Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-45 беттер 8-9кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
352.77 Кб
Скачать

Халқы және еңбек ресурсы

  1. Дүние жүзінде 3-4 мың этнос бар,қазақ этнос бойынша 70-орында. Әлемдегі қазақтың саны 12,5 млн адам, оның 4,5 млн-нан астамы шет 54 елде тұрады. Республика халқының 67,2% қазақтар.

  2. Эмиграциятұрақты тұруға көшіп кету. Иммиграция- тұрақты тұруға көшіп келу. Оралман - тарихи жағдайларға байланысты ата-бабалары елден көшіп кеткендердің, ұрпақтарының өз еліне оралуы.(Репатриация процесі)

  3. Әлемде 2 мыңнан астам тіл бар, олар 20 тіл семьясына топтасқан. Қазақ тілі-түркі тобы, алтай тіл семьясына жатады.

  4. Ислам дінінің сунит бағытын ұстайтын, мұсылмандар.

  5. Диаспара - аз ұлт өкілдерінің қауымдастығы. Диаспара - халықтың көп бөлігінің шыққан елінен тыс жерде қоныстануы.

  6. Депортация- күшпен жер аударту,қуғындау саясаты кезінде көптеген ұлт өкілдері қоныстанған жерлер. Депопуляция – қуғын –сүргін, ашаршылық салдарынан халық санының азаюы.

  7. Орыстар-5 млн адам 27,2 %, украиндар- 469,4 мың адам 3,1 %, немістер- 1,6%, өзбектер- 2,7 %. 50-60 жылдары тың игеруде 1 млн-нан астам адам қоныстанған.

  8. Өзбекстанда - 1.556 мың, Ресейде - 740 мың, Түрікменстанда - 100 мың, Қырғызстанда - 45 мың, Украинада - 15 мың, Қытайда - 1.500 мың, Монғолияда - 100 мың, Ауғанстанда - 30 мың, Түркияда - 25 мың, АҚШ-та - 14 мың, Иранда - 12 мың қазақ тұрады.

  9. 1997 жылы ауыл шаруашылығымен айналысқан адамдар - 14 %.

  10. Еңбек ресурсы - еңбекке жарамды адамдар, 9 млн-нан астамы, яғни 59,2 % . Ерлер 16-63 жас, әйелдер 16-58 жас арасы. Адамның еңбекке ,техниканы меңгеруге қабілетті жасы- 25-49 жас аралығы. Жалпы халықтың 48,2 % ерлер, 51,8% әйелдер.

  11. Еңбек ресурсына ең бай аудан - Оңтүстік экономикалық аудан, 38 % .

  12. Қазақстандағы адамдардың орташа өмір сүру жасы 66,14 жас (ерлер 60 жас, әйелдер 71 жас)

  13. Өндіргіш күштер дегеніміз өндіріс құралдары мен оларды іске қосатын адамдар.

  14. Табиғи өсу дегеніміз - 1000 адамға шаққандағы туған және өлген адамдар санының арақатынасы. Табиғи өсім 12,63% -ға жетті.

  15. Қазақтар еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қоныстанған. Қызылорда облысында - 94, Атырауда - 89, Маңғыстауда -79, Оңтүстік Қазақстанда - 68%-ын қамтиды.

  16. Урбандалу (кенттену) - қалалар мен қала халқының өсуі. 86 қала, 200 қала типтес елді мекен бар. Алматы - млн. қала. 1.600 мың адам тұрады. 2005 жылғы есеп бойынша қала халқы -57% .2009 жылы 60%.

  17. Агломерация - өнеркәсіпті ірі қалалардың маңына шағын қалалардың шоғырлануы. Қарағанды-Теміртау агломерациясы.

  18. Ластануы жоғары 7 қала, Риддер, Өскемен, Ақтөбе, Алматы.

Қазақстан шаруашылығы.

  1. Шаруашылық - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өзара байланысқан жиынтығы.

  2. Өндіріс 2-ге бөлінеді :

а) ауыр өнеркәсіп- өндіріс құрал жабдықтарын өндіреді;

ә)жеңіл және тамақ өнеркәсібі- халық тұтынатын заттар өндіреді.

  1. Жалпы өнімнің 50 %-ін өнеркәсіп береді, ауыр өнеркәсіп жетекші ол өнімнің 75 %-ын береді.

  2. Қазақстан - индустриялы- аграрлы ел.

  3. Интеграция - экономикалық дағдарыстан бірлесе отырып шығу.

  4. Шоғырландыру - өндірістің ұштасуы.

  5. Құрамдастыру - бір кәсіпорында технологиялық процесі ұқсас бірнеше өндірістің жинақталуы.

  6. Мамандандыру - кәсіпорынның біріңғай өнімдер шығаруға бейімделуі.

