
- •Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері – 4 түрлі.
- •Пайдалы қазбалары.
- •Өзендері мен көлдері.
- •Қазақстан топырағы.
- •Табиғат зоналары, табиғатты қорғау.
- •Юнеско қорғауға алған батпақты, көлді-шөлді қорық- Қорғалжын.
- •Ұлттық табиғи парктер - 5 .
- •Халқы және еңбек ресурсы
- •Қазақстан шаруашылығы.
- •Машина жасау кешені .
- •Астана - «Ақмола Сельмаш»
- •Химия өнеркәсібі.
- •Құрылыс материалдары.
- •Агроөнеркәсіптік кешендер.
- •Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
- •Көлік және коммуникация.
- •Экономикалық аудандар.
- •Қазақстанды 5- экономикалық ауданға бөлген н.Н. Баранский.
- •Еркін экономикалық аймақтың мағынасы – салық жеңілдігі мен кеден режимі.
- •1500 М.Биікте радиоактивті -Рахманов бұлағы бар.
- •Оңтүстік Қазақстан Ақсуда – кока-кола, сіріңке, Сұлтан макароны .
Daa videal І - бөлім. Қазақстанның физикалық-географиялық сипаттамасы.
Қазақстан жерінің ауданы бойынша дүние жүзінде 9-орында (Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина.)
Еуразия материгі бойынша 4-орында (Ресей, Қытай, Үндістан ).
1920 жылы 26 тамызда Мәскеуде Қырғыз-Қазақ автономиялы республикасын құру туралы шешімге қол қойылды.
1990 жылы 25 қазанда Егемендігі туралы декларациясы жарияланды, Республика күні мерекесі.( 2009 жылдан атап өтілмейді)
1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан тәуелсіздігін жариялады, Тәуелсіздік мерекесі. Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған – Түркия елі.
1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД одағы құрылды. 11 ел, келесі жылы Грузия қосылды. Интеграция –экономикалық дағдарыстан бірлесе шығу жолы. ТМД одағы штабы- Минск қаласында. Интеграция –шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жоғары формасы.
1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на мүше болды.
1992 жылы 6 маусымда Абай атындағы опера және балет театрында Мемлекеттік нышандар қабылданды.
Елтаңба авторы- Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов .
Мемлекеттік Ту авторы – Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.
Мемлекеттік Гимн – сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев, әуенін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
1993 жылы қарашада Ұлттық валюта енгізілді.
1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды.( 1993 ж.28.01 .)
Мемлекет басшысы – Президент. Парламент –жоғарғы палата сенат пен төменгі палата мәжілістен құралған.
Қазақстан дамыған ел белгілері бар, дамушы ел. Р/У. 1)Халқы түгелдей сауатты. 2)Ғылыми зерттеу институттары бар, Байқоңыр ғарыш айлағы бар. 3) Минералды ресурстарға өте бай.
Әкімшілік бөлінуі бойынша: 5 экономикалық аудан, 14 облыс, 160 аудан, 86 қала, 200- ден астам қала типтес кенттен тұрады.
Қазақстан тарихында 4 Астана болған.
1) Орынбор қаласы 1920-1925 жылдар .
2) Қызылорда қаласы 1925-1929 ж.
3) Алматы қаласы 1929-1997 ж .
4) Астана қаласы 1997 жылдан. (Ақмола атауы 1998 жылдан Астана )
131 ұлт өкілі қоныстанған. Халқы- 16.400 мың адам.(2009ж) 4орын Дүние жүзі бойынша 50 орында. 1 км²- 5,6 -6 адам. Қала халқы- 56 %(60%). Қазақ ұлт -67,2 % . 1989ж -16,5млн. 1999ж -14,9млн. 2007ж -15,5млн.адам
Дүние жүзінде 12,5 млн. қазақ , олар 54 елде тұрады. Шет елдерде 4 млн-нан астам қазақтар тұрады. Қазақ этносы 70-орында .
Жерінің аумағы – 2.724,9 мың км ². Жер көлемі бойынша дүние жүзінің 2 % . Азияның 6,1 % құрайды.
