Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚЕ-1-2 лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
56.9 Кб
Скачать

1.4.Бағамдық айырмашылық есебі

Бағамдық айырма - бұл нарықтық бағам өзгерген кезде шетел валютасының бірлігінің бірдей мөлшерін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде функционалдық валютамен көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.

Бағамдық айырма келесі жағдайларда пайда болады:

  • дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша шетел валютасымен есеп аырысу барысында, егер есеп айырысу күніндегі нарықтық бағам сол берешек есепке алған күніндегі бағамнан өзгерсе;

  • шетел валютасындағы кассадағы немесе банкідегі ағымдағы шоттағы ақша қалдықтарын есептегі кезең аяғында сол күндегі бағаммен қайта бағалағанда бағамның өзгеруімен байланысты;

  • ұйымның қаржылық есептілігі шетел валютасында құрастырылса, оның көрсеткіштерін функционалдық ( ұлттық) валютаға аудару барысында да бағамдық айырмалар туындауы мүмкін. Шетелдік валютада құрастырылған қаржылық есептілікті функционалдық ( ұлттық) валютаға аудару мәселерін Қаржалық есеп-2 пәнінде қарастырылады.

Шетел валютасымен жүргізілген операциялар бойынша бағамдық айырмалар оларды есептеген мерзімде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте көрсетілулері керек. Бағамдық айырмалар екі түрлі болады:

  • жағымды (оң), яғни қосымша табыс әкелетін;

  • жағымсыз(сол), яғни шығысқа ұшырататын .

Бағамдық айырмалар бойынша туындайтын табыстар мен шығыстар өзге де табыстар мен шығыстардан бөлек есепке алынулары керек. Содықтан

шетелдік валютадамен жургізілген операциалардан пайда болатын бағам айырмаларын есепке ал үшін Типтік есеп шоттар жоспарында келесі шоттар тағайындалған:

  • 6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»

  • 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар».

Дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша есеп айырысуда туындайтын бағамдық айырмаларды есепке алуды келесі мысалдар арқылы қарастырайық.

Мысал 1. Шетел жабдықтаушысынан материалдар алынған. Контракт бойынша құны 10 000 АҚШ доллар. Материалдарға ҚР –да кеден декларациясын толтырған күніне ( міндеттеме есепке алынған күні) бағам 120 тенге болған бір доллар үшін. Шетел жабдықтаушысына материалдар үшін борыш ағымдағы валюталық шоттан аударылған- 10 000 АҚШ доллар. Сол күнгі бағам 121 тенге болған.

Есепке алынады:

  1. Шетел жабдықтаушысынан материалдар алынғаны және ол бойынша жабдықтаушыға қысқа мерзімді міндеттеменің пайда болуы 10 000 АҚШ доллары. Оның теңгелік құны болады 10 000 х 120= 1 200 000 тенге.

Дебет 1310 1 200 000 тг

Кредит 3310 1 200 000 тг

2) Шетел жабдықтаушысына міндеттеменің ағымдағы валюталық шоттан өтелуі 10 000 АҚШ доллары. Аударылған шетел валютасының теңгелік құны болады 10 000 х 121= 1 210 000 тенге.

Бағамдық айырма 1 210 000 - 1 200 000= +10 000 тенге

Дебет 3310 1 200 000 тг (міндеттеме)

Дебет 7430 10 000 тг (жағымсыз айырма)

Кредит 1032 1 210 000 тг (аударылған ақша құны)

Мысал 2. ҚР ұйымы Ресейлік сатып алушыға дайын өнім жөнелткен 100 000 рубльге. Кеден декларациясын толтырған күніне бағам 3 тенге 80 тыйын болған бір рубльге. Сатып алушыдан төлем ағымдағы валюталық шотқа түскен толығымен. Сол күндегі бағам 4-00 тенге болған.

Есепке алынады:

1) Ресейлік сатып алушының қысқа мерзімді дебиторлық берешегі және ұйымның өнімді сатудан алған табысы 100 000 х 3-80 = 380 000тенге

Дебет 1210 380 000 тг

Кредит 6010 380 000 тг

2) Ресейлік сатып алушысынан қысқа мерзімді дебиторлық берешегі бойынша төлем ұйымның ағымдағы валюталық шотына түсуі 100 000 рубль.

Аударылған шетел валютасының теңгелік құны болады

100 000 х 4-00 = 400 000тг.

Бағамдық айырма 380 000 - 400 000= -20 000 тенге

Дебет 1032 400 000 тг (түскен ақша құны)

Кредит 6250 20 000 тг (жағымды айырма)

Кредит 1210 380 000 тг (дебиторлық берешек)

Шетел валютасындағы кассадағы немесе банкідегі ағымдағы шоттағы ақша қалдықтарын есептегі кезең аяғында сол күндегі бағаммен қайта бағалағанда бағамның өзгеруімен байланысты бағамдық айырмаларды есепке алуды келесі мысалдар арқылы қарастырайық. 2-ші ҰҚЕС-ның 30-шы тарауының « Шетел валютасындағы операцияларды ауыстыру» бөлімінде 103 тармағында «Субъект кезеңнің аяғындағы ақша қаражатына және ақша қаражатының баламасын кезеңнің аяғындағы валюталық бағамдарға қайта санауға тиіс» деп көрсеткен. Яғни, шетелдік ақша қалдықтары әр ай соңына сол күнгі нарықтық бағаммен бағаланады да есептегі тенгелік қалдығымен салыстырылады. Айырма анықталса есепке алынады.

Мысал 3. Ұйының ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қалдығы ай соңына 200 000 рубль, ал тенгелік құны 7640000 болған. Есептегі кезең аяғында бағам бір рубльге 4-00 тенге болған.

Ай соңындағы шетел валютасындағы ақшаның қалдығының тенгелік құны болады 200 000х4-00=800 000.

Бағамдық айырма 800 000 - 764 000= + 36 000 тенге

Дебет 1032 36 000 тг

Кредит 6250 36 000 тг

Сонымен бағам айырмасы тек қана тенгемен есептеледі және тенгемен есепке алынады.