Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-45 беттер 8-9кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.12.2019
Размер:
352.77 Кб
Скачать

Экономикалық аудандар.

  1. Экономикалық аудан - аумақтың еңбек бөлінісі ортақ, өзара байланысты шаруашылыққа маманданған, кешенді дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.

  2. Экономикалық аудандастыру - еңбек бөлінісі ортақ аймақтарды топтастыру.

  3. Аумақтық еңбек бөлінісі - әрбір ауданның өндірілетін өнімдерін басқа аудандарға шығарып, олардан өзіне қажетті өнімдерді алуы.

  4. Қазақстанды 5- экономикалық ауданға бөлген н.Н. Баранский.

  5. Шаруашылықтары : маманданған, қосалқы, қызмет көрсету боп бөлінеді.

  6. Еркін экономикалық аймақтың мағынасы – салық жеңілдігі мен кеден режимі.

Аудан

Жер аумағы

Халқы

Маманданған

Кіретін облыстар

IV

Орталық

428мың км2

1км- 3,6 адам

қала халқы 86%

1331 мың адам

V

Қара металургия, отын, түсті металургия-мыс

Қарағанды облысы

V

Шығыс

283,2 мың км2

1км- 6 адам

қала халқы 60%

14554 мың адам

IV

Полиметалл яғни түсті металургия мен арзан энергия

Шығыс Қазақстан облысы

I

Батыс

736,1 мың км2 1км- 2,9 адам

20824 мың адам

III

Мұнай-газ, Cr мен Ni ферроқорытпа, балық

Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы

III

Солтүстік

565 мың км2 1км-7,2 адам

35228 мың адам

II

Астықты өлке, ферроқорытпа, Fe, ауылшаруашылық машинасы

Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы,

Ақмола облысы,

II

Оңтүстік

711,6 мың км2 1км-7-10 адам

64896 мың

aдам

I

Түсті металургия, бау-бақша, химия

Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы.

  1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданы жарты ғасыр бұрынғы 4000 адамы бар Қарқаралы қаласы аумағында қалыптасқан.

  2. Қарағанды облысы жеріне Ұлытау,Қарқаралы, Қарағайлы,Қызыларай арасындығы 1000км-ге созылған жерлер мен Сарыарқа кіреді.

  3. Жер бедері аласа ұсақ шоқылы, шығысы биіктеу.

  4. Климаты тым континентті, жазы өте ыстық, суға өте тапшы.

  5. Пайдалы қазбаға өте бай: Қарағанды кокстелетін көмірі, Жезқазған, Қоңырат, Саяқ мыс кені, 100% марганецті беретін 40-қа жуық кен орны (Ақтау, Үшқатын, Қамыс, Қаражал, Қарсақбай, Балбырауын, Жезді, Найзатас, Жәйрам ). Құрамында қорғасын, мыс , түсті металдары бар полиметал кен орны -Гүлшат, Қызылеспе, Ақшағыл, Алаайғыр, Қарағайлы, Жәйрам. Сирек металдар висмут, сурьма, вольфрам, молибден, ваннадий, рений, кадмий, кобальт, сынап –Қайрақты, Қоңырат, Қараоба және мыс кендерімен бірге де кездеседі. Асбест қоры бойынша ІІ орын, Ешкіөлмес, Қарсақпай қыраттарында кездеседі.

  6. Маманданған шаруашылығы: қара металлургия, кен өндіру, отын өнеркәсібі, машина жасау және химия өнеркәсібі.

  7. ЖЭС-ы Қарағанды, Теміртау, Абай қалаларында.

  8. Өнеркәсіп тораптары: Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау.

  9. 100% кокстелетін Қарағанды көмірі мен магнитті темір (Атасу, Торғай қолаты, Қаражал, Соколов-Сарыбай, Әйет, Қашар, Лисаков) шикізаты негізінде – қара металлургия дамыған.

  10. Теміртауда толық циклді металлургия зауыты ( темір-шойын-болат-прокат) және қайта балқыту зауыты жұмыс істейді.

  11. Түсті металлургия орталықтары: Жезқазған мен Балқашта .Жезқазғандағы мыс зауыты шикізатты - Жезді, Сәтбаев, Қарсақбай комбинаттарынан алады. Балқашта қорғасын-мырыш және мыс зауыттыры бар. Мысты Қоңырат пен Саяқтан алады. Түсті металлургияның алғашқы кәсіпорны Қарсақбай мыс балқыту орны.

  12. Машина жасау: Қарағандыда - кеніш-шахта, бұрғылау машиналары, крандар, комбайндар, электр энергетикасына қажет құралдар,электрлі моторлар шығарады.

  13. Химия өнеркәсібі: Теміртау-синтетикалық каучук, азот тыңайтқышы, Балқаш- күкірт қышқылы, Саран- резина, техникалық бұйымдар.

  14. Тамақ өнеркәсібі : Қарағанды- ет,ұн, кондитер, шарап, сыра,сүт,май шайқау . Балқашта-балық зауыты бар.

  15. Жеңіл өнеркәсіп : Қарағанды- аяқ-киім, трикотаж, тігін, жихаз,шұлық .

27. Мал шаруашылығы - жетекші саласы қой, солтүстігінде етті-сүтті ірі қара мен жылқы өсіріледі.

  1. Егін шаруашылығы - суғармалы жаздық бидай, жүгері, күнбағыс, картоп, мал азықтық жемшөптер.

  2. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданымаманданған шаруашылығы полиметалл кендері мен арзан су электр энергиясын өндіретін аймақ. Ел аумағының 10%, халқының 12%, өнеркәсіп өнімінің 18%, ауыл шаруашылық өнімінің 13%-і осы ауданға тиеселі.

  3. Ертістің жоғарғы ағысы,Алтай тауы,Сарыарқаның шығысында орналасқан, Қытаймен шекаралас аймақ.

  4. Транзитті Ертіс өзені Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен және Ресейдің мұнайлы-газды Батыс Сібір ауданымен байланыстырады.

  5. Жауын-шашын тау етегінде 600 мм, тауда 1000 мм, Алтайдың биік беткейлерінде 1500 мм, оңтүстік пен оңтүстік- шығыстың жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 200-250 мм.

  6. Жер бедері : биік таулар Алтай, Тарбағатай-Сауыр және орташа биік Қалба жотасы, төбелі жазықтар, қазаншұңқырлар, аңғарлық жазықтар.

  7. Пайдалы қазбалары: Кенді Алтайда полиметаллдың Риддер, Зырян, Белоусов, Тишинск, Верхне-Березовск, Андреев кен орындары бар.( құрамында-алтын, күміс, күкірт, молибден, висмут, индий, таллий, селен, телур, сынап ). Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында - қалайы, вольфрам, ванадий. Алтын өндіруден Семей өңірі жетекші орында, Бақыршық, Боко, Октябрь. Көмір - Кендірлік пен Қаражырада.

  8. Шығыс Қазақстанда қорғасын қорының 26,1%, мырыштың 45,8%, мыстың 47,9%, алтынның 52,2%, титанның 37,1%, танталь кенінің 59%-і шоғырланған.

  9. Республикадағы су қорының 50% Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Күршім,Нарым өзендерінде .(ағысы қатты тасқынды өзен суы энергетика саласы үшін маңызды.)

Көлдері- Зайсан, Марқакөл, Сасықкөл, Алакөл тұщы сулы, рекреациялық аймақтар. Марқакөл- 1449 м. биікте, ауданы 449 км², тереңдігі 30 м, Азутау мен Күршім жотасында орналасқан, тектоникалық көл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]