  7. Кооперативтендіру - дайын өнімдерді жасап шығарудағы бірнеше кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс.

  8. Өндірісті интенсивтендіру - өнеркәсіпте өндіріс құралдарын және жаңа технологияны пайдаланып, ғылыми-техникалық жетістіктерді жүзеге асыру.

Металлургия.

  1. Металлургия - кен өндіру мен метал қорыту.

  2. ХVІІІ ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстанда түсті металлургия дамыды.

  3. 1717 жылдан Алтайда қорғасын мен мырыш бар екені анықталғаннан, түсті металлургия дами бастады.

  4. Алтайдың Зыряны Ресей теңгесінің 75 % күмісін берген.

  5. Түсті металлургияның алғашқы кәсіпорындары :

а) Риддер полиметал комбинаты.

ә) Қарсақбай мыс балқыту зауыты.

  1. Комбинат дегеніміз - орталыққа бағындырылған, технологиялық процестері біріктірілген кәсіпорындар тобы.

  2. Балқаш, Жезқазған, Глубокое елді мекенінде мыс балқыту зауыттары жұмыс істейді.

  3. Балқаш мыс және қорғасын-мырыш зауыты шикізатты Қоңырат пен Саяқтан алады.

  4. Шымкент қорғасын зауыты шикізатты Кентау комбинатынан алады. (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай ) және Текеліден. Шымкент қорғасын зауыты 1991жылдан өнім береді.( шикізаттан 15 өнім өндіріліп, 9 элемент алынады.)

  5. Түсті металлургияның негізгі орталығы: Шығыс Қазақстандағы Өскемен қорғасын-мырыш және магний-титан зауыттары.

  6. 1960 жылдан түсті металлургияның жаңа салалары алюминий мен магний-титан өндірісі дамыды.

  7. Мыс таза күйінде, қалайылы қорытпа-қола, никельді қорытпа- мельхиор, алюминийлі қорытпа- дюралюминий, мырышты қорытпа- латунь электротехника мен машина жасауда қолданылады. 1 т.таза мыс алуғы 100т. шикізат қажет, сондықтан мыс зауыты шикізатқа жақын салынады. Жезқазған мысы 1995ж О.Корея «Самсунг» корпорациясына, ал 1997 жылдан Балқаш түсті металын қосып «Қазақмыс» корпорациясын құрылды.

  8. Риддер полиметал комбинатының негізгі өнімі - тазартылмаған қорғасын мен мырыш.

  9. Қара металлургия жас сала ол ІІ-дүние жүзілік соғыс кезінде дамыды.

  10. Қара металлургия шикізаты – темір мен хром.

  11. Қара металлургия негізі 1938 жылы Ақтөбе феррохром зауытынан басталған.

  12. Қара металлургия орталығы Теміртау мен Қарағанды.ҚР-ң Магниткасы.

  13. Теміртауда - толық циклді темір—шойын—болат—прокат зауыты мен қайта балқыту зауыты жұмыс істейді. Шойында 2-6 % ,ал болатта 2 %-тен аз көміртегі болады. Испат Кармет (Англияның фирмасы )

  14. Болатты домна, мартен, электр пештерінде балқытады.

  15. Ақсу ферросилиций зауыты –марганецті Орталық Қазақстаннан, кварцитті Оралдан, энергияны Ақсу МАЭС-інен, көмірді Қарағандыдан алады.

  16. Темірдің негізгі қоры – Қаражал, Торғай қолатында.

Электр энергиясы.

  1. Ғылыми техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі- шаруашылықты электрлендіру. 1т. алюминийге 18000 квт/сағ, 1 т. магнийге 20000 квт/сағ. энергия керек.

  2. ЖЭС-80-90 %, СЭС -8 %, АЭС -2 %. МАЭС, ЖЭО.

  3. Ең ірі ЖЭС Таразда, олар көмір, мазут, газбен жұмыс істейді .

  4. ЖЭО-нан –жылу мен электр энергиясы өндіріледі.

  5. 1973 жылдан Ақтауда АЭС, электр энергиясын өндіру мен теңіз суын тұщыландыруға пайдаланады.Қуаты 350 кВт.1 кг уран 2,5 мың.т көмір жылуын береді.

  6. Жел энергиясының мол қоры Жоңғар қақпасында.( АҚШ Калифорния штатындағы әлемдік жел станция қуатының 80%-ын алатын Алтамонт Пасс Сан- Горгиниодан да көп энергия алуға болады.Оның қуаты 6000 МВт)

  7. 450 мың км электр желісі бар, елімізде жоғарғы вольтты электр желісін байланыстыратын біртұтас энергетикалық жүйе жоқ.

  8. СЭС-те энергия өндіруден 3 орында. (Ресей, Тәжікстан)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]