
«Әлеуметтану» пәні бойынша (ІІ кредит) Тест сұрақтары.
Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
«Қоғамның» әлеуметтанулық анықтамасы: Қоғам дегеніміз адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара әлеуметтік әрекетке түскен, өзін‑өзі басқарып, өзін‑өзі жетілдіріп, толықтырып отыратын, тұрақты және біртұтас қалыптасқан әлеуметтенген адамдардың жиынтығы.
«Әлеуметтік» ұғым: "Әлеуметтік" дегеніміз қоғамдағы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Әлеуметтік топ: әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді.
Әлеуметтану ғылымы зерттейді: Әлеуметтану ғылым әлеуметтік жүйе , қауымдастық, топтар, тұлғалардың қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Ол қоғамның әлеуметтік жүйесін зерттейді.
Қоғамның әлеуметтік жүйесі:
Әлеуметтанудың объектісі: бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б
Әлеуметтанудың пәні:адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс-әркеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастарды жан-жақты, терең танып,білу.
Әлеуметтанудың категориялары: Категория деп әлеуметтік өмірдің нақты шыңдық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттерін, қатынастарын, байланыстары және өзара ықпалдастығын бейнелейтін жалпылама және іргелі түсініктерді айтамыз.
Әлемдік әлеуметтанудың негізгі тарихи даму кезеңдері
Мемлкет ізгілікті, үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметеп, туысқанындай бірін-біріжақсы көруі қажет деген: Конфуций
«Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес,бедел»:Платон
Қоғамның тууының негізгі себебі адамдар бірігіп қана өз қажеттіліктерін өтей алады деген: Платон
Тұңғыш рет қоғамның құрылымын талдауға ұмтылып,оның үш әлеуметтік жіктен тұратындығын атап көрсеткен:Платон
Платон «Қоғамды басқарудың негізгі құралы билік емес,...» деген:бедел
Мемлекетті-қауымның дамыған түрі, ал қауымды-отбасының дамыған түрі санаған:Аристотель
Конфуцийдің қоғамға ұсынған принципі: Әлеуметтік үйлесімділік
Қоғамды тірі организм санаған: Конфуций
Қоғам басшысынан бастап бұзылады деген: Платон
Платонша мемлекет ... болуы керек: адамның бәріне әділ болу керек
Платон қоғамды басқарудың негізгі құралы ... деді: бедел
Аристотельше мемлекеттің негізгі мақсаты: қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттікке жету
Аристотельше дұрыс мемлекет:қоғамдық игілікті көздеген мемлекет
«Қоғамдық келісім тұжырымдамасының авторы кім?Томас Гоббс
Әлеуметтік-саяси үдерістерді адамзат қоғамының дамуы ретінде қарап, мемлекеттің рөлі азаматтардың өмірге, еркіндікке және жеке меншікке құқығын қорғауда жатыр деген:
Замандастары әлеуметтану ғылымы жоқ кезде әлеуметтанушы деп атаған: Ш.Монтескье
20. Қоғам заңдары оған сырттан келмейді, оны ешкім де алып келмейді, олар оның ішінде оның өзінің ішінде болып жататын жеке әлеуметтік құбылыстар деген: Ш.Монтескье
Адам туралы позитивті ғылымның алғаш ауқымын айқындаған: Конт
Әлеуметтану ғылымының негізін салушы: Югост Конт
О.Конт қоғамды ... жүйе ретінде қарастырды: организм сияқты жүйе ретінде
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде алғаш зерттеген: Югост Конт
О. Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуының негізінде жатқан: адамзаттың ақылы
Алғаш әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика туралы әлеуметтанулық тұжырымдамалар жасаған: Ю.Конт
Г.Спенсер өзінің әлеуметтанулық тұжырымдарын ... негіздеді: Ч.Дарвиннің биологиялық эволюциясына
Г.Спенсер қоғамды ... ретінде қарастырды: биологиялық организм
Биологиялық организмнің эволюция заңын қоғамға алғаш пайдаланған: Спенсер
Эволюция дегеніміз:
Әлеуметтану ғылымына әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым, функция және т.б. әлеуметтанулық ұғымдарды тұңғыш енгізген: Спенсер
Қоғамның объективтік-материалистік теориясын жасаған, қоғамның дамуын ерекше бір құбылыс ретінде қарастырған: К.Маркс
Қоғамды жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына байланысты екенін көрсеткен:К.Маркс
Қоғамның әлеуметтік құрылымы экономикалық қатынастар арқылы анықталады деген:К.Маркс
К. Марксше қоғамның дамуының ең басты, қозғаушы, шешуші күші: экономикалық фактор
Замандастары ХХ ғасырдың әлеуметтану ғылымының кіндік шешесі деп атаған: К.Маркс
Алғаш қоғамның әлеуметтік құрылымы теориясын жасаған: К.Маркс
К. Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын ... арқылы анықтады: эконоимкалық қатынастар арқылы
Француз әлеуметтану мектебінің негізін салушы: Э.Дюркгейм
Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегі: келісім және ынтымақтастық
Әлеуметтану ғылымын теориялық жағынан негіздеуге бірінші көңіл бөлген: Э.Дюркгейм
Өз тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады деп санаған: Э.Дюркгейм
Әлеуметтанулық тұжырымының өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теорияны зерттеген: Э.Дюркгейм
Э. Дюркгеймше қоғамның тұтастығының негізін құрайтын:ұжымдық сана
Дінді қоғамның өзі, қоғамдағы барлық қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеген: Э.Дюркгейм
46. М. Вебердің әлеуметтануы ... туралы ғылым: түсіну
М. Вебердің пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті: субьективттік зандылықтарды ашу
Бюрократияның дамуын тарихи үдерістің жағымды болашағы ретінде дәлелдеген әлеуметтанушы: М.Вебер
«Әлеуметтік іс-әрекет» ұғымын әлеуметтануға ендірген: М.Вебер
50. Әлеуметтану саналы адамның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым деген: М.Вебер
Әлеуметтанулық ғылымның әдістемесі мен таным теориясына үлкен үлес қосқан: Т.Парсонс
Индивидтер өз әрекетін субъективті мағынамен байланыстырса ғана іс-әрекет деген: М.Вебер
ХІХ ғас. екінші жартысы мен ХХ ғас. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірлер тарихынан.