Экономикалық- географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынадай артықшылығы бар:
1)Тарихи дамыған экономикалық елдермен шектесуі (Қытай, Ресей,Орталық Азия елдері )
2)Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы.( ендік 3, бойлық 3)
3)Жер бедерінің көп бөлігінің жазықты болуы. 80% -дан астам
4)Минералды ресурстар қоры молдығы.
Жері батыстан шығысқа 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км- ге созылған.
Шеткі нүктелері : солтүстікте 55 º26' с.е. оңтүстікте 40 º56' с.е . батыста 45º 27' ш.б. шығыста 87º18' ш.б.
Шекарасы – 14594 мың км.(13994 км құрлықта) Солтүстікте Ресеймен 7591 км(6467км) Шығыста Қытаймен 1460 км. Оңтүстік шығыста Қырғызстанмен 980 км. Оңтүстікте Өзбекстанмен 2300 км. Оңтүстік батыста Түркменстанмен 380 км.
Каспий теңізі арқылы Түркменстан, Азербайжан, Ресей, Иранмен, ал Арал теңізі арқылы Өзбекстанның Қарақалпақ Автономиялы Республикасымен шектеседі. Каспий теңізі арқылы өтетін шекараның ұзындығы 600 км.
Еділ өзені, Еділ- Дон каналы арқылы Азов және Қара теңізге шыға алады.
Белдеулік уақыт – бір сағаттық белдеудегі уақыт. 24 сағаттық белдеу бар, әр 15º- та 1 сағатқа айырма жасайды. Қазақстан Республикасы үшінші, төртінші, бесінші сағаттық белдеулерде орналасқан.( 3 және 4/5 )
Даталар ауысу сызығы - 180º меридиандағы тәуліктердің ауысу сызығы. Осы сызықтан батысқа қарай Жер шарында күнтізбенің жаңа датасы- жаңа күн басталады.
Декреттік уақыт – белдеулік уақыт 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметі декретімен Қазақстан жерінде 1 сағатқа алға қойылған.
Жазғы уақыт – 1981 жылдан 2005 жылға дейін, жарықты толығырақ пайдалану мен электр энергиясын үнемдеу мақсатында қолданылған.
1884 жылы Халықаралық Астрономиялық конгресте уақытты белдеулер бойынша жүргізу енгізілген.
Көліктер қатынасында елімізде Астана уақыты , ал ТМД бойынша уақыт Мәскеу уақыты қолданылады.
Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы.
Қазақстан туралы алғашқы деректер Геродоттың(б.з.б. V ғ.) «Тарих» еңбегінде, Жалпы Сырт, Орал тауы туралы жазған . Геродот жасаған «Жер пішіні» картасында Сар(Еділ) , Лик(Жайық), Сергис(Жем) өзендері бейнеленген.
Страбон (б.з.б. 63-24 ж.) - Каспий теңізі тұйық алап емес, ол Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған. Арал теңізін Каспийдің шығанағы деп есептеген. Ал Сырдария (Яксарт) мен Әмудария(Окс) жөнінде дұрыс мәліметтер қалдырған.
Птоломей (б.з. 90-160 ж)– негізінен картографиялық бағытты ұстаған. «Географияға жетекші» еңбегінде жер туралы картографиялық деректер жинақтаған. Геродот сияқты Каспий тұйық алап, оған Сырдария мен Әмудария құяды деген, бірақ пішінін қате көрсеткен. Арал теңізін(Оксион) картаға түсірген. Птоломей қателіктерге қарамастан ежелгі дүние елдерін картаға бейнелеп, ендіктер мен бойлықтар көрсетуде, күннің ұзақтығын анықтауда көп жаңалықтар ашты.
Каспий мен Сырдарияны алғаш сипаттап жазған грек ойшылдары. Қазақстан туралы алғашқы деректер Геродот пен Птоломей еңбектерінен белгілі.
Б.з.бұрынғы ІІ-І ғасырда Қытай саяхатшылары Чжань Цянь мен Сюань Цзань келген. Еңбектерінде Жетісу бойы ондағы мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы , Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер берген. Қытайлықтар Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Оған Жетісу, Талас, Сырдария алқаптары кірген.
