Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-45 беттер 8-9кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
352.77 Кб
Скачать
  1. АӨК-де мал шаруашылығынан ірі қара, қазақы және қаракөл қой, таулы аймақтарда биязы жүнді қой өсіріледі. ОҚО –да жібек құрты.(тұт ағашы).

  2. Өнеркәсібі: Шымкент қорғасын-мырыш зауыты Ащысай мен Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары шикізатымен жұмыс істейді. Шымкентте химия-фармацевтика, фосфор тұздарын өндіретін, және 1969 жылы салынған мұнай өңдеу зауыты бар. Мұнай Ресейдің Батыс Сібір ауданынан Омск-Павлодар-Шымкент құбыры арқылы тасымалданады. Құмкөл мұнайы да осында тасымалданады.

  3. Тараз суперфосфат зауыты құрамында 70% қоректік заты бар фосфор тыңайтқышын береді. Фосфор қалдықтарын шлаг, цемент өндірісінде, фосфорды қара металлургияда пайдаланады.

  4. Машина жасау: 1950 жылдан дами бастады. Кентаудағы экскаватор зауыты – экскаватор және Өскемен ЭС үшін жабдықтар. Шымкентте - алып пресс автомат шығаратын, жоғары вольтті аппаратура мен электр жабдықтары зауыты, автомобильдер. Алматыда - ірі машина жасау кешендері, «ААМЖЗ», «Поршень», «Электроқұрал», төменгі вольтті аппаратура, 1996 жылдан «Іскер-ГАЗ» кәсіпорны (жүк тасымалдайтын машиналар, микроавтобусдар, автокрандар), «КамАЗ». Талдықорғанда – аккумулятор жасалады.

  5. Шымкент пен Сазтөбеде жергілікті шикізаттарды пайдаланатын цемент зауыты жұмыс істейді.

  6. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдері жалпы көлемі бойынша І-орында. Республика бойынша жиналатын мақта, жүн, тері өнімдерінің 70%-тен астамы осы ауданнан өндіріледі.

  7. Мақта тазалау мен мақта-мата комбинаттары (Алматы, Шымкент). Былғары аяқ-киім (Тараз, Қызылорда). Байпақ-шұлық, костюм тігу (Шымкент). Кілем (Алматы)

  8. Республика бойынша тамақ өнеркәсібі өнімдерінің 50% осы ауданда өндіріледі. Алматы- ет, жеміс-жидек, темекі, шарап жасау. Тараз бен Талдықорған - қант зауыттары. Қызылорда - тұз, күріш тазалау зауыты. Балқаш, Арал, Алакөл - балық өңдеу зауыттары.

  9. 70% суармалы егіншілік пен 40%-дан аса қой шаруашылығы осы ауданға тиеселі.

  10. АӨК-ң мал шаруашылығы дамыған , қаракөл қой ( Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жерлерінде ), биязы жүнді қойлар (Алматы және таулы өңірлерде).

  11. Республикадағы алатау сиыры, талас сиыры, етті-сүтті ақбас сиыр өсіріледі.

  12. «Құланды» Қызылорда, «Басши», «Дегерес», «Алғабас», «Қызылағаш» Алматы, « Құлан» Жамбыл – жылқы зауыттары жұмыс істейді.

  13. Оңтүстік Қазақстан Ақсуда – кока-кола, сіріңке, Сұлтан макароны .

  14. Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіп тораптары: Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда.

ІІІ- бөлім. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.

  1. 1992 ж.2 шілде. Ресеймен өзара Достық ынтымақтастық келісімі жасалды. Ресей - ең ірі сауда әріптесі. Қазақстан мұнайы мен газын - Ресей мұнай құбырлары арқылы сыртқа шығарылады.Соколов - Сарыбай тау-кен бірлестігі Магнитогорск металлургия комбинатымен экономикалық байланыста.

  2. 1996 ж. 19 наурыз. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мемлекеттері экономикалық, интеграциялық, кедендік одақ құрды.

  3. Беларусь елінен машина, құрал-жабдықтар, тыңайтқыштар, химия өнеркәсібі бұйымдары, тоқыма өнімдерін алады.

  4. Украинаға - мұнай, химия өнімдерін, қара және түсті метал, автомобиль аккумуляторын, мал терісі мен жүн береді. Украинадан - ауыл шаруашылығы және көлік техникаларын, жолаушы автобустарын, тамақ және жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын алады.

  5. 1993 ж.шілде. Грузиямен арада инвестицияны қорғау, жүк тасуға қажетті транзиттік жолдар туралы келісімдер жасалды.

  6. Қырғызстанмен бірге 360 МВт СЭС ,1998 ж ұзындығы 70км-лік Алматы-Ыстықкөл автомобиль жолы, ҚР ураны Қарабалта зауытында өңделеді, Нарын-Сырдария су қоймасын бірге пайдалану, екі ел бірге Бұхара газын тасымалдап, пайдалану келісілген.

  7. 1993ж 23 желтоқсан. АҚШ-пен сауда қарым-қатынасы туралы келісімге қол қойылды. «Рахат» компаниясы АҚШ-тық «Банфайма» мекемесімен кондитер саласында бірлескен. Алматы темекі комбинатын «ФилипМоррис» компаниясы1993 жылдан басқарады. «ТеңізШеврон»,Теңіз,Қарашығанақ мұнайларын игеруде.Павлодар ЖЭО мен ЖЭС-да « Эксесс Индестриз» және «Уайтсвен» компаниялары Қазақстанмен бірлесіп жұмыстар атқаруда. «РахатБанфайма» мекемесі Малайзия көмегімен Семейде ЖЭС салу( құны 1млрд 300 млн доллар, күші 1300 МВт) келісімін жасады.

