Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-45 беттер 8-9кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
352.77 Кб
Скачать

Көлік және коммуникация.

  1. Кешенге-су, темір жол, автомобиль, құбыр жолдары, әуе және телекоммуникация жатады.

  2. Жетекші көлік темір жол, ұзындығы - 14,6 мың км.(Ресей мен Украинадан соңғы ІІІ-орында)

  3. Жүк тасымалында – автомобиль, Жүк айналымында - темір жол .

  4. Жалпы көлік жүк айналымының 57,5% теміржолға, 27% құбыр жолына, 15,5%-і автомобиль көлігіне тура келеді.

  5. Темір жол- жүк айналымының 57,5 %, жолаушы жүк тасымалының 56 % құрайды.1000 км жерге жиілігі 5,3 км-ден келеді.

  6. Маңызды бойлық бағыттағы теміржолдар :

а) 1905-07 жылдары салынған Орынбор-Ташкент темір жолы.

ә)1930 жылдары салынған Түркістан-Сібір темір жолы. Шығыс және оңтүстік экономикалық аудандарды қосады, солтүстік шығыстан - оңтүстік батысқа қарай - 1470 км-ге созылған.

б)Трансқазақстан- солтүстіктен орталық арқылы оңтүстік аудандарды байланыстырады.( Петропавл- Мойынты-Шу жолы ұзындығы 1205 км ).

7. Ендік бағыттығы транзиттік темір жолдар :

а) Солтүстік Сібір- Петропавл қаласы арқылы өтеді.

ә) Оралдан Қостанай мен Көкшетау арқылы өтетін – Орта Сібір темір жолы.

б) Оралдың Қарталысынан басталып Астана мен Павлодар арқылы өтетін – Оңтүстік Сібір темір жолы.

8. 3 транзиттік жол Қазақстан арқылы өтіп, Шығыс Сібірдің Тайшет қаласында Ұлы Сібір магистраліне қосылады.

  1. Атырау – Қандыағаш - Орск темір жолы Ресейдің Оралымен. Бейнеу станциясы - Қарақалпақтың Қоңырат станциясымен Орталық Азияны Ресеймен байланыстырады.

  2. Атырау – Астрахань темір жолы Батыс Қазақстанды Кавказ елдерімен байланыстырады.

  3. Жоңғар қақпасы арқылы салынған «Достық» темір жолы Қытаймен байланыстыратын Трансазиялық теміржол магистралі. Достық-Алашанькау.

  4. Теджен (Түркменстан) – Мешхед (Иран) темір жолы Пекин мен Стамбулды жалғастырады. Мешхед - Тегеран темір жолы Орталық Азияда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда жолының оңтүстік-батыс тармағы.

  5. Автомобиль көлігі - оңтүстікте , ал темір жол солтүстік пен шығыста жақсы дамыған.

  6. Ақтоғай-Достық темір жолы Жапония заемын пайдалану арқылы салынған Трансазиялық темір жол .

  7. Қазақстанда республикалық деңгейдегі жолдың жалпы ұзындығы-22,2 %, жергілікті деңгейдегі жолдың ұзындығы- 77,8 %-ті құрайды.

  8. Халықаралық маңызы бар жолдың ұзындығы- 12,4 мың км.

  9. Транзиттік автомобиль жолдары- Еуропа мен Ресейді Орталық Азиямен байланыстырады.

  10. Алматы-Астана автомобиль жолы стандартқа сай.

  11. Оңтүстікте ірі республика аралық Алматы- Бішкек –Ташкент автомобиль жолы салынған.

  12. Өзен көлігі – маусымдық, 6 порт бар, ірілері Өскемен, Павлодар, Атырау, Оралда - өзен порттары бар.

  13. Ертіс пен Жайықта кеме қатынасы бар, Есіл мен Сырдарияның кейбір бөліктерінде ғана бар.

  14. Теңіз порттары: Ақтау, Атырау, Баутино. Ақтау порты арқылы жылына 1,5млн т құрғақ және 8 млн т сұйық күйдегі жүктер тасымалданады.

  15. Елімізде 51 әуежай жұмыс істейді, оның 21 республикалық маңызға ие.

  16. Ең алғашқы құбыр Доссор- Ракуша, ұзындығы 60 км. 1936 жылы салынған Атырау-Орь қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттары арасында 720 км-лік, алғашқы ұзын мұнай құбыры салынған.

  17. Маңғыстау мұнайын тасымалдау үшін ұзындығы 1500 км-лік Өзен-Жетібай-Ақтау және Өзен-Атырау-Самара құбырлары тартылған.

Достық мұнай құбырын 5- бағытта салыну көзделуде. І-бағыты: Атыраудың Теңіз кен орнынан Қара теңіз жағасындағы Новороссийск портына, ұзындығы - 1500 км,қуаты - 75 млн.т мұнай тасымалдайды. ҚР, Ресей, АҚШ, Оман елдері бірлесіп 1999 -2001 жылдары салған. ІІ-бағыты: Теңіз-Баку-Супса-Джейхан, ұзындығы - 1730 км, оның 468 км - Әзербайжанда, 225 км - Грузияда, 1037 км- Түркия арқылы өтеді. Шығыны - 2,5 млрд АҚШ доллары. ІІІ-бағыты: Иран арқылы Парсы шығанағы жағалауына баратын Теңіз-Харг, ұзындығы - 2505 км, шығыны - 2,7 млрд доллар.

ІV-бағыты: Батыс Қазақстан-Қытай-Тынық мұхит жағалауы. 2004 жылы Атасу-Алашанкау құбыры салынуда. V-бағыты: Батыс Қазақстан - Құмкөл.

  1. Қазір 6000 км-лік магистралды мұнай құбыры пайдалануда. Құбырмен мұнайдың 60%-і, ал газ түгелімен тасымалданады.

  2. Қазақстан арқылы Орталық Азия - Бұхара- Орал газ құбыры өтеді.

  3. 1317км-лік Мүбәрак-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы газ құбыры оңтүстікті газбен қамтамасыз етеді.

  4. Батыс Қазақстанның Қарашығанақ газ конденсатынан ұзындығы 480 км-лік Астанаға дейін газ құбыры ,жылына 4760 млн.м³ газ жібереді.

  5. Қарашығанақ мұнай - газ конденсатынан Орынборға мұнай - газ құбыры тартылған.

  6. Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай арасындағы Қарақорым тас жолы Алматы-Карачи арасын байланыстырмақ. Оған Пәкістан 500 млн АҚШ долларын бөлді.

  7. Жаңғызтөбедегі « Шығыс шеңбері» Кенді Алтайды байланыстырушы жол.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]