Ұлы Жібек жолы – 6970 км, б.д. бұрынғы ІІ ғасырда Еуропа мен Азияны , яғни Батыс пен Шығысты жалғастыратын көпір болды.
Тараз қаласы – Х ғасырда араб географы әл- Макдиси еңбегінде жазылған. «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала.» Ежелгі Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын В.В. Бартольд дәлелдеген.
Тараз қаласы туралы- грек елшісі Земархтың, 630ж.Сюань Цзанның еңбектерінен де кездескен.
Тараз қаласы- І ғасырдан ХVІ ғасырға дейін өмір сүрген Ұлы Жібек жолы бойындағы қала.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар- Суяб, Навакент, Құлан, Тараз, Аспара, Сығанақ, Отырар, Шауғар, Янгикент, Сарайшық, Түркістан, Баласағұн, Сайрам, Қойлық, Сауран, Шаян.
Ұлы Жібек жолы бойында археологиялық ескерткіштер өте көп: Алаша хан күмбезі, Қорқыт ата ескерткіші , Ахмет Иасауи кесенесі.Есік және Берел қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам»
1987 жылы ЮНЕСКО конференциясының ХХІV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды.
VІІ – VІІІ ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты араб саяхатшылары келген. Әл-Истахри- Арал теңізінің картографиялық бейнесін жасаған. Әл- Масуди-Хазар (Каспий) теңізі мен оған таяу шөл аймақтар жайлы жазған. Ибн- Хаукаль –Орта Азияның картасын сызған. Ибн- Фадлан- Еділге саяхаты кезінде Батыс Қазақстан жерінен өткен. Шалқар көлі мен Үстірттің жер бедері, табиғаты жайлы,сол өлкенің өзендері жайлы еңбектері өте маңызды.
ІХ-Х ғасырларда Араб саяхатшыларының жазбаларында Арал теңізі өте көп сипатталған.
Әбу Наср әл - Фараби ( 870-950 ) – Отырар қаласында кейіннен Египет, Сирия, Ирак елдерінде білім алған. Ұлы ғалым дәрежесіне жетіп, «Шығыстың Аристотелі» атанған. «Ғылымдардың шығуы» мен «Ғылымдар тізбегі» еңбектерінде аспан шырақтарын бақылау, Күн мен Айдың тұтылуы, географиялық бағытты анықтауға тырысады. Күн сағаты, күнтізбесі, табиғат құбылыстарын математикалық жолдармен дәлелдеуге тырысты .
Махмуд Қашқари ( 11ғ)– «Диуани луғат- ат- түрк» атты еңбегі географиялық тұрғыдан маңызды (өзендерге түсінік берген). Қолжазба күйінде сақталған «Дөңгелек картасы» өте құнды. Араб географтары карта ортасына Меккені алса, Қашғари Қашғария мен Жетісуды, Баласағұнды алған. Тянь-Шань тауы мен Ыстықкөлдің қатар орналасқаны жөнінде мағлұмат берген.
М.Қашқари « Дөңгелек картасын» зерттеген К.Миллер мен А.Герман.
Қытай саяхатшылары Елюй Чу Цай (1219 ж) мен Чань Чунь (1221 ж) Іле- Талас өзендері бойындағы елдер, Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайлары туралы жазған. Алмалық қаласында болған.
ХІІІ ғасырда итальяндық Плано Карпини (1245 ж) Монғолияға сапарында Жайық өзені, Тянь-Шань, Тарбағатай, Сырдария, Алакөл алаптары жайлы мәліметтер қалдырған.
ХІІІ ғасырда француз Вильгельм де Рубрук (1253 ж) Еділ, Жайық, Мұғалжар, Арал, Шу, Жетісу, Іле, Балқашты сипаттаған.
ХІІІ ғасырда Алакөл мен Балқаш көлдері жайлы деректер Карпини мен Рубрук еңбектерінде кездеседі.
