
- •1.1 Ваюталық операциалар түсінігі және оларды жүргізу тәртәбі
- •1.2 Валюталық операциаларды есепке алу негіздері
- •1.3.Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша қаражатының есебі
- •1.4.Бағамдық айырмашылық есебі
- •6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»
- •7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар».
- •1.5. Ақша эквиваленттерінің есебі
- •2.1.Дебиторлық берешектердің түсінігі, оның түрлері және мінездемесі
- •2.2 Алынуғаа шоттардың есебі және оны тану
- •2.3.Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі
- •Және бағадан жасалған жеңілдіктер есебі
- •2.4. Алынуға тиісті вексельдер есебі
- •2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері
- •30.12.2009 Жылға төлем мерзімдері бойынша алуға арналған шоттарды талдау
- •2.5. Күмәнді талаптар есебі
1-ші Тақырып. Ақша қаражаттары және оның эквиваленттерінің есебі
№1 Лекция тақырыбы «Валюталық операциаларды есепке алу» Лекция жоспары
1.1 Ваюталық операциалар түсінігі және оларды жүргізу тәртәбі
1.2 Валюталық операциаларды есепке алу негіздері
Лекция мақсаты: ҚР валюталық операцияларды және қаржылық инвестиция (ақша эквиваленттерін) есебін ұйымдастырудың принциптерін оқып және білу. №21 ХБЕС қажеттілігін түсіну, валюталық шот ашу, жүргізу, жабу тәртіптерін оқып білу. Бағамдық айырмалар туралы түсінікті, олардың түрлерін, бағамдық айырма туралы мәліметтерді есептеп және есепке алуды оқып білу.
Лекция тақырыбына кілттік сөздер: валютадағы операциалар, функционалдық валюта, шетелдік валюта, бағам ,нарықтық бағам ,бағам айырмашылығы, қаржы құралдары.
1.1 Ваюталық операциалар түсінігі және оларды жүргізу тәртәбі
Шетелдік валютадағы операциаларды сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді. Ұйым шетелдік операцияларды екі тәсілмен жүргізе алады:
- ол операцияларды шетелдік валютада жүргізу;
- қызметті шетелде жүзеге асыру.
Валюта- ол заңды төлем құралы. Валюта келесі түрде болуы мүмкүн:
функционалдық;
шетел.
Әрбір субъект өзінің функционалдық валютасын белгілеуге тиіс. Функционалдық валюта – субъект жұмыс істейтін негізгі экономикалық ортаның валютасы. Қазақстан Республикасында теңге функционалдық және ұлттық валюта болып табылады. Қазақстан Республикасында шетелдік валюта – ол тенгеден басқа валюталар.
Шетелдік валютадағы операция – ол субъект:
1) бағасы шетелдік валютада көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;
2) ол бойынша төленуге немесе алынуға тиіс сома шетелдік валютада көрсетілген қарыздарды ұсынатын немесе алатын; немесе
3) қандай да бір өзге түрде активтерді сатып алатын немесе сататын, өзіне шетелдік валютада көрсетілген міндеттемелерді алатын немесе өтейтін операцияны қоса алғанда, ол бойынша түпкі есептеме шетелдік валютада көрсетілген немесе жүргізілуі тиіс валюта.
ҚР-да шетел валютасымен жүргізілетін операциялар лицензиалауды тілейді. Ондай құқық Ұлттық банкіге артылған. Шетелдік валютадағы операциаларды дұрыс жүзеге асыру үшін оларды ҚР заңдары мен нормативтік актілерге сәйкес жүргізу көзделеді. Қазақстан Республикасында шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды жүргізудің негізгі ережелері:
резиденттер және резидент емес ұйымдар арасындағы барлық төлемдер ҚР валютасымен жүргізілуі тиіс;
салық салу, кеден төлемдері және бухгалтерлік есепке алу мақсаттары үшін шетел валюталарының бірліктеріне ресми тенгенің нарықтық бағамын Ұлттық Банк (ҰБ) жариалайды;
резиденттер және резидент емес ұйымдардың валюталық құндықтарды ҚР-на әкелуі және шығаруы кеден заңдылықтары талаптарын сақтаумен шектеусіз жүзеге асырылады.