Қоғамдық мәселеде халық реформасындай соншалықты маңызды мәселе жоқ деген: Ш.Уәлиханов
Халықтың қалыпты түрде өсуі үшін ол дамудың қандай дәрежесінде тұрса да, өздігімен дамуы, өзін өзі корғауы, өзін өзі билеуі қажет деген: Ш.Уәлиханов
«Біздің қазіргі уақытымызда халыққа етене жақыны әрі ең маңыздысы болып, оның ең толғақты қажеттіліктеріне тікелей қатысты реформа экономикалық және әлеуметтік реформалар есептеледі» деген: Ш.Уәлиханов
Ш.Уәлихановша халыққа етене жақын, ең маңызды реформа:экономикалық және әлеуметтік
Ш. Уәлиханов экономикалық формаларды жүзеге асырудың құралы....деп санады: саяси реформа
Ш. Уәлиханов экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларды іске асыру барысында ... ескеру керек: халықтың ерекшілігін, тұрмыс-салтын, әдет- ғұрпын
Қазақтар арасында өз тілінде өтетін, ертеден етене таныс билер сотының сақталуын талап еткен:Ш.Уәлиханов
Билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе - олардың қолындағы шексіз билік деп ұққан: Ш.Уәлиханов
Еркіндікті дұрыс пайдалана білу үшін халықтың сауаты жоғары болуы тиіс деп тұжырымдаған: Ш.Уәлиханов
«Білімді адам қоғамда еркін болады» деген: Ш.Уәлиханов
Шексіз билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санаған: Ш.Уәлиханов
Ш.Уәлиханов адамдар өз қасиеттерін дамыту үшін ... болуы шарт деген:еркін
Тұңғыш рет мектеп ашқан, қараңғы қазақ даласында білім шырағын жаққан, халқын ана тілінде оқытуды әлеуметтік мұрат еткен: Ы.Алтынсарин
Дамудың негізгі құралы білім деп санаған: Ы.Алтынсарин
Ы.Алтынсарин дамудың негізгі құралы деп ... түсінді: білім
Ы.Алтынсаринше халық мектептері үшін ең керектісі кім: оқытушы
Мектептерді «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» санаған: Ы.Алтынсарин
Мектеп ең алдымен халықтық мектеп болуы, ол халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек деген: Ы.Алтынсарин
«Мектептерді халық арасында білім таратушы» деп санаған: Ы.Алтынсарин
Ы.Алтынсаринша мектептің сипаты ... болуы керек: халықтық мектеп
Ы. Алтынсаринша дүниедегі ең қымбатты адам: мұғалім,ұстаз
Ы, Алтынсарин қазақ балаларын мына тілде окытуды ұсынды: ана тілі
Қазақтың рухани ұлы ұстазы:А.Құнанбаев
76.Абай қоғамды ... құбылыс деп таныды: тарихи
«Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып көңілін ашпақ» деген:Абай Құнанбаев
Абай «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы» дегенді қай сөзінде айтқан: 19сөз
Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» дегенді қай сөзінде айтты: 18 қара сөз
Абайша «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар» - ол:Надандық, еріншектік,залымдық
Халықты ұлттық бірлікке, ішкі татуластыққа, ынтымақтастыққа үндеген: Абай Құнанбаев
«Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген: Абай Құнанбаев
«Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты бес нәрседен қашық бол деген: Абай Құнанбаев
«Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым, ойлап қой» сияқты бес нәрсеге асық бол деген: Абай Құнанбаев
Абай қоғамда болатын өзгерістерді немен байланыстырды:Адам еңбегімен
Абай «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, енбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» дегенді мына сөзінде айтты: 4 қара сөз
Абай адамның жан азығы деп санағаны: білуге құмарлық
. Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан .... деген нәрселермен озбақ» деген:ақыл,ғылым,ар,мінез
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген: Абай Құнанбаев
«Адам баласына адам баласының бәрі дос» деген: Абай Құнанбаев
Абай тілімен айтқанда, адам баласын қор қылатын үш нәрсе: Надандық, еріншектік,залымдық
Абайша адам баласының ең жаманы: талапсыздық
Алаш көсемдерінің әлеуметтік көзқарастары
ХХ ғасырдың басында халқымыздың ұлттық санасының оянуына айрықша әсер еткен аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері:Ә.Бөкейханов
Ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру идеясын көшпелі қазақ қоғамының ата-дәстүр салтымен, әдеттік құқық рәсімдерімен байланыста қараған: Ә.Бөкейханов
«Газеттің жаны – мақала» деген: Ә.Бөкейханов
Қоғамдық мешеуліктің себеп-салдарын халықты билеушілердің надандығы және ел бірлігінің жоқтығымен түсіндірген: Ә.Бөкейханов
«Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ» деген: Ә.Бөкейханов
Халықты оятудың жолын оқу-білімнен іздегенА.Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы Еуропада ғылым, өнер толық, қазақта олардың жұрнағы да жоқ деп, ... елге үлгі тұтты: Еуропаны
Ахмет Байтұрсынұлыша қазақты артқа тартып отырған аса қиын мәселелер: ел ішіндегі надандық пен жалқаулық
Жастардың оқу‑тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді деп санаған: А.Байтұрсынұлы
А.Байтұрсынұлы халықты оятудың жолын неден іздеген: оқу білімнен
Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «оқыған азаматтардың тұңғыш көсемі» ретінде танылған: А.Байтұрсынұлы
Мектепте қазақтың діні, тілі, жазуы таза болуын талап еткен: Ә.Бөкейханов
Өнер-білім теңдікке жеткізеді, әлсіздерге күш береді, тұрмысты түзетеді, басқалармен терезесін тең етеді деген: А.Байтұрсынұлы
«Мұғалім – мектептің жаны, мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады» деген: Ы.Алтынсарин
«Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген: А.Байтұрсынұлы
«Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы» деген: А.Байтұрсынұлы
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
«Қоғамның» әлеуметтанулық анықтамасы: Қоғам дегеніміз адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара әлеуметтік әрекетке түскен, өзін‑өзі басқарып, өзін‑өзі жетілдіріп, толықтырып отыратын, тұрақты және біртұтас қалыптасқан әлеуметтенген адамдардың жиынтығы.
Қоғамның ең ірі әлеуметтік ұйымы: мемлекет
Қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе екенін айтқан: О.Конт
"Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» деген: М.Вебер
«Қоғам - адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі» деген: Парсонс
Қарым-қатынастардың негізі - әлеуметтік ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген: Парсонс
Қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы деп түсіндірген:
Қоғамның ішкі құрамы, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара қарым-қатынас пен байланыста, өзара ықпалдастықта болып, тұтастықты қамтамасыз ететін элементтердің жиынтығы: әлеуметтік элементтер
Қоғамның әлеуметтік жүйесі дегеніміз:
Өзара бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста болатын, тәртіптелген және тұрақтылықты құрайтын, бірінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкелетін көптеген элементтердің тұтас жиынтығы:жүйе
Қоғамның ішкі құрылымы, оның әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасқан сан алуан байланыстарда, қарым-қатынастар мен ықпалдастықта болатын элементтері: әлеуметтік жүйе
Белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта белгілі мақсатқа жету үшін бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болған: әлеуметтік қарым-қатынас
Жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын үдерістер: әлеуметтік өзара әрекеттестік
Адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар: әлеуметтік қарым-қатынас
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тыйым салынған дүниелер, конституция, заңдар, заңдық күші бар қаулы-қарарлар: әлеуметтік нормалар мен ережелер
Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығы: әлеуметтік топ
Қоғамның әлеуметтік жіктелуі (стратификация) және әлеуметтік мобильділік теориясы
Қоғамның әлеуметтік жіктелу теориясы зерттейді: қоғамның әлеуметтік құрылымын
Қоғамның әлеуметтік жіктелу (стратификация) теориясының көрнекті өкілі: Сорокин
П.Сорокиннің теориясына сәйкес әлеуметтік мобильділік мынандай қозғалуды білдіреді: тік және көлденең
Әлеуметтік мобильділік – бұл: "Әлеуметтік мобильділік" деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз
Таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық топтар: әлеуметтік жіктер
Қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын ... дейміз: әлеуметтіе мобильділік
Индивидтің бір әлеуметтік позициядан екіншісіне тік сызық бойынша ауысуын: Вертикальды мобильділік
Индивидтің бір әлеуметтік позициядан екіншісіне көлденең сызық бойынша ауысуын: Горизонталь мобильділік
Жеке адамның немесе топтың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі:мобильдік
Этноәлеуметтану
Қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды қарастыратын ғылым: Этноәлеуметтану
Өздерінің