Қадырғали Жалаири (ХVІғ. аяғы –ХVІІғ.басы) орыс патшасы Борис Годунов өтініші бойынша (Жами ат- тауарих) «Жылнамалар жинағы» еңбегінде қазақ хандығы, қалалары, өзен, таулары, тарихы, шекаралары туралы мәліметтер жинақталған.
ХVІІ ғасырда С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» картасына Қазақстан аумағы енгізілді.
ХVІІІ ғасырда орыс патшасы І Петр қазақ жеріне бірнеше экспедиция ұйымдастырды.
1734 жылы Орынбор экспедициясы, 1768 жылы акедемиялық экспедиция ұйымдастырылды. П.С. Паллас, И.П. Фальк, И.П. Рычков қатысты. И. Муравин мен А.И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойын, Г.С. Карелин Каспий жағалауын зерттеді.
ХVІІ ғасырда қазақ жерін бейнелеген карта- үлкен сызбада.
1832 жылы А.И. Левшин «Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты еңбегін жазды.
Семенов Тянь-Шаньский (1827-1914 ж)–Хан Тәңірі шыңын ашқан, Тянь-Шанға бірнеше рет саяхат жасаған, Ыстықкөлдің тектоникалық көл екенін анықтаған.
Н.А. Северцов(1827-1885 ж) – Арал теңіз мен Сырдария төменгі ағысын, Тянь–Шаньды, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Жануарлардың таралуына физикалық-географиялық жағдайлар әсерін, таулы өлкелердің геологиясы мен қалыптасу тарихына назар аударды. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы географиядағы экологиялық бағытты дамытты.
«Түркістан өлкесіне саяхат» еңбегін жазды.
И.В. Мушкетов(1850-1902 ж) -1875-76 жылы Тянь –Шаньның солтүстігі мен Жоңғар Алатауы, Әулиеата (Тараз) қаласы маңы, Сусамыр өзені, Боаш шатқалы, Ыстықкөлді зерттеген. Іле, Күнгей және Теріскей Алатаудың геологиясын анықтауға тырысты. «Түркістан» еңбегінде(1886-1906 ж)Түркістанның метеорологиялық жағдайын зерттеп, 1881 жылы алғашқы геологиялық картасын жасаған. 1887 жылы Верныйде (Алматы ) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинаған.
А.Н. Краснов( 1862-1914 ж)-Тянь-Шань мен Балқаш көлі маңындағы шөлді аймақтардың өсімдіктер жамылғысын зерттеп, зона бойынша аудандастыруды дамытқан.
Л.С. Берг(1876-1950 ж) –табиғат құбылыстарын тұтас бірлікте қарауымен ерекшеленді. Солтүстік Қазақстанның тұзды көлдерін (Теке, Қызылқақ, Сілетітеңіз ), 1900-1903 жылдары Арал теңізін мұхият зерттеген. 1908 жылы « Арал теңізі» еңбегінде көл мен оның айналасындағы жерлерді жан-жақты сипаттап жазды. 1913 жылы Қазақстан аумағын ландшафтық аймақтарға және морфологиялық облыстарға бөлді. Батыс Сібір ойпаты, Торғай далалық өңірі, Түркістан ойпаты, Үстірт, Тянь-Шань жүйесі, Сарыарқа, Орал тау жүйесі, Алтай-Саян тау жүйесі деп географиялық облыстарға бөлген.
В.А. Обручев пен В.В. Сапожников Жоңғария мен Тянь-Шаньды,
Н.И. Андрусов Маңғыстау түбегін зерттеп, сипаттаған.
С.С. Неуструев, Глинка, Герасимовтар- Қазақстанның жеріндегі топырақ типтерін зерттеген.
Ш.Ш. Уалиханов (1835-1865) 1857 жылы 22 жасында Орыс География қоғамының мүшесі. «Жоңғария очерктері» мен «Алтыншар туралы». І-саяхаты: Жоңғар Алатауы, Жетісу, Іле өлкесі, Ыстықкөл. ІІ- саяхаты: Сырдарияның саласы Нарын өзені жоғарғы ағысындағы Тянь-Шаньның Жетімшоқы, Шоқырқорым тауларын, Нарын, Қарасай, Қаракөл өзендері алаптары .Қашқария сапарында Тянь-Шаньды меридиан бойынша кесіп өтіп, өз күнделігінде ашқан жаңалықтарын ,жерлерді сипаттап жазып отырды. Ебі желін алғашқы сипаттаушы.
