Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-45 беттер 8-9кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.12.2019
Размер:
352.77 Кб
Скачать

Өзендері мен көлдері.

  1. Қазақстанда 85 мыңға жуық өзен мен 48 мыңға жуық көл бар.

  2. Көлдер мен өзендер солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды.

  3. Ішкі сулардың пайда болуы климат пен жер бедеріне байланысты.

  4. Суайрық- Сауыр-Тарбағатай, Сарыарқа, Торғай үстірті, Орал оңтүстігі

  5. Өзендер 2-алапқа бөлінеді:

а) Солтүстік Мұзды мұхит

ә) Ішкі тұйық алап- Каспий, Арал, Балқаш.

  1. Ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 өзен бар. Ертіс-4248/1700 км. Есіл- 2450/1700км. Тобыл- 1600/800 км. Сырдария- 2212/1400 км. Іле- 1400/815 км. Жайық- 2428/1082 км. Шу- 1186/800 км .

  2. 70 ºш.б. меридианын 2-рет кесіп өтетін Есіл өзені.

  3. Су шығыны- өзен қимасынан 1 сек. ағып өтетін судың мөлшері. Ертісте- 960м³/сек. Сырдарияда- 730 м ³/сек.

  4. Жылдық ағын- өзеннен жыл бойында ағып өтетін су шығыны.

  5. 3000-дай бөгендер мен тоғандар-энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық, спорт,балық аулау және ауыл шаруашылығына пайдаланады. Ертіс-Бұқтырма. Іле- Қапшағай. Сырдария- Шардара.

  6. Өзендердің қөректену көздері-4. Қар және жаңбырмен - Есіл, Тобыл. Қармен - Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай, Сарысу. Қар және мұздықпен- Сырдария, Іле, Қаратал, Ертіс.

  7. Жер асты сулары Мойынқұм мен Қызылқұмда, 300-500 м. тереңдікте кездеседі. Қазақстанның жер асты теңіздері.

  8. Сырдария өзені - ең лайлы өзен, 1200 г/м ³, қараша-сәуірде қатады, мұздың қалыңдығы 125 см .Орталық Тянь-Шаньнан басталып, 4 елден ағып өтеді. Суы 1700 мұздықпен толығады. Салалары: Арыс, Келіс, Нарын. 1974 жылдан суы Арал теңізіне құймайды.

  9. Ертіс өзені- транзитті өзен (Қытай,ҚР, Ресей), Зайсанға құйып, одан ағып шығып Обь өзеніне құяды. Обьтың ірі сол жақ саласы. Салалары: Бұқтырма, Үлбі, Үбі, Шар, Қызылсу. Өзен бойында СЭС-тер салынған. Өскемен, Семей, Павлодар қалаларында өзен порттары салынған. Ертіс-Қарағанды каналы – 1974 жылы салынған, ұзындығы 458 км.

  10. Жайық өзені - Орал тауы оңтүстігінен басталады да Каспий теңізіне құяды. Портты қалалары – Орал мен Атырау. Салалары : Самара, Шаған, Елек, Бұлдырты, Өлеңті, Қалдығайты, Ойыл, Сағыз.( кей салаларының суы жазда Жайыққа жетпейді.)

  11. Іле өзені- шығыс Тянь-Шаньнан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болған. Салалары :Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шелек, Шарын, Өсек. Қар және мұздықтың суларымен қоректенеді, тасты-лайлы селдер жиі болады. 1963 жылғы сел Есік көлін жойды. 1966 жылы Медеу бөгені салынған, биіктігі-100 м, табанының ені 60 м. Медеу бөгені 1973 жылы шілдеде Алматыны селден қорғап қалды.

  12. Каспий теңізі - дүние жүзіндегі ең үлкен тұйық көл, ауданы- 390 мың км².Неоген кезінде Қара теңізден бөлінген. Теңіз деңгейінен -27 м. төмен жатыр. Солтүстіктен-оңтүстікке 1200 км, жағалау сызығы-7000 км. Қазақстан жағалауы -2340км, яғни 29 %. Ресей-16 %. Азербайжан-20 %. Түрікменстан-21 %. Иран- 14 % . Тереңдігі- солтүстікте-5 м, орталығында- 200ден-788 м-ге, оңтүстігінде 1025 м. Аралдары – Төленді, Құлалы, Морской .Аралдар ауданы-2045 км ². Түбектері- Маңғыстау, Бозащы, Түпқараған. Жазда +24+26 ºС, қыста -7-11 ºС. Тұздылығы Жайық сағасында 0,2-2 ‰,ортасында 10-12 ‰,оңтүстігінде 13-14 ‰ .

