- •Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері – 4 түрлі.
- •Пайдалы қазбалары.
- •Өзендері мен көлдері.
- •Қазақстан топырағы.
- •Табиғат зоналары, табиғатты қорғау.
- •Юнеско қорғауға алған батпақты, көлді-шөлді қорық- Қорғалжын.
- •Ұлттық табиғи парктер - 5 .
- •Халқы және еңбек ресурсы
- •Қазақстан шаруашылығы.
- •Машина жасау кешені .
- •Астана - «Ақмола Сельмаш»
- •Химия өнеркәсібі.
- •Құрылыс материалдары.
- •Агроөнеркәсіптік кешендер.
- •Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
- •Көлік және коммуникация.
- •Экономикалық аудандар.
- •Қазақстанды 5- экономикалық ауданға бөлген н.Н. Баранский.
- •Еркін экономикалық аймақтың мағынасы – салық жеңілдігі мен кеден режимі.
- •1500 М.Биікте радиоактивті -Рахманов бұлағы бар.
- •Оңтүстік Қазақстан Ақсуда – кока-кола, сіріңке, Сұлтан макароны .
1500 М.Биікте радиоактивті -Рахманов бұлағы бар.
Орман шаруашылығы дамыған, республикадағы орманның 40% осында
Семей маңындағы Суықбұлақта- цемент шикізаты әктас, Ауыл станциясы маңында гипс, құрылыс тастары өте мол.
Түсті металлургия 1717 жылдан,яғни ХVІІІ ғасырдан дамыды, алғашқы кәсіпорны Риддер полиметалл комбинаты. Ауданда түсті металдың 32 түрі өндіріліп, 17-сі өңделеді.
Түсті металлургияның қорғасын, мырыш, титан, магний сияқты энергияны көп қажет ететін түріне маманданған. Арзан энергия, мол шикізат, кен орындарының жақын орналасуына байланысты.
Қазақстандағы 141 алтын кен орнының 62-сі осында, 1998 жылдан жылына 887кг алтын өндіреді. «Алтай, Бунашам, Суздаль, Алел, Андас-Алтын, Орталық Мұқыры» алтын өндіруші кәсіпорындар.
Өскемен - негізгі өнеркәсіп орталығы, Семей - жеңіл өнеркәсіп орталығы.
Семейде Ертіс өзеніндегі көпірді жөндеуге 70 млн АҚШ долларынан несие бөлген- Жапония .
Риддер полиметал комбинаты Риддер мен Тишинскінің қорғасыны мен мырышын тазартып, Өскемен зауытына шикізат дайындап береді.
Күкірт қышқылын алуға пирит концентратын Таразға. Мыс концентратын Глубокое поселкасындағы Ертіс мыс зауытына мыс алуға жібереді. Ертіс мыс балқыту зауытына шикізат Белоусов, Верхне-Березовск кен комбинаттарынан да келеді.
Зырян қорғасын комбинаты түсті металлургия ірі кәсіпорны, Ресей күміс ақшасының 75% берген.
Шығыс Қазақстанның түсті металлургиядағы үлесі: қорғасын-66, мырыш- 75, мыс-30, алтын-57, күміс-36, концентратты мыс-27, афинажды алтын-81, афинажды күміс-33, титан-100%-ын өндіреді.
Жер байлығын пайдаланудың №173 мемлекеттік лицензиясы бойынша пайдалы қазба өндірудің 46%, зерттеудің 29%, өндіру тұрғысында зерттеудің 25%-і тиеселі.
СЭС-жылына 62 млрд кВт/сағ. электр энергиясын береді, бұл республика энергиясының 20%, электр желісі ұзындығы бойынша жетекші орында, өндірген энергияның 15%-ін пайдаланады.
СЭС-тер: Бұқтырма, Үлбі, Хариуз, Тишинск, Өскемен, Шүлбі .
Алтай энергетикалық жүйесін құрап, Рубцовск арқылы Ресейдің Алтай өлкесімен, Ертіс бойындағы Павлодар және Ақсу ЭС –мен жалғасады.
Өскеменнің «Шығысмаш» зауыты бұрғылау және жүк тиейтін машиналар, кен қазатын құрал-жабдықтар. Өскеменде арматура, полимерлік машина жасау зауыты. Өскемен конденсатор зауыты өнімдерін- темір жол, электр техникасы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, медицина және машина жасау өнеркәсіптері пайдаланады, конденсатор шығарады. Өскеменде калий тыңайтқышы шығарылады.
Семейде «Қазақкабель», арматура , станоктар. Жеңіл және тамақ өнеркәсіп орталығы.
