Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marketing_MU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

1. Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы.

2. Маркетинг мүмкіндіктерін талдау.

Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді сәйкесінше үйлестіру және олрды бір қалыпта ұстап тұтуды басқару процесі. Оның мақсаты – компнияның бағытталған өнімді және бизнесті құру мен реформалау.

Стратегиялық жосарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді. Бірінші шарт, компанияның іс-әрекеті инвестициялық қолжынды басқару принципінде құрылды. Оның мәні компанияның әрбір әс-әрекет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түде бөлінуінде. Екінші шарт - әрбір іс – қимыл түрінің келешегін бағалау. Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі.

Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауға қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.

Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.

Тақырып №14. «Халықаралық маркетинг»

1. Халықаралық маркетинг ұғымы.

2. Халықаралық маркетинг ортасы.

3. Халықаралық қызмет түрлері.

4. Халықаралық маркетинг-микс.

Халықаралық маркетинг - ш етелдегі тұтынушылардың тауарлар мен қызметтерге сұранысын қанағаттандыруға арналған жергілікті компаниялардың маркетингтік іс -әрекеті.

Халықаралық маркетингтің саяси және экономикалық саясат жағдайына, ұлттық валюта жүйелеріне, заң жүйесі, тіл, мәдени, діни сияқты және басқа да ерекшеліктерге байланысты маңызды қзгешеліктері бар.

Халықаралық маркетингтің мынадай түрлерін айқындалған:

  • экспорттық маркетинг.

  • мультиұлттық маркетинг.

  • ғаламдық маркетинг.

Халықаралық маркетингтің мақсаттары - әлемдік нарықта нарықтық субъектілері жақсы имиджге жету.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23,

Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.

Тақырып №15. «Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі»

1. Қызмет ұғымы.

2. Қызметтер нарығын сегменттеу.

3. Бейкоммерциялық әрекеттер.

4. Ұйымда маркетингі.

Қызмет көрсету – тұтынушылар сатып алатын, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік. Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері қызметтің материалдық өнімнен айырмашылыңмен анықталады. Қызметтер сферасына:

  • сауда,

  • тасымалдау,

  • қаржыландыру,

  • сақтандыру,

  • делдалдық қызмет,

  • оқу,

  • спорт мекемелері,

  • радио,

  • теледидар,

  • туристік фирмалар,

  • медициналық мекемелер,

  • театрлар, және т.б. жатады.

Қызмет көрсету мен оны тұтыну бір уақытта іске асады, сондықтан қызмет адамдарға жекелей көрсетіледі және сатылады. Осыған байланысты қызмет көрсету фирмаларының персоналы тауар өндіретін фирма өызметтеріне қарағанда үлкен роль атқарады.

Коммерциялық емес маркетинг – бұл қоғам мүддесін немесе идеяларды дамыту мақсатында жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке тұлғалардың іс-әрекеті. Коммерциялық емес маркетинг пайда табу мақсатын көздемейді.

Коммерциялық емес ұйымдардың маркетингі коммерциялық маркетингке қарағанда басқа факторлармен анықталады. Кейде коммерциялық еес маркетингті институционалды деп атайды. Өйткені, емханалар, мектептер, әскери ұйымдар,ттеатрлар, мұражайлар, мешіттер, университеттер, сондай-ақ, әр түрлі қоғамдық ұйымдар сияқты институционалды қамтиды.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.

Қосымша әдебиеттер:3,4,6,12.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]