1.2 Валюталық операциаларды есепке алу негіздері
Шетелдік валютадағы операциаларды есепке алу негіздері келесі стандарттарда бекітілген:
- ХҚЕС 21 «Бағамдық айырманың өзгеруінің әсері»;
- 2-ші ҰҚЕС-ның 30-шы бөлімі « Шетел валютасындағы операцияларды ауыстыру».
Шетел валютасымен жүргізілген операцияларды ҚР-дағы резидент және резидент емес ұйымдар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте функционалдық валютамен(тенгемен) көрсетулері керек. Сондықтан шетел валютасымен жүргізілген операциялар сомаларын тенгеге ауыстыру керек нарықтық бағаммен .
Бағам- ол белгілі бір уақытқа (күнге) сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалатын бір валютаны басқа валютаға аудару (қайта есептеу) ара қатынасы. Нарықтық бағам Қазақстанның қор биржасының таңертеңгелік сессиясында сауда өткізілген шетелдік валюталар бойынша валюталар айырбастау бағамы, Алматы уақытымен сағат 11-дегі жағдай бойынша сессияда қалыптасқан шетел валюталарына тенгенің орташа биржалық бағамы ретінде айқындалады. Сессиясында сауда өткізілмеген шетелдік валюталардың бағамы «Reuters» ақпараттық агенттігінің арналары бойынша ҰБ анықтап жариялайды. Шетелдік валютаның теңгедегі бағамы күнделікті айқындалады және есепте қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы резиденттердің, резидент еместердің жүргізетін валюталық операциялары, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, салық және кеден заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер мен уәкілетті банктен тыс қаржы мекемелері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу Ережесі» валюталық операциялар жүргізу негізі болып саналады. Уәкілетті банктер мен айырбас пункттерінен өзге жерде, кез келген валюталық операциялар жүргізуге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Кәсіпорын валюталық операциялар (айырбастау операцияларынан өзге) жүргізу және валюталық құндылықтарды сақтау үшін банктерде валюталық шоттар ашады. Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының валютасымен жүргізілуі тиіс. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер тараптардың келісуі бойынша кез келген валютамен жүзеге асырылады. Уәкілетті банкілер арқылы жүзеге асырылатын резиденттердің және резидент еместердің ағымдағы валюталық операциялары шектеусіз жүргізіледі.
2-ші ҰҚЕС-ның 30-шы « Шетел валютасындағы операцияларды ауыстыру» бөлімінде шетелдік валютадағы операцияларды бастапқы тану мен есепке алуда келесі түсініктер берілген. Шетелдік валютада бастапқы тану кезінде субъект шетелдік валютадағы сомаға операция күніндегі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы бағамды қолдану жолымен операцияны ескеруге тиіс. Яғни, шетел валютасындағы операцияларды есепке алуда бастапқы тану кезінде операция жүргізілген күніндегі бағам бойынша қайта есептеу жолымен ҚР-ның теңгесімен бағаланады.
Операция күні – операция тану өлшемдерін алғаш рет қанағаттандыратын күн. Практикалық тұрғыдан негізге ала отырып, операция күніндегі іс жүзіндегі бағамның жуық мәні болып табылатын бағам жиі қолданылады, мысалы, бір аптадағы немесе бір айдағы орташа бағам осы кезең ішінде жасалған әрбір шетелдік валютадағы барлық операциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда валюта айырбастау бағамының едәуір ауытқуы кезінде кезең үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді.
№2 лекция тақырыбы «Бағамдық айырмашылық есебі»
Лекция жоспары
1.3. Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша
қаражатының есебі
1.4.Бағамдық айырмашылық есебі
1.5.Қаржылық эквиваленттер есебі және басқару
Лекция мақсаты:. Бағамдық және сомалық айырмаларды оқып білу, есепке алуды оқып білу және т.б., Бағамдық айырма туралы мәліметтерді есептеп және есепті шоттармен көрсетуді оқып білу.
Лекция тақырыбына кілттік сөздер: валютадағы операциалар, функционалдық валюта, шетелдік валюта, бағам ,нарықтық бағам ,бағам айырмашылығы, қаржы құралы.