
- •Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері – 4 түрлі.
- •Пайдалы қазбалары.
- •Өзендері мен көлдері.
- •Қазақстан топырағы.
- •Табиғат зоналары, табиғатты қорғау.
- •Юнеско қорғауға алған батпақты, көлді-шөлді қорық- Қорғалжын.
- •Ұлттық табиғи парктер - 5 .
- •Халқы және еңбек ресурсы
- •Қазақстан шаруашылығы.
- •Машина жасау кешені .
- •Астана - «Ақмола Сельмаш»
- •Химия өнеркәсібі.
- •Құрылыс материалдары.
- •Агроөнеркәсіптік кешендер.
- •Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
- •Көлік және коммуникация.
- •Экономикалық аудандар.
- •Қазақстанды 5- экономикалық ауданға бөлген н.Н. Баранский.
- •Еркін экономикалық аймақтың мағынасы – салық жеңілдігі мен кеден режимі.
- •1500 М.Биікте радиоактивті -Рахманов бұлағы бар.
- •Оңтүстік Қазақстан Ақсуда – кока-кола, сіріңке, Сұлтан макароны .
Машина жасау кешені .
Машина жасау дамуы ІІ-дүние жүзілік соғыста Украина, Белоруссия, Ресей машина зауыттарының көшіп келуіне байланысты.
Машина жасау тұтынушы мен шикізат көзіне жақын салынады.
Кеңестік Қазақстанда ауыр машина жасау айрықша дамуы пайдалы қазбалар кен орындарын игеру үшін.
Прибор жасау өндірісі ғылымды өте көп қажет етеді.
Шымкент - пресс автомат, жоғарғы вольтті аппаратура, шина және резина доңғалақ, станоктар. Шымкент пресс-автомат зауыты өнімдері – Аргентина, Канада, Бразилия, Уругвайға экспорттайды.
Алматы - АЗТМ ( қара және түсті металлургия , химия комбинаттары үшін құрал жабдықтар), 1996 жылдан «Іскер ГАЗ» жүк тасымалдайтын машина,кіші автобустар Газель. Кама автомобиль зауытымен бірлескен КамАЗ, геологтар мен мұнайшылар үшін автокрандар, төмен вольтті аппаратура, электр жабдықтары зауыты.
Павлодар - «Сельмаш», трактор 1968жылдан, мұнай мен газ өңдеуге құралдар мен жабдықтар шығарады.
Ақтөбе - электротехникалық машиналар, рентген аппаратуралары, мұнай мен газ өндіруге қажетті құрал-жабдықтар.
Астана - «Ақмола Сельмаш»
Қарағанды - ауыр машина жасау зауыты, шахтаға құралдар, бұрғылау машиналары, кеніш-шахта машиналары, крандар мен кен қазатын комбайндар, электрлі моторлар.
Кентаудағы – экскаватор зауыты Өскемен электр станциялары үшін қажет жабдықтар жасайды.
Петропавл - изоляциялық материалдар зауыты, СССР кезінде зымыран, ал қазір кран мен бұрғылау машиналарын шығарады. Шағын литражды қозғалтқыштар зауыты мен жылжымалы электростанциялар шығарылады. 11.Талдықорған - аккумулятор, конденсатор.
Атырау - мұнай мен газ өндіруге және өңдеуге қажетті машиналар мен бөлшектер шығарады.
Өскемен - электротехникалық машиналар, аспаптар, конденсатор, электр станциясына қажетті бөлшектер, күрделі техникалық процестерді реттейтін машиналар,арматура,полимерлік машиналар. Азия Авто зауыты 2003ж. Нива/ Шкода авто зауыты- Шкода автомобилін шығаруда. ( Шкода немістің Фольксваген компаниясына жатады)
Семей - «Қазақкабель», трактор жасау, арматура.
Көкшетау - таразы, аспаптар жасау, автобус құрастыру.
Орал - кеме жасау және жөндеу, жел двигателдері, арматура.
Металдарды көп қажет ететін машиналарға - кен қазатын комбайндар, экскаваторлар, қуатты автосамосвалдар,трансформаторлар жатады.
Химия өнеркәсібі.
Өнеркәсіптер қалдығын пайдаланып өнім беретін, қалдықсыз жұмыс істейтін өнеркәсіп саласы.
Химия 3-салаға бөлінеді : кен химиясы, негізгі химия, органикалық синтез бен полимер химиясы.
Тыңайтқыштар мен қышқылдар өндіру - негізгі химия .
Фосфорит - 1946 жылдан Қаратау мен Жаңатас ал фосфор зауыты Тараз бен Шымкентте.Фосфор тыңайтқышын өндіреді.
Ақтөбенің Алғасында фосфор тыңайтқышы өндіріледі.
Азот тыңайтқышы - Қарағанды-Теміртауда кокстелетін көмір қалдығынан алынады.
Калий тыңайтқышы - Өскеменде.
Күкірт қышқылы - Балқаш, Жезқазған, Өскеменде ( түсті металлургия дамыған жерлерде) және Ақтөбе мен Таразда да алынады.
Атырау, Павлодар, Шымкент (Ақтау) – мұнай өңдеу зауытында жанармайлар алынады.
Қостанайда – жасанды талшық.
Теміртауда - синтетикалық каучук. Қарағанды синтетикалық каучук зауытында кокс-химия және смола айдайтын цехтар бар. Смоладан пластмасса алуға болады.
Шымкент - шина, резинадоңғалақ, синтетикалық жуғыш заттар, фармацептика.
Атырау - полиэтилен. Ақтау - пластмасса.
Тұздар - Қызылорда мен Павлодарда.
Орал - мия зауыты мен фармацептика.
Химия өнеркәсібі суды көп мөлшерде қажет етеді.
Химия өнеркәсібі үшін құндылығы зор өсімдіктер - эфедра мен дәрмене жусан.
Тоқыма өнеркәсібіндегі химиялық талшықтар: жасанды және синтетикалық болып бөлінеді.
Отын, электр энергиясы, суды көп қажет етеді. 1т синтетикалық талшық үшін 6000 м³ су керек. Ацетиленнен 1 т синтетикалық каучук алу үшін 15000 кВт/сағат энергия қажет.