Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-45 беттер 8-9кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.12.2019
Размер:
352.77 Кб
Скачать
  1. Қоңыржай белдеудің 4- табиғат зонасы мен биіктік белдеу қалыптасқан

  2. Орманды дала зонасы- 0,4 % , 1 млн.га жерді қамтиды, жер бедері тегіс, шоқ-шоқ ормандарында қайың, емен, көктерек өседі. Топырағы- қара топырақ, ондағы гумус қарашіріктің мөлшері 9 % ,қара топырақ қалыңдығы 75 см. Жауын-шашыны- 300-350 мм . Қаңтарда -17-19 ºС, ал, шілдеде +18+20 ºС .

  3. Қайыңды орман топырағы гумусы 18-25 см . 6-мыңнан астам көл бар.

  4. Астықты өлке , табиғи мол жем-шөп, етті-сүтті ірі қара мал шаруашылығы дамыған. Дуброва ж/е Мамлют қорықша ормандары қорғауға алынған.

  5. Наурызым қорығы –1934 ж. Қостанай облысында Жарман және Ақсу көлдері жағалауында орналасқан. Құр мен Малиус Боката алмасы қорғалады .Қорыққа Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы кіреді.Аумағы 191,4 мың га.

  6. Флорасы : шоқ-шоқ орманда қайың, емен, көктерек, шөптесін- боз, бетеге, бидайық, арпабас, қарабас шалғын, сәбізшөп, .Бұршақ тұқымдастан- беде, бұршақ. Жалпы Сырт орманында- емен, жөке, қандыағаш. Ормандарда бұталар- тал, долана, итмұрын, қарақарақат, тошала, бүлдірген өседі.

  7. Фаунасы : саршұнақ, сұртышқан, қосаяқ, ақ тышқан, қоян, сусар, түлкі қасқыр, тиін,бұлан, сібір еліктері, кесіртке, жыландар және жерсіндірілген ондатр. Құстардан- ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар,күйкентай, бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек, қаз , үйрек, шағала, аққу, сұр тырна, қамыс құладыны.

  8. Дала зонасы- 27 %, 77 млн.гажерді алып жатыр,батыстан шығысқа 2200 км, 54-50º с.е. аралығын қамтиды,топырағы қара, қоңыр, гумусы 6 % .Қысы қатаң, жазы ыстық, аңызақ желдер жиі байқалады.жауын-шашын 220-310 мм . Қаңтарда -16-18 ºС, ал шілдеде +18+23 ºС.

  9. Оңтүстігіндегі күрең қызғылт топырақтың құнарлы жерлері – егін шаруашылығы үшін қолайлы.

  10. Даланың дәрілік өсімдіктері – жанаргүл, шәйшөп, итмұрын, дәрілік валериан

  11. Фаунасы: саршұнақ, қосаяқ, дала тышқаны, дала алақоржыны, суырлар(салмағы 10кг),күзен, ақ тышқан, түлкі,қарсақ, қасқыр, ақбөкен .Құстардан- дала құсы дуадақ ( салмағы 16 кг), безгелдек, тырна, балықшы, бозторғай, қараторғай, дала бүркіті, дала құладыны, кезқұйрық, қаз, үйрек, тырна, шағала, қамыс торғайы, аққұтан. Суда жақсы жүзетін- сүңгуір, гагара, крохаль, турпан болады.

  12. 1954-59 жылы тың игеруде 28 млн. га жер жыртылған.

  13. Тарпан - дала зонасының ХІХ ғасырда жойылып кеткен жабайы жылқылары.

  14. Қорғалжын қорығы- 1968 жылы). Ақмола облысында Теңгіз және Қорғалжын көлдері жағалауында құрылған. Аумағы- 259 мың км². Қорықтың мақтанышы қоқиқаз және сұқсыр құсы қорғалады.

  15. Юнеско қорғауға алған батпақты, көлді-шөлді қорық- Қорғалжын.