Қалба жотасындағы Суықбұлақ пен Сажевск әктасы негізінде Семей және Өскемен (Октябрьск) цемент зауыты жұмыс істейді.
Ағаш даярлау, өңдеу, материалдар дайындаудан жетекші орында. Өскемен, Риддер, Зырян, Семей, Шемонаиха, Қарақожа, Черновинскідегі ағаш өңдеу комбинаттары өнімдері (жихаз,үйге қажетті заттар) жоғары сапалы.
Жеңіл өнеркәсіп: Семейде - мақта жібін иіру, жүн жуу, шұлық, тігін-трикотаж, шұға комбинаттары, текемет. Риддер мен Зырянда - тігін,трикотаж. Өскеменде- жібек талшықтар мен жібек мата комбинаты. Тон-тері, былғары, аяқкиім, жүн жуу, жүн иіру ертеден дамыған.
Тамақ өнеркәсібі: Семей ет комбинаты қуаты жөнінен Мәскеу мен Энгельстен соңғы ІІІ-орында. Ет өнеркәсібі жетекші- Семей, Өскемен, Риддер, Аякөз, Зырян, Приозерное елді мекенінде дамыған. Өскемен күнбағыс майын шығарады.
АӨК-де мал шаруашылығы жетекші, жерінің 80% шалғындық мал жайылымы. Марал, омарта шаруашылығы жақсы дамыған, ірі қара мен (етті-жүнді бағытта) биязы жүнді қой, ангор ешкісі өсіріледі.Оңтүстік пен оңтүстік-шығысында қазақтың қылшық жүнді қойы мен қаракөл қойы өсіріледі. Балдың 50%-ін береді, марал мен шұбар бұғының мүйізінен панта алынады. Пантакрин дәрісі жасалады. Құс өсіру қала маңында, ал шошқа өсіру славян халқы қоныстанған жерде дамыған.
Егін шаруашылығы Ертіс бойы мен Белағаш даласында, тау бөктерлерінде дамыған. Жаздық бидай, күздік бидай, күздік қара бидай, қарақұмық, күнбағыс (республикадағы күнбағыс егістігінің 80% ), сұлы( мал азығы үшін), арпа (сыра қайнатуға), жүгері, тары(құрғақ оңтүстігінде) өсіріледі.
Шығыс Қазақстанның өнеркәсіп тораптары : Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Глубокое, Аягөз.
«Жаңғызтөбе» Кенді Алтай өнеркәсіп тораптарын байланыстырушы жол.
Өскемен қаласы 1720 жылы, Семей қаласы 1717 жылы салына бастаған.
Өскеменде қорғасын-мырыш және магний-титан зауыттары .
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы – халық сирек қоныстанған шөлді аудан. БҚО мен Атырау облысы дүниенің екі бөлігінде орналасқан.
Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт, Орал тауы оңтүстігі, Маңғыстау түбегі, Үстірт, Мұғалжар, Тұран ойпаты солтүстік- батысында орналасқан.
Аудан мұнай - газ, ферроқорытпа, балық , химия өнеркәсібіне маманданған.
Пайдалы қазбалары: Ақтөбе облысында- хром мен никель (Кемпірсай, Дөң) , марганец (Мұғалжар), мұнай(Кеңқияқ, Жаңажол, Шұбарқұдық), фосфорит (Алға). Атырау облысында – мұнай -газ ( Доссор, Махат, Қосшағыл, Құлсары, Прорва, Теңіз, Қашаған). Борат, калий тұздары(Индер көлі). Маңғыстауда - мұнай мен газ ( Жаңаөзен, Теңге, Қаламқас, Қаражамбас, Жетібай). БҚО - Қарашығанақ мұнай-газдары.
Климаты өте құрғақ, шұғыл континентті, қысы суық, жауын-шашыны өте аз, су тапшылығы анық байқалатын аймақ.
Батыс Қазақстан экономикасы дамуы 60-жылдардағы мұнай мен газдың ірі кендері ашылуымен байланысты. Теңіз мұнай кен орны 90-шы жылдардан игерілуде.
Атырау, Маңғыстау облыстары - балық, мұнай, газ өндіруге, ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары - никель, хром, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыш пен газ өндіруге , сондай-ақ жеңіл және тамақ өнеркәсібіне маманданған.
Кемпірсай мен Дөң кен орындары хромы мен никелі Хромтау комбинатында өндіріледі. Ақтөбеде феррохром зауыты 1938 жылдан бастап жұмыс істейді.
Машина жасау - Атырауда ( облыс 1938 жылы қаңтардың 15-інде құрылған мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар,бұрғылау машиналары . Ақтөбеде- рентген аппараты зауыты, мұнай мен ауыл шаруашылығы машиналары, трактор, автомобилге қажетті бөлшектер.Оралда- механикалық арматура, кеме жөндеу, жел двигательдері . Жалғыз мия зауыты- Оралда.