Қ.И. Сәтбаев( 1899-1963 ж) – Орталық Қазақстандағы пайдалы қазбалардың негізгі зерттеушісі, ашушы ғалым. 1926-29 жылдары Жезқазған өңірі мысын зерттеп ашты. Осы еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1927-28 жылдары Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спаск аудандары, Қарағанды тас көмірі, Қаратау полиметалл кендері туралы ғылыми еңбектер жазды. 1950 жылы «Сарыарқа металлогендік» картасын жасады. 1946 жылы құрылған ҒА-ның тұңғыш президенті. 640 ғылыми еңбегі бар, Балқаш мысы Лондондағы металдар көрмесінде тұр. Қазақстан табиғаты жайлы қорытынды мәліметтер жазылған. «Қазақстан» атты монография 1950 жылы жарық көрді.
ХХ ғасырдың 20-ші жылдары Қазақстан аумағын зерттеудің жаңа дәуірі. Сол кезеңде А.К. Мейстер мен М.П. Русаков (геология) , Н.Л. Корженевский мен И.П. Герасимов (геоморфология ), М.Д. Пономарев пен В.Н. Борсук (климат ), П.Н. Лебедев (гидрология ), К.Д. Глинка мен Л.И. Прасолов (топырақтану ), И.В. Ларин мен Р.И. Аболин (ботаника ) салаларын зарттеген.
Жер бедері, геологиялық құрылысы.
Жерінің 80 % жазықты, оңтүстік-шығысы мен шығысы таулы.
Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері – 4 түрлі.
А) Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.
Ә)Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
Б) Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
В) Биік таулар мен аласа таулар тау аралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
Жердің даму тарихы ғаламшарлық және геологиялық кезеңге бөлінеді.
Геохронологиялық жержылнамалық кестені 1900 жылы дүние жүзілік геологиялық конгресте бекіткен.
Тау жыныстарының салыстырмалы жасын ежелгі дәуірдегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тасқа айналған қалдықтарын зерттеудің маңызы зор және құраушы тау жыныстары құрамын зерттеу арқылы анықтайды.
Тау жыныстарының абсолюттік жасын радиоактивті элемент уранның ыдырауына қарап ажыратады. 100 г. ураннан 74 млн. жылда 1 г. қорғасын түзіледі.
Жер тарихы 5 эраға бөлінеді: архей ( көне тіршілік ), протерозой (алғашқы), полеозой (ескі ), мезозой ( орта ), кайназой ( жаңа ).
Эралардағы тау жасалу қатпарлықтары : байкал , каледон, герцин, мезозой, альпі.
Қазақстан жеріндегі алғашқы тау жасалу Палеозойдың силур мен девон дәуіріндегі – каледонда басталған.
Қазақстан жер бедері Палеозойдың герцин қатпарлығында қалыптасқан. Мезозойда тау жасалу процесі жүрген жоқ. Кайназойдың альпілік тау жасалу кезеңінде ІІ-ші рет көтерілуден жас таулар қалыптасуда.
Қазақ жерін палеозойға дейін түгел су басып жатқан, ал мезозойда тек батысын ғана су басып жатты.
Қазақ жері 3 платформада орналасқан, ескі – Шығыс Еуропа, жаңа – Батыс Сібір мен Тұран платформасы.
Кайназойдың неоген дәуірінде теңіз суы тартылып, Қазақстан жері біртұтас құрлыққа айналды.
Тектоникалық қозғалыстар – жер қойнауындағы тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстар. Сейсмология, сейсмограф, эпицентр, жер сілкіну.
1964 жылы С. Медведов, В. Шпонхойер, В. Карниктің халықаралық кестесі қабылданды, жер сілкіну 12 балдық шкаламен есептеледі. МSК-64 және ММSК-84 шкалаларымен есептеледі. Қазақстан 9 балдың өңірде орналасқан.