  16. Шөлейт зонасы – 10,8% ,оңтүстік шекарасы 48ºс.е бойымен өтеді. Топырағы ашық қара қоңыр және ашық қызғылт күрең топырақ,онда гумус 2-3%. Климаты тым құрғақ, континентті. Жауын-шашыны 180-300 мм, көктем аяғы мен жаздың басында ж-ш мол түседі. . Қаңтарда -15-17ºС ( ең төмені -50º), шілдеде +22+24ºС . 300-ден астам тұзды көлдер мен Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз өзендері бар. Жайықтан Алтайға дейін 2900км-ге созылған.

  17. Флорасы: бетеге, жусан, түймедағы, боз, изен, ебелек, теріскен, көкпек,ши. Сарыарқа жоталарында- қайың, көктерек, қарағай шоқ-шоқ ормандары, олардың арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақат, таңқурай өседі. Өзен жайылмаларында- құрақ, қамыс, айрауық өседі, оған тал, итмұрын, ұшқат бұталары араласады.

  18. Фаунасы: саршұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояны, сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр,жыландар мен кесірткелер, ақбөкен, қарақұйрық. Құстардан - бүркіт, бозторғай. Улы жыландары-сұр жылан, қалқан тұмсық жылан.

  19. Мал шаруашылығы, оның ішінде қой мен жылқы дамыған.

  20. Қызыларай дала зонасының таулы, төбелі, гранитті әсем шөлейттің жазирасы. (Ақсораң 1565 м)

  21. Шөл зонасы- 44%, топырағы –қоңыр,сұр қоңыр, гумусы 1-1,2% .Жауын-шашыны 80-200 мм , шөлдерде 100 мм.Қысы суық -40 ºС дейін барады, жазда +24+26ºС - ден оңтүстігінде +28+30 ºС, ал тіптен құмның бетінде +70 ºС болады.

  22. Мойынқұм мен Қызылқұмда 300-500 м. тереңдікте жер асты суы мол қоры бар.

  23. Сазды-тасты шөлдер – Бетпақдала мен Үстірт.

  24. Құмды шөлдер - Қызылқұм, Қарақұм, Нарын, Сам, Тайсойған, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау, Люкқұм, Тауқұм т.б.

  25. Сазды шөл - тақыр, Құмды шөл – эрг, Тасты шөл – хамада.

  26. Тоғай – шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін қалың бұталар. Сырдария, Шу, Іле өзені бойында кездеседі.

  27. Дермене жусан - Қаратау бөктерінде өседі. Ашылмаған гүлінен ішек құртын түсіретін сантонин дәрісін жасайды. Қызыл Кітапқа енген.

  28. Фаунасы: кесірткелер, жыландар, тасбақа, кірпі, шаян, бүйі, қарақұрт, бұзаубас, ақбөкен, қарақұйрық,қосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны. Өзен бойындағы тоғайларда-қабан, мәлін, қасқыр мекендейді.Құстардан : торғайдың көптеген түрлері, жамансары, жұртшы, сауысқан, қарға, қырғауыл, үйрек, қаз, шағала, бірқазан, аққұтан.

  29. Флорасы: селеу, өлеңшөп, бозжусан, құм бетегесі, құм түймедағы, құмаршық, дермене жусан, жүзгін, құм қарағаны, теріскен, ақ және қара сексеуіл, бұйырғын, баялыш, ши, қоңырбас, шеңгел, тал, жиде, шырғанақ, жыңғыл, жантақ.

  30. Қазақстанның Қызыл кітабы 1978 жылы шыққан.

  31. Шөлдің негізгі өсімдігі, ағашы - сексеуіл.

  32. Үстірт қорығы - 1984 ж.Аумағы- 223,3 мың га.ең үлкен қорық.Маңғыстау облысындағы Үстіртте орналасқан. Жауын-шашыны- 120 мм. ҚР-ң Қызыл Кітабына енген 12 түрлі аң мен құстар қорғалады. Жабайы қой- Муфлон, құлан, қарақұйрық, күзен, кірпі, шіл, ителгі, кекілік, қабылан.