Химия өнеркәсібі - Атырау мен Ақтаудағы( 1992 жылы салынған) мұнай өңдеу зауыттары. Атырау - полиэтилен, Индер көлінен борат тұзын өндіру. Ақтөбе - хром қоспалары, фосфор тыңайтқышы. Ақтау – пластмасса.
Батыс Қазақстан мергель, әктас, гипс,ұлутасқа өте бай. Маңғыстаудың Қаратауында- ұлутас, Ақтауында-әктас кездеседі,оны өндіреді.
Тамақ өнеркәсібі - Атырау балық өңдеу зауыты, Ералиев, Баутино балық- консерві зауыттары. Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде ұн-жарма кәсіпорындары жұмыс істейді.
Жеңіл өнеркәсібі: Оралда- тон, пима, «Клара Цеткин» тігін фабрикасы. Тері–тон, киіз басу, былғары, аяқкиім, тігін тігу салалары жақсы дамыған.
АӨК-де мал шаруашылығы жетекші.Аудан жерінің 92%-ы жайылым мен шабындық. Еділбай және қаракөл қойлары, жылқы мен түйе өсіреді. Түйе саны бойынша І-орын.
Батыс Қазақстанның өнеркәсіп тораптары: Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал.
Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандары: Есіл, Тобыл, Обаған өзендері мен шығысында Ертіс өзені орта ағысы алабында орналасқан,Батыс Сібір жазығының оңтүстігі мен Қазақтың ұсақ шоқысы Сарыарқаның солтүстігі аралығында, республиканың 22%-ын қамтиды.
Жер бедері тегіс, орманды дала, дала, оңтүстігінде шөлейтке ұласады.
Пайдалы қазбалары: Қостанайда - темір (Соколов- Сарыбай, Әйет, Қашар, Лисаков), асбест (Жітіқара), қоңыр көмір (Торғай), боксит (Арқалық,Қостанай). Павлодарда - көмір (Екібастұз, Майкүбі), мыс ( Бозшакөл), ас тұзы (Қалқаман, Кереку, Тобылжан), алтын ( Жітіқара, Майқайың, Степняк, Васильков, Жолымбет, Ақбейіт, Бестөбе ). Әктас, шыны кварцты құмы, отқа төзімді саз, құрылыс материалдары өте көп.
Аудан егіншілік пен металлургияға маманданған. (Тау-кен саласы)
Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер 50 млн.га, оның 24 млн.га-жыртылған жер, 26 млн.га жайылым мен шабындықтар.
Жауын-шашын 350-400 мм, қара топырақты орманды дала( ені 150-200км) мен дала зонасы суарылмайтын егін егуге мүмкіндік береді. Вегатациялық кезең 130-135 күн.
Су қоры мол, Ертіс, Есіл, Тобыл ірі өзендері, ұсақ өзендері өте көп. 13 мың- дай көл бар- Қостанайда (Құсмұрын,Сарықопа),Ақмолада (Теңіз, Қорғалжын, Шағалалы, Сілетітеңіз, Бурабай, Шучье).
Есілден басталатын Есіл, Булаев, Преснов жер асты су құбырларын Сергеев, Вячеслав су қоймалары сумен қамтамасыз етеді.
Аудан жерінен 4 транзитті темір жол өтеді, Ресейдің Орал, Алтай, Батыс Сібір экономикалық аудандарымен шектескен.
Ауыл шаруашылығы жерінің 43%-ы жыртылған жер, егістіктің 78%-ына жаздық бидай егіледі.
Республика астығының 90%-ын береді. Республикадағы жаздық бидай егісінің 75%-ы, тары егістігінің 40%-ын береді. Солтүстігінде негізінен жаздық бидай және сұлы, арпа, күздік қара бидай, қарақұмық, жүгері(мал азықтық), орталығында тары егіледі .
Техникалық дақылдардан күнбағыс( Павлодарда республикадағы егістің 20%), шашақты зығыр (Қостанайда), қыша, сора өсіріледі.
Мал азықтық табиғи мол жем-шөптер, мал азықтық жүгері ( аудан егіс көлемінің 24% құрайды).
Ауыл шаруашылығы жерінің 57%-ы жайылым мен шабындық, сүтті, сүтті-етті ірі қара жетекші. Сүт бағытында солтүстігінде- даланың қызыл сиыры, ет бағытында оңтүстігінде – қазақтың ақбас сиыры. Солтүстігінде биязы жүнді қой, оңтүстігінде етті-майлы еділбай тұқымды қойлар кең тараған. Егіншілікті және қала маңдарында құс, шошқа, көкөніс, картоп, бау-бақша дамыған.