  13. Теңіз порттары - Атырау, Ақтау, Баутино.

  14. Теңіз суы 1978 жылдан көтерілуде.

  15. 1973 жылы Ақтау АЭС-і салынған.( энергия және тұщы ауыз су )

  16. Арал теңізі- ауданы 66 мың км ², ұзындығы 428 км, ені 235 км. Ауданы бойынша 4 орын( Каспий, Жоғарғы, Виктория). Аралдары- Көкарал,

Барсакелмес, Возраждение. Жазда +24+26 ºС,ең жоғарғы +45 ºС. Қаңтарда оңтүстікте -6-8 ºС, солтүстігінде -11-12 ºС, ең төмені -38 ºС.

  1. Антропогендік фактор әсерінен Арал теңізі тартылуда, 1974 жылдан Сырдария, 1982 жылдан Әмудария суы теңізге жетпейді.

  2. 1994 жылдан Арал қоры экологиялық проблемалар туралы мәселелер ұсынуда.

  3. 1998 жылы Амстердамда 22 ел қатысқан халықаралық конгресте Арал балалары денсаулығы қаралды.

  4. Каспий және Арал теңіздері ежелгі Тетис теңізі орнындағы қалдық көлдер.

  5. Балқаш көл і- ауданы-18200 км ²,ұзындығы 614 км, ең енді жері -74 км. Жағалауы 2383 км, су көлемі 106 км³, тереңдігі батыста-6-12 м, шығыста-15 м.

Ең терең жері-27 м. Аралдары- Басарал, Тасарал. Құятын өзендер- Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас. Тұздылығы шығысында 5,2 ‰. Шілдеде орташа +24 ºС, қаңтарда-8 ºС,жауын-шашын 120мм. Көлдің суы қарашадан қатады, мұздың қалыңдығы 70 см.

  1. Балқаш көлінде терісі бағалы аңдар өсіріледі.( ондатр)

  2. Зайсан көлі ағынды көл.

  3. Көлдер- қазаншұңқырлары пайда болуына байланысты 6 топқа бөлінеді. Тектоникалық, реликті-қалдық, мұздық, кар, суффозиялық-борпылдақ жыныстар шөгуінен, ескі арна көлдері.

  4. ХХ ғасырда 1936-40 жылдары ең аз сулы кезең болды, осы кезде солтүстіктегі көлдердің 70%-ы құрғап қалды.

  5. Минералды сулар - таулы өлкелерде, Жоңғар Алатауы, Іле Алатауында Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркент, Жаңақорған. Алтайда-Рахман бұлағы 1500 м биікте бар.

  6. Қазақстан тауларында 2724 мұздық бар,ауданы- 2033,3 км ², көлемі- 100 км³. Оңтүстікте 3600 м, ал солтүстікте 2600 м-ден мұздықтар басталады. 32. Тау мұздығының 3 түрі бар. Төбе мұздық, беткейлік мұздық, аңғарлық мұздық.

  7. Ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы –ұзындығы 12 км, ауданы-38 км². Хионосфера-мұздықтар қалыптасатын белдеу.(грекше- қар қабаты) 32. Трог- тау өзендері басталатын аңғарлық мұздықтар. Глетчер- ауырлық күшіне байланысты тығыздалған мұздықтар. Фирн- жентектелген қарлар мен мұздар.

  8. Солтүстік қазақ жазығының өзендері мен көлдеріне Солтүстік Америкадан әкелініп, жерсіндірілген- ондатр.

  9. Қазақстандағы сарқырамалар: ең биігі Көккөл 70 м - Алтайда.Тянь-Шаньдағы - Күркілдек 54 м.Түрген аңғарындағы –Аюлы 30 м.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]