Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-45 беттер 8-9кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
352.77 Кб
Скачать

Құрылыс материалдары.

  1. Құрылыс материалдарын 3- топқа бөледі.

  2. Минералды құрылыс шикізаты- құм, тас, ұсақталған тас, гранит, мәрмәр.

  3. Ұстастыратын материал- цемент.

  4. Қабырғалық материал- бетон, темір-бетон. Құрылыс материалының ішіндегі ең негізгісі,олар болат, арматура, цемент және бетон толықтырғыштарынан жасалады.

  5. Маңыздылығы жөнінен ІІ-орында- гранит, мәрмәр, құм, қиыршық тас, саз, гипс, асбест.

  6. Ұлутас - Атырау мен Маңғыстауда таралған.

  7. Саз, гипс, асбест - Солтүстік, оңтүстік, шығыс, орталық Қазақстаннан. Каолинді ақ саз жоғары сапалы - Ақмола облысында, Кварц құмы - Ақмола, Павлодарда. Табиғи асфальт - Атырау, Гипс - Қаскелеңде, Асбест - Жітіқара мен Хантауда, Керамзит пен саз - Алматы, Шымкент маңында өндіріледі. Шифер - Таразда.

  8. Цемент зауыттары: Шымкент, Қарағанды, Сазтөбе, Октябрьск(Өскемен), Семейде. 5-ірі цемент зауыты бар.Цемент зауыттарының Семей мен Шымкентте көп болуы- әк тастар мен саз балшықтың жақын болуы.

Агроөнеркәсіптік кешендер.

  1. АӨК - ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу.

  2. «Аграрлық» - жер, жерді игеру, жерді пайдалану.

  3. ХХ ғасыр ІІ-жартысында дүние жүзілік агроөнеркәсіптік кешен жүйесі құрылды.

  4. Агроөнеркәсіптік кешен негізгі 3-саладан тұрады. І-сала: АӨК-ң дамуын қамтамасыз ету-ауыл шаруашылық машиналары мен тыңайтқыш өндіру. ІІ-сала :Ауыл шаруашылығы – егін мен мал шаруашылығынан тұрады. ІІІ-сала : ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу, сақтау- жеңіл және тамақ өнеркәсібінен тұрады.

  5. Қазақстандағы АӨК құрылуы 1985-1990 жылдарда болды.

  6. Ауыл шаруашылығындағы өсімдік шаруашылығының үлесі-56,9% .

  7. Экономикалық белсенді халық ЭБХ- қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін халықтың бөлігі.

  8. Жер реформасына байланысты 3-санатқа бөлінген: олар ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа шаруашылығы, халықтың жеке шаруашылығы.

  9. Ауыл шаруашылығына жарамды жер 78,6 млн.га. оған жайылым, егістік, пішендемелік жатады. Егістік көлемі- 21,35 млн.га-ны құрайды. Жайылым көлемі- 54,34 млн га.

  10. Дәнді дақылдар: жаздық бидай - солтүстік экономикалық аудандарда (топырағы қара, қызғылт қоңыр гумусты, жазда жауын-шашыны мол). Күздік бидай - оңтүстіктегі суармалы жерлерде богарлық әдіспен егіледі. Тары - солтүстік- батыста Ақтөбе мен Оралда және Ақмола мен Павлодардада егіледі. Жүгері, арпа, сұлы - барлық аймақта. Қарақұмық - Павлодар мен Шығыс Қазақстанда. Күріш - Сырдария, Іле, Қаратал өзендері бойында.

  11. Күздік бидайдың күздік қара бидайдан айырмашылығы - суыққа шыдамсыз, сапасы жоғары.

  12. Техникалық дақылдар: Мақта - Оңтүстік Қазақстанда ( талшық пен май). Қызылша- Алматы, Жамбыл облыстарында Шу,Қаратал өзендері бойында егіледі. 1 т. құмшекер алу үшін 6-9 т.қызылша керек. Күнбағыс - Ертіс өзені бойындағы Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысында. Зығыр - Қостанайда. Бау-бақша, жүзім - оңтүстік экономикалық аймақта таралған.

  13. Негізгі мал шаруашылығы – қой.

  14. Солтүстік пен орталықта - етті-сүтті мал шаруашылығы. Табиғи мол жем-шөптің болуына байланысты.

  15. Қаракөл елтірісі - Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облысында.

  16. Шығыс Қазақстанда - марал, омарта, биязы жүнді қой, шошқа өсіріледі.

  17. Түйе - Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанда.

  18. Жібек құрты - тұт ағашы өсетін Оңтүстік Қазақстан облысында (талшық алынады).

  19. Асыл тұқымды ірі қара - сүтті-етті қырдың қызыл сиыры, алатау сиыры, талас сиыры, қазақтың етті-сүтті ақбас сиыры.

  20. Құс шаруашылығы - тұтынушыға жақын орналасады.

  21. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 43,1% мал шаруашылығына тиеселі.

  22. 2003 жылғы есеп бойынша қой мен ешкі саны- 12.148,6 мың бас, сиыр саны- 2.272,3 мың бас, жылқы саны- 1.061,8 мың бас, түйе саны- 113,8 мың бас, шошқа саны- 1.229,8 мың бас, құстың саны-25 млн-ға жетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]