Сейсмикалық станция 1927 жылы Алматыда, 1932 жылы Шымкентте, 1934 жылы Семейде салынған.
Геофизикалық станция- 1971-76 жылдары Алматыды салынған.
1887 ( 10 балдық), 1889, 1911 жылдары қатты жер сілкінулер болған.
Сел тасқыны 1921, 1963 (Есік көлі ), 1973 жылдары болды.
1966 жылы Іле Алатауында салынған Медеу бөгені Алматыны 1973 жылғы қатты селден қорғаған.
Еуразияның Батыс Сібір жазығының оңтүстігі , біздің солтүстігімізде орналасқан . Солтүстік Қазақ жазығы деп аталады. Ертіс-Құлынды және Есіл- Тобыл болып бөлінеді, жер бедері- тегіс, солтүстікке қарай еңіс.
Тұран ойпаты – негізгі бөлігі Орта Азия елдерінде, Қазақстанға солтүстік бөлігі ғана кіреді. Ежелгі Тетис теңізі орны, Торғай бұғазы немесе Торғай қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады.
Аллювиальды жазықтар өзен шәйіндісінен пайда болады.
Каспий маңы ойпаты - теңіз деңгейінен -27-28 м төмен. Жер бедері тегіс, сазды жазықтар мен құмды төбелер кездеседі. Ойпаттың оңтүстігінде биіктігі 10-45 м, ұзындығы 25 км, ені 200-300 м, ара қашықтығы 1-2 км шамасында Бэр төбешіктері кеңінен таралған.
Үстірт- Қазақстанға солтүстік- батыс бөлігі ғана кіреді, теңіз деңгейінен 200м-ге жуық биіктік үстіндегі жазық. Саз, құмтас, әктасты шөгінді жыныстардан түзілген. Мұзбел 340 м, құрғақ, жан-жағы тік жартастармен қоршалған, жыралармен тілімденген. 150 м-лік Кендірлі шатқалы.
Торғай үстірті- Тұран плитасының қиыр солтүстігінде орналасқан. Абсолют биіктігі 200-300 м, көп жері көлденең бағытта орналасқан теңіздік және континенттік шөгінділер саз, саз-кремнийлі мергель, құмнан тұрады. Торғай қақпасы немесе Торғай бұғазы Тұранды Батыс Сібірмен жалғастырады. Торғай үстірті- көптеген жылғалармен, өзендермен тілімденген үстірт.
Орал алды (Жем) үстірті- Каспий маңы мен Мұғалжар арасында, орташа биіктігі 100-300 м арасында, солтүстігінде 400 м. Фосфорит кездесетін саз, құм шөгінділерінен тұрады.
Жалпы Сырт – Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы қырат. Әктас, бор жыныстардан түзілген, өте тілімденген, Қазақстанға қиыр оңтүстік шағын бөлігі кіреді.
Балқаш маңы жазығы – құрылысына тән өзіндік ерекшелігі -өзін қоршап тұрған тауларға қарай 350 м-ден 600-700 м-ге дейін биіктейді. Құмды шөлдер мен Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр.
Бетпақдала – Балқаш, Сарысу, Шу өзені, Сарыарқа аралығындағы аймақ.Орташа биіктігі 300-350 м.Теңіздік континенттік шөгінділер құмтас, саз, тақтатас, гранит, малтатастан құралған.Тұзды көлдер, сор, тақыр, ағынсыз тұйық ойыстар өте көп. Биік нүктесі- Желтау .
Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы) – батыстан-шығысқа 1200 км, батысында ені 900 км,шығысында 350 км. Абсолюттік биіктігі 500-600 м .Архей мен протерозойдың гранит, кварцит, құмтас, тақтатасы басым ежелгі жыныстардан құралған. Таулары: Қызыларайдағы Ақсораң 1565 м, Қарқаралы 1403 м, Шыңғыстау 1305 м, Ұлытау 1133 м. Сыртқы күштер әсерінен пайда болған ғажайып пішіндер, үңгірлер, тау аралық көгілдір көлдер, аққайың орманы өте көп. Көкшетау мен Бурабай Қазақстан Швейцариясы әрі рекреациялық аймағы. Шығысы биік.