Аудан өнеркәсібі ертеден ауыл шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты болған, ал ауыр өнеркәсіп 60-жылдардан бастап дамыды.
Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары жетекші орын алады.
Ет комбинаттары- Екібастұз, Рудный, Жітіқарада, ең ірісі Павлодарда.
Сүт және май шайқау еттен соңғы ІІ-орында. Павлодар-құрғақ сүт зауыты. Қостанайдың «Баян сұлу» кондитер фабрикасы.
Ұн тарту - Астана, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Көкшетау.
Былғары (Павлодар, Петропавл), аяқ-киім мен тігін (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Петропавл), жасанда штапель-талшық( Қостанай).
Қостанай темірі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков кен комбинаттары Қарағанды, Теміртау, Орал қара металлургиясына шикізат дайындап береді.
Павлодар алюминий зауыты Арқалық бокситі, Ертіс суы мен электр энергиясын пайдаланады. Павлодар мұнай өңдеу зауытына мұнай құбыры Атырау-Ресей бағыты арқылы келеді.
Павлодар облысының Ақсу қаласында Орталық және Батыс Қазақстанның марганец, хромитін, Оралдың кварцитін пайдаланып, сапалы болат беретін ферросилицум (ферроқорытпа) зауыты бар.
Машина жасау өнеркәсібі: Ақмолада - («Ақмоласельмаш», «Қазақсельмаш») ауыл шаруашылық машиналары. Павлодарда - трактор (1968ж.), Қалқаманда -бульдозер, Макинде - автомобиль мен трактор бөлшектері, Петропавлда - қара металлургияға қажетті жабдықтар,шағын литражды қозғалтқыштар зауыты. Көкшетауда – медицина (оттек-демалу) аппараттары, таразы жасалады.
Қостанайда – жасанды талшық, Павлодарда - мұнай өңдеу зауыты бар.
Солтүстік Қазақстанда тас, құм, әктас, саз мол. Атбасар мен Шучинскіде тас карьері. Қостанай мен Астанада силикат кірпіш, темір-бетон зауыты. Жетіқара асбест комбинаты асбест құбырын, шифер, плита шығарады. Астанада- фарфор-фаянс зауыты орналасқан.
Екібастұз көмірін пайдаланатын 20-дан сатам ЖЭС, МАЭС, ЖЭО-тары энергиясын Ресейдің Орал, Батыс Сібір аудандары да пайдаланады.
Энергияны ЖЭС-тар береді, Петропавл, Астана, Рудный, Екібастұз, Павлодар. СЭС-тар Павлодар мен Ақсуда.
Экономикалық ауданда жүктің 20%-ы автомобильмен, 80%-ы темір жолмен тасымалданады. Автомобиль жолы маңызды.
Павлодар- Екібастұз аумақтық-өндірістік кешені құрамына- Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Қалқаман және Кереку, Тобылжан, Майқайың, Бозшакөл қала типтес мекендері де кіреді.
Солтүстік Қазақстан өнеркәсіп тораптары: Павлодар, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Астана.
Коряков форпост атауы бойынша 1720 жылы Павлодар қаласы салынған.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы шөлді оңтүстік пен таулы аймақтарда орналасқан.
Бау- бақша, жеміс-жидек өсіруге, металлургияға маманданған.
Су ресурсы 49%-ын қамтиды, бірақ біркелкі таралмаған. 300-500 м. тереңдікте Мойынқұм мен Қызылқұмда, Бетпақдалада жер асты суы мол қоры бар.
Климаты өте ыстық, жауын-шашыны өте аз. Вегатациялық кезең 180-185 күн.
Пайдалы қазбалары: сульфат пен ас тұзы-Аралда, фосфорит - Қаратау жотасы( Жаңатас, Қаратау,Ақсай). Полиметалл- Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, Хантағы , Текелі кен орындарында кездеседі. Мұнай- Құмкөлде. Асбест-Хантауда. Мәрмәр, қоңыр көмір, темір,Түркістанда- гипс( цемент үшін)мол қоры бар.
Суғармалы егіншілікті аудан. Бау-бақша, жеміс-жидек, жүзімдіктер, дәнді дақылдар өсіріледі. Сырдария, Іле, Қаратал өзендері бойында –күріш егіледі.
(Қызылорда, Алматы облыстары). Техникалық дақылдан: Мақта (Шымкент), қызылша (Жамбыл, Алматы), темекі (Алматы) . Жүзім ( Жамбыл, Шымкент, Алматы )