  8. Германияның «Эрдель-Эрдгаз Гоммерн ГИБХ» компаниясы Батыс Қазақстан мұнайын игеруде. «Шиллер» компаниясы Қазақстандық «Думан» фирмасымен бірлесіп, елімізде дайын тамақ өнімдерін шығаруда.

  9. Францияның 20-дан астам мекемелері жұмыс атқаруда.

  10. 1992 жылдан Италиямен экономикалық қатынастар орнады. 18 фирмасы,40-тан аса компаниялары жұмыс істеуде. Ақтөбе макарон фабрикасы.

  11. Ұлыбританияның «Транс Уорлд Групп» компаниясы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі жұмыс істеуде.

  12. 1993 ж.Венгрияға - мақта, мұнай өнімі, фосфор, химия өнімдерін береді. Венгриядан дәрі-дәрмек, медтехника, металлургиялық құбырлар, тамақ өнімдерін алады.

  13. Испанияның «Астурина», «Репсол» компаниялары мұнай, газ кен орындарын зерттеуге,бірігіп пайдалануға, мырыш зауыттарын, ауыл шаруашылығын бірігіп дамытуға көмек беруде.

  14. Жапониямен үш бағытты экономикалық байланыста: сауда, инвестиция, экономикалық көмек. Жапония 70 млн доллар несие берді. Семейде Ертістегі көпір салу, теміржол инфрақұрылымына, Астана аэропортын жөндеу, Батыс Қазақстан автомобиль жолын жөндеу, Ақтау портын құруға. Жапония фирмалары «Дөң» хромит комбинатын, Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарын басқарады.

  15. Кореяның «Самсунг» компаниясы «Қазақмыс» бірлестігін басқаруда.

  16. Үндістанның Миттал Лакшми басқарған компаниялары Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмірі мен металлургиясында жұмыс істеуде. Үндістаннан дәрі-дәрмек, шай,тұрмыстық тауарлар алынады.

  17. 1992 жылдан ҚХДР-мен сауда-экономикалық қатынастар дамыған. «Ақтөбемұнай» кенінде, Алматы ауыл шаруашылығында Қытай тракторлары пайдалануда, «Достық-Алашанькоу» темір жолы мен мұнай құбырлары салынды.

  18. Түркиямен экономикалық қарым-қатынастың маңызы зор. Түркияға- мыс, мырыш, қара металл прокаты, тыңайтқыш, мал терісі, жүн шикізаттарын экспорттайды. Түркиядан- халық тұтынатын тауарлар, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмек, автомобиль, автобустар, құрал-жабдықтар алады. «Анкара» қонақ үйі, «Рамстор» дүкені, Петропавл макарон зауыты, Астанадағы ғимараттар. ОҚО-дағы Ақсуда- Сіріңке, «Сұлтан» және «Кока-кола» өндірістері.

  19. Израиль мемлекеті Қазалы мен Аралда тұзды жерлерде бау-бақша өсіру технологиясын дамытуда.

  20. Оман сұлтанатымен Каспий теңізі мұнайын тасымалдауда құбырлар салу, жүк таситын базаларды пайдалану, сауда-экономикалық байланыстар орнатуда.

  21. Қазақстан экономикалық байланысы Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Сауд Арабиясы елдерімен нығаюда.

ХІ – бөлім. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы .

  1. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на мүше болды. ( ұйым 1945 жылы құрылған, штаб пәтері-АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында )

  2. 1992 жылы қаңтардан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға ( ЕҚЫҰ) мүше. Ұйым Еуропадағы қарулы күштер туралы келісімді реттеуші қызметін атқарады.

  3. 1992 жылдың қазан айында Қазақстан экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше болды. Оның құрамына Ауғанстан, Әзірбайжан, Орталық Азия елдері, Иран, Пәкістан, Түркия мемлекеттері кіреді.

  4. 1992 жылдың қараша айынан Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымымен (НАТО) қарым-қатынасы қалана бастады. НАТО-ның ресми мақсаты - бейбіт өмір сүруге ұмтылған мемлекеттердің қауіпсіздігін қорғау және жалпы жер шарындағы тыныштықты сақтау.

  5. 1992 жылдың шілде айынан Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше . ХВҚ- әрбір елдің экономикалық дамуы мен тұрмысын бағалау негізінде квота мөлшерін әр 5 жылда белгілейді . Квота белгілеуде елдің ЖІӨ-і, ұлттық табысы, сыртқы сауда, импорт пен экспорты ескеріледі.

  6. Қазақстанда Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) ынтымақтастығының нәтижесінде шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды. Қазақстан Орталық Азиядағы ЕҚҚДБ-нің басты серігі.

  7. 1994 жылы Азия даму банкісінің мүшесі.

  8. 1995 жылдан Ислам даму банкінің мүшесі.

  9. 1998 жылдан БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының мүшесі

  10. 1998 жыл 1 қаңтарынан БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) басқарушылар кеңесінің мүшесі.

  11. БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастығы, ана мен бала денсаулығы, білім беру, сумен қамтамасыз ету, отбасын жоспарлау және қорғауға бағытталған.

  12. БҰҰ-ның Білім беру ,ғылым және мәдениет ұйымымен ынтымақтастығы - әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында Лиссабон Конвенциясына қол қойды.

  13. Шанхай ынтымақтастық ұйымы 1996 жылы 26 сәуірде - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Ресеймен ортақ саясаттың маңызы зор.

Дүниежүзілік туристік ұйымның толық мүшесі.

45

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]