Сарыарқада негізі граниттен тұратын, меридиан бағытта орналасқан ірі антиклинальдың қалдығы- Ұлытау.
Мұғалжар – Орал тауының жалғасы, шығыс беткейі- көлбеу де, батыс беткейі – тік болып келеді. Солтүстіктен оңтүстікке 450 км-ге созылған. Бір-біріне параллель жатқан Батыс және Шығыс жоталар арасында 15-20 км-лік толқынды Біршоғыр ойысты жазықтары орналасқан. Үлкен Боқтыбай 657 м, Айрық 633 м.
Мұғалжар, Орал тауларында жарықшақтық тобына жататын жер асты сулары кездеседі.
Маңғыстау таулары- Қаратау ұзындығы 117 км, Ақтау 70 км-ге созылған. Қаратау ұлутастан, Ақтау әктастан түзілген. Биік бөлігі Қаратау жотасындағы Бесшоқы 556 м.
Қарақия ойысы- теңіз деңгейінен -132 м, Қазақстан және ТМД бойынша төмен жер. Дүние жүзінде 5-орын алады. Израйльдегі Өлі теңіз-( - 405 м ),Қытайдағы Турфан (-154 м ), Африка Джибутидегі Ассаль көлі (153 м ), Египеттегі Катар (-133м ).
Алтай тауы «алтын тау»- биік бөлігі-Қатын жотасындағы Мұзтау 4506 м. Қазақстанға оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы болып 3-ке бөлінеді. Кенді Алтай – Листвяга, Холзун, Көксу, Үлбі, Үбі, Иванов жоталары. Оңтүстік Алтай- Нарым, Күршім, Сарымсақты жоталары, шығыста 3500 м-ден батысқа қарай 1200-2000 м-ге дейін аласарады. Қалба жотасы- Сарышоқы 1606 м, батыста аласарып Сарыарқаға ұласады.
Алтайда «алтын тамыр және аролий» дәрілік өсімдіктері өседі, қорғалады.
Сауыр-Тарбағатай – Зайсан мен Алакөл қазаншұңқыры арасында орналасқан. Қазақстанға төбесінде мұздықтары бар батысы кіреді .Сауырдың биік жері - Мұзтау 3816 м. Тарбағатай Сауырдан аласа, ұзынырақ 300 км-ге созылған. Мұздықтар жоқ, биік жері-Тастау 2992 м
Жоңғар Алатауы –Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғарында орналасқан.Солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай 450 км-ге созылған. Қазақстанға солтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Қытаймен шекарада Жоңғар қақпасы, ол Эбі-Нұр көлі мен Алакөлдің қазаншұңқырларын қосады. Гнейс, кристалды тақтатас, кварцит, мәрмәр және әктастан түзілген. Жоңғар Алатауының ерекшелігі- тау төбелерінде тегістелген жазықтардың болуы. Бесбақан шыңы 4622 м.
Тянь-Шань таулы өлкесі- еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республика жеріне Орталық Тянь-Шань, Батыс Тянь-Шаньның бір бөлігі, Солтүстік Тянь-Шань түгел кіреді. Қазақстанның ең биік нүктесі- Хантәңірі 6995 м, Қырғызстанмен шекарада. Қазақстанның оңтүстігіндегі табиғи шеп.
Солтүстік Тянь-Шаньға Кетпен жотасы-Небесная тауы 3652 м, Күнгей Алатауы-Иманбұлақ шыңы 4647 м, Іле Алатауы Талғар шыңы 4973 м, Шу-Іле таулары( Желтау мен Айтау ),Қырғыз Алатауы .
Батыс Тянь-Шаньға –Піскем, Өгем, Қаратау жоталары (Бессаз 2176 м ). Қаратау жотасы –Тянь-Шаньның солтүстік-батыстағы қатты өзгерген аласа тау жотасы. Қорғасын, фосфорит, полиметалға өте бай.
Қазақстан аумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіштері –Қаратаудан табылған.
Қазақстан таулары ендік бағытта орналасқан.