Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marketing_MU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

Талқылауға берілген сұрақтар:

1.Көрсетілген шешімдердің әрқайсысына қандай альтернативалар болды?

2.Терминологияға сай «Интернэшнл Ректифайр» фирмасымен тәуекел немесе анықталмағани шарттары шешілді ме? Ал «Ю ЭС ЭКС » және «Ю ЭС ЭКС Спринт Корпорейшн» фирмалары шешімдері ше?

3.Осы үш шешімге ортаның өзгеруі мен уақыт факторның ықтимал әсерлерін қарастырыңыздар.

Тақырып №14. «Халықаралық маркетинг» 14-апта, 1-сағат:

1. Халықаралық маркетинг ұғымы.

2. Халықаралық маркетинг ортасы.

3. Халықаралық қызмет түрлері.

4. Халықаралық маркетинг-микс.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23,

Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.

Әдістемелік нұсқау: Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша конспекті дайындау, презентация жасап қорғау.

Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»

1993 жылы Ф. Дзержинский атындағы Шымкенттік химия- фармацевтік зауыты привилегиялы акция түрінде, 10 % -ы еңбектік ұжым үлесіне, 90 %- ы мемлекет үлесіне тиетін, жарғылық қоры 30,4 млн. тенге «Химфарм» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Акционерлік қоғамға дейін зауыттың қоғамының негізгі көрсеткіштері төмендегідей болды:

1. Өнім шығару көлемі:

- глауцин – 1648 кг.

- аллапенин -12,5 кг.

- натрий хлорид – 309030 кг.

- қия тамырдың шырыны - 2900 қорап.

2. Жұмысшылар саны – 687 адам, оның ішінде:

- өндірісте – 672 адам;

- әкімшілік персонал – 83 адам;

- әлеуметтік салада – 112 адам.

3. Негізгі қордың тозу деңгейі – 60 % -дан астам.

4. Таза пайда – 1443 мың тенге.

5. Пайданың негізгі жұмсалуы:

- тұтыну қоры – 207 мың тенге;

- әлеуметтік сала объектілеріне – 413 мың тенге;

- басқа да бағыттар, оның ішінде өндірісті қайта инвестициялау – 823 мың тенге.

Кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдыруда біршама құрылысы аяқталмаған объектілер болды. Олардың ірілері микробиологиялық лабораториялар, мукалтин өндірісі, өсімдік шикізатынан өндірілетін препараттар шығару орындары.

Әлеуметтік салада: бала бақша, профилакторий, лагерь, клуб, медициналық пункт болды.

Акционерлік қоғамға өткеннен кейін бір жарым жыл бойы «Химфарм» жұмысы тоқтап қала берді. Оған себептер:

-қарқынды инфляция;

-төлем дағдарыстары;

-энергоресурстармен қамтамасыз етудің ырғақты болмауы, оның құнының жоғары болуы.

-өндірудің жаңа жүйелерінің болмауы;

-өнімнің өзіндік құнының жоғары және өткізу нарығында шетел өнімдерімен салыстырғанда бәсекеқабілетсіз болуы.

Нәтижесінде акционерлік кәсіпорын тығырыққа келіп тірелді: өнім өтімін жоғарлату үшін өндірісті қайта жаңғырту, жаңа технологияларды сатып алу қажеттілігі туындады. Бұған қаражатты өнімді өткізуден түскен түсімнен алуға болады, бірақ өнімге сұраныс болмағандықтан өткізу көлемі төмен болды. Осы факторлардың жиынтығы 1995 жылы мамыр айында кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуына алып келді.

1995 жылы қазан айында кәсіпорын қаражат табу мақсатында мемлекеттің акция пакетінің 10% акциясын инвестициялық жекешеленген қорға (ИЖҚ) аукциондық сату ұйымдастырылды. Нәтижесінде 12 ИЖҚ «Химфарм» АҚ-ның акция иегері болды, бірақ әр қайсысында тек 1 % көлемінде акция болғандықтан өндірісті инвестиялауға олар ынта білдірмеді. Сондықтан, ҚР Үкіметі мемлекеттік акция пакетін пайдалану құқын беріп, оны басқаруға келісім жасауға жаңа инвестор табу үшін тендер жариялады. Тендер шарттары:

-шаруашылық- қаржы қызметін оптимизациялау;

-қарыздарды өтеу;

-өндіріс көлемін ұлғайту және тұрақтандыру;

-жаңа медициналық препараттарды шығару;

-өндірісте пайданы қайта инвестициялау және тікелей инвестициялау жолымен өндірілетін өнім сапасын көтеру;

-озат технологиялар қатарына қосылу.

Тендерді ұтып алған ирландтық компания «Donnadel LTD». Ол өз міндетіне келесі қарыздарды жабуды алды:

а) зейнетақы қорына – 6,7 млн.тенге;

ә) еңбекақы -14,4 млн.тенге;

б) кәсіпорынның күзетіне – 10,5 млн.тенге;

в) тұтынылған энергоресурстар (жылу+су) – 4,2 млн.тенге;

г) тұтынылған газ – 2 млн.тенге.

«Donnadel LTD» компаниясы келесі міндеттерді орындауға тиіс болды: -ағымдағы өндірістің айнымалы құралдарын қаржыландыру;

-негізгі өндірістегі жұмысшылар орнын сақтау.

-өнім өндірісін ұлғайту.

Келісімдегі шарттарға сай, үш айдан кейін 1996 жылдың ортасына қарай компания қарыздары толық өтелді, ол үшін 3 жылға 5,3 млн АҚШ доллары несиеге алынып, несиелік қаржы келесі бағыттарға жұмсалды:

-барлық ғимараттар мен жабдықтарды ағымдық және күрделі жөндеулен өткізу;

-жарақатты тануға арналған құралдарды 2300 мың данаға дейін өндірісін ұлғайту;

-дәрі- дәрмектерді дайын таблетка күйінде шығару;

-қуаттылығы 19,5 тонналық меншік бу қазандарын салу. Бу қазандары глауцин гидрохлорид, эфедрин, сұлушөп сығымын алу өндірісін іске қосуға мүмкіндік берді.

Зайымдық құралдар, сонымен бірге коммерциялық және өндірістік келіс акционерлік кәсіпорынның дамуына жол берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]