ауытқуы не табыс не зиянға жатқызылады. 10.6 Сатылған тауарларды қайтару, сатудан
Және бағадан жасалған жеңілдіктер есебі
Сатып алушы ақауы бар екендігін анықтағанда немесе тауар қандай да бір себеппен оны қанағаттандырмаған жағдайда тауарды қайтаруға құқылы. Ұйым сатып алушыға тауардың құнын қайтаруы немесе оны арзандатып беруге ұсыныс жасауы мүмкін. Тауарды әрбір қайтару немесе арзандату жағдайы тиісінше сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге қайтарылған тауарлардың құнын қайтару кезінде – ақша қаражаттары есебі, қайтарылған тауарлар бойынша берешектің күшін жою кезінде – сатып алушылардың, тапсырыс берушілердің және еншілес (бағыныштағы) серіктестіктер дебиторлық берешегінің есебі шоттарының кредитінен 6020 «Сатылған өнімдерді қайтару», 6030 «Бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктер» шоттарының дебеті бойынша тіркелуі тиіс.
Қайтарылған өнімдердің өзіндік құны тиісінше 1300 «Қорлар» шағын бөлімі шоттарының кредиті бойынша және тиісінше 7010 «Өткізілген өнімдердің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шағын бөлімі шоттарының дебеті бойынша «қызыл сторно» әдісімен көрсетіледі.
Мұнан өзге ұйым тауарларды өткізу кезінде шоттарды мерзімінен бұрын төлегені үшін сатудан жеңілдіктер беруі мүмкін. Әдетте сату талаптары шот-фактураларға ауыстырылатын, сату – сатып алу шарттарында көрсетіледі.
Мысалы, тоңазытқыштар партияларын сату шартының талаптарында, шот-фактура қойғаннан кейін 10 күн ішінде шот бойынша 250 мың теңге төленген жағдайда сатып алушы 2% жеңілдік алатыны, егер шот шартта көрсетілген 10 күн ішінде төленбеген жағдайда, сатып алушы оны 30 күн өткеннен кейін толық сомада төлейтіндігі айтылған. Шот-фактура 2006 жылдың 14 сәуірінде жазылды және осы күні сатушы сатуға мынадай түрде бухгалтерлік жазулар жазады:
1210 шоттың д-т 250 000 теңге
6010 шоттың к-т 250 000 теңге
Сатып алушы жеңілдікті пайдалана отырып, шотты 2006 жылдың 24 сәуіріне дейін төлей алады. Мысалы, ол 2009 жылдың 15 сәуірінде 245 000 теңге сомасында (250 000*0,02) шотқа төлем жасады, ал сатушы ақшаны алған кезде мынадай түрде бухгалтерлік жазбалар жасайды:
1030 шот дебеті 245 000 теңге
6030 шот дебеті 5 000 теңге
1210 шот кредиті 250 000 теңге
Осылайша, есепті кезең ішінде 6030 шотта, сатып алушылардан төлемдерді мерзімінен бұрын алумен байланысты сомалар жинақталады. Бұл сомалар кәсіпорын кірістерін қысқартады, сондықтан да кірістер мен шығыстар туралы Есеп жасау кезінде олар өнімдерді өткізуден алған кірістер сомасынан шегеріледі. Әрбір есепті кезең соңында 6020 және 6030 шоттары 6010 шоттың азайтылуына жабылады. Өнімдерді қайтару және сатудан жасалған жеңілдіктер шоттары сондай-ақ бағадан жасалған жеңілдіктер шоттары кіріс есебінің шоттарына қатынасы бойынша контрарлы (контрарный) шоттар болып саналады және жыл ішінде дебет сальдоға ие болады.