  33. Барсакелмес қорығы - 1939 ж. Аумағы 16,8 мың га. Құлан, қарақұйрық, ақбөкен қорғалады. Олар 1953-64 жылдары Түркменстан Бадхыз қорығынан әкелініп, жерсіндірілген. Құлан қазір Қапшағай аңшылық зонасына көшірілген.

  34. Биік таулы аймақ - оңтүстік-шығыс пен шығыстағы тауларда. Тау етегі өзі орналасқан зонаға кіреді. Мысалы: Тарбағатай шөл зонасында.

  35. Ақсу-Жабағылы қорығы - 1926ж, ең алғашқы қорық. Аумағы 85,4 мың га. Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауындағы Піскем және Өгем жотасында орналасқан. Қорық 4-биіктік белдеуді қамтиды. Арша(20м), бадам бұтасы, жабайы алма мен жүзім, елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты аю, ілбіс, суыр, ұлар т.б ,грейк қызғалдағы мен таңбалы тастар қорғалады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейінде палеонтологиялық филиалында-120 млн.жыл бұрын теңіз түбі болған мезгіл куәсі- сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің , юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сақталған. Органикалық дүние эволюциясын зерттеуде маңызы өте зор. 1500м дала/1500-2000м шалғынды,бұталы ағаш/2000-2300м субальпі шалғыны/ ең жоғарғы белдеуі биік таулы қарлы және мұзды шаңдар.

  36. Алматы қорығы - 1964 ж . Аумағы 71,7 мың.га .Іле Алатауы мен жағасы құмды шөлдері бар Іле өзені жағалауын қамтиды. «Әнші тау» Аққұм Қалқан (биіктігі 100 м) Іле өзені, Алматы облысында. 1800-2000м биікке дейін – көктеректі нудан тұратын орман, долана, жабайы алма мен өріктер өседі. 2500 м-ден Тянь-Шань шыршасы өседі. Қорықта – тиін, сасық күзен, бизон өсіріледі. Ұлар,кекілік,бұлдырық

  37. Марқакөл қорығы - 1976 ж. Алтайдың Күршім мен 1447 м. биіктегі Азутау жотасындағы Марқакөл жағасында орналасқан. Аумағы 75 мың.га. Көлге 27 майда өзен құйып, Ертістің оң жақ саласы – Қалжыр өзені ағып шығады. Негізгі қорғалатыны –мөңке және майқан, талма, теңге балықтары. Дәрілік өсімдіктерден- аралий мен «алтын тамыр» кездеседі.

  38. Батыс Алтай қорығы – 1992 ж. Аумағы 56 мың.га. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан.Алтайдың солтүстік-батысы мен Холзун, Көксу, Иванов жоталарын қамтиды. Қылқан жапырақты, субальпі және альпі шалғындары сақталған. Марал оты, алтын тамыр, бұлғын, аю, құндыз, сусар т.б. сирек аңдар кездеседі.

  39. Алакөл қорығы - 1998 ж. Аумағы 20,7 мың.га. Алматы облысында Алакөл ауданында орналасқан.Атыраулық су-батпақты ландшафтылары қорғалады. 12 құс Қызыл Кітапқа енген, негізгілері-аққу, реликті шағала, қаз.

  40. Қаратау қорығы - 2004 жылы ұйымдастырылған,көлемі 34,3мың га. Аймақтың эндемикті өсімдіктерін сақтау мен көне жерортатеңіздік өсімдік элементтерінің таралуы жағынан бірінші орын алуында. Сырдария арқары қорғалады.

  41. Ұлттық табиғи парктер - 5 .

  42. Баянауыл ұлттық табиғи паркі - 1977жылы (1985жыл). Павлодар облысындағы құрылған, ең алғашқы ұлттық парк, аумағы 50,7 мың.га. Баянауыл- таулы-орманды ландшафт табиғаты өте көркем, қарағай мен қайыңды орман өскен, гранитті үгілген таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Биік жері Ақбет тауы 1026 м. Баянауылды «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Ұзақ уақыт үгілуден «Жалмауыз кемпір, Найзатас, Тас және Ат басы т.б» сияқты табиғат тамашалары пайда болған.

  43. Іле Алатауы ұлттық паркі - 1996 жыл ұйымдастырылған. Аумағы 199,7мың.га. Түрген шатқалынан Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтар қорғалады.

  44. Қарқаралы ұлттық паркі - 1998 жылы құрылған, аумағы 90,3 мың.га. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында Қарқаралы және Кент тау жүйелерін қамтиды. Шайтанкөл осында орналасқан.

  45. Алтынемел табиғи ұлттық паркі - 1996жылы Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандары жерінде орналасқан.Алтынемел тауын қамтиды, аумағы 212,1 мың.га. Таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр қорғалады.

  46. Көкшетау паркі - 1996 жылы Ақмола облысында ұйымдастырылған. Аумағы 135,8 мың.га .

  47. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы - 2006жылы 26 қаңтарда ұйымдастырылған.

  48. Қорықшалар - 80 .

  49. Алматы мемлекеттік қорықшасы – биологиялық мақсатта, аумағы 724 мың.га. Мұнда альпілік және субальпілік шалғын мен биік таулы ландшафт басым. Сілеусін, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, елік, арқар, таутеке.

  50. Зеренді мемлекеттік қорықшасы - Ақмола облысында, аумағы 39,5 мың.га. Ерекшелігі- гранитті,таңғажайып шоқылардың , жалдар мен бұйраттардың болуы. Балыққа бай Зеренді көлі орналасқан.Тұяқты және терісі бағалы аңдар ( елік, борсық, қоян, тиін ) мен құстардан- саңырау құр, қырғауыл тіршілік етеді.

  51. Рахман бұлағы қорықшасы - Ш.Қазақстан облысы, Катон Қарағай ауданында,аумағы 109 га.Қарағай мен самырсыннан тұратын Алтайдың тайгалық ландшафты енеді. 1738 м биікте Рахман көлі табиғаты өте тамаша, Арасан өзені ағып шығады. Кремнийлі минералды ыстық сулы Рахман бұлағы бар, +40 ºС-қа жетеді, бұлақтың суы -гранит тақтатасты жыныстардан ағып шығады.

  52. Балқаш маңы қорықшасы - Алматы облысында, аумағы 200 мың.га.Өсімдік жамылғысы ақ сексеуіл, жүзгін мен қараған. Терісі бағалы аңдар мен су құстары қорғалады. Қабандар, қарақұйрық,ондатр, жетісу қырғауылы қорғалады..

  53. Қорықшалар қорғалатын нысандарына қарай геологиялық, ботаникалық хайуанаттар, қорықшалары болып бөлінеді.

  54. Табиғат ескерткіштері - 26, Павлодардағы «Қаздың қайтуы», Алматыдағы «Шарын шатқалы мен Шынтүрген шыршалы орманы». Ерекше қайталанбас нысандар-60, «Сауыр шыршалы орманы, Көшқорған палеонтологиялық ескерткіші, Қарақия, Маралды көлі, Мойылды көлі, Қарқаралы реликтің сфагнді батпағы, Сайбоздақ қайыңды орманы, Тархан геологиялық кешені, Шарын каньоны».

  55. 1991 жылы 29 тамызда Семей сынақ полигонын жабуға елбасы қол қойды.

  56. Альватория – қорық табиғат байлығын қорғау үшін, бірақ ондағы табиғаттың көркемдігін әр адам пайдалана алмайды, сондықтан осылай аталады.

  57. 1972 жылдан 5- маусым табиғатты қорғау күні.

  58. Қазақстан қорықтар саны бойынша 16 орында, республика жер көлеміне шаққанда үлесі бойынша 13-орында.

ІІ-бөлім. Қазақстанның жалпы экономикалық-әлеуметтік географиясы.

Елдің ЭГЖ-ы мынандай жоспар ( 6 ) бойынша қарастырылады:

1) елдің географиялық орны.

2) шекаралас елдері.

3) шикізат, отын-энергетикалық қорларына қатынасы.

4) ірі көлік жолдарына қатынысы.

5) елдің экономикалық-географиялық жағдайының өзгеруі.

6) елдің географиялық орнының экономикалық дамуына әсері.

  1. Қазақстанның минералды ресурс ерекшелігі – жер бетіне және бір-біріне жақын орналасуы.( ашық әдіспен өндіріледі) .

  2. Табиғат жағдайы – белгілі бір жердің шаруашылыққа әсер ету тұрғысынан алып жатқан аумағы, материктегі орны, көлемі, жер бедері, климаты мен су режимі, топырақ жамылғысы.

  3. Табиғат ресурстары:

Сарқылатындар: Сарқылмайтын:

а) қалпына келетін-су,жер ядролық энергия, күн мен жел

биологиялық ресурстар. энергиясы, климаттық қорлар

ә) қалпына келмейтіндер-

пайдалы қазбалар (энерг/метал/химиялық)

  1. Пайдалы қазбалардың 99/70/60 .

  2. Жер ресурстары: Жер қорының 82 % ауыл шаруашылығына жарамды, көлемі 270,1 млн.га. Жайылым мен шабындық-190 млн.га. Жыртылған жер- 36 млн.га. Әр тұрғынға 15 га жер, 2 га жыртылған жерден келеді.

  3. Биологиялық ресурстар: 5700-дей өсімдік, оның 14%-і тек Қазақстанға тән. 279-і Қызыл Кітапқа енген. 155- сүт қоректі, 480- құстар, 49- бауырымен жорғалаушы, 150- балықтың түрі кездеседі. Орманға өте тапшы,11 млн.га жерді қамтиды 4%. Каспий теңізінен қызыл балықтың 90 % -і ауланады.

  4. Су ресурстары : 80% су ауыл шаруашылығында егін суғаруға, өндіріс пен коммуналдық қажеттілікке пайдаланылады. Су ресурсы 115,3 млрд м³, оның 60,4 млрд м³ су қоры республика аумағында, ал 54,9 млрд. м³ су қоры көршілес аумақтардан келеді.

  5. Ішкі су қорының 62% Оңтүстік Қазақстанға, 30% Солтүстік Қазақстанға, 4,8% Орталық Қазақстанға, қалғаны басқа аймақтарға тиеселі.85 мыңға жуық өзен, 48 мыңнан астам көл бар. 8мыңға жуық өзеннің ұзындығы 10км-ден асады.

  6. Көлдердің жалпы ауданы 45 мың км², оның 94%-нің ауданы 1 км²-ден аспайды. 4 мыңнан астам тоған мен су қоймалары бар.

  7. Халқы : 1989жылы 16,7 млн.адам. 1999 жылы 14,9 млн.адам. 2004 жылы 15 млн-шы адам Семей жерінде дүниеге келді. Халық саны бойынша дүние жүзінде 50 орында, ТМД бойынша 4орында(Ресей,Украина,Өзбекстан.) Қала халқы 56 %, 1 км ²-ге 5,5 адамнан.ТМД-дағы тығыздықтан(12,8 адам)2,5 есе, әлемдік тығыздықтан(40-45 адам) 6,6 есе кем.

  8. Демография –халық саны, дамуы, құрылымы,табиғи өсуді зерттейтін ғылым. Этнография немесе халықтар географиясы айналысады.

  9. Халықтың ұдайы өсуі –ұрпақтың үздіксіз ауысып отыру процесі.

  10. Миграция – халықтың көшіп-қонуы. Алматы, Астана, Павлодар- негізгі көші-қон байқалатын қалалар.

  11. Механикалық қозғалыс халықтың басқа елдерден көшіп келушілердің есебінен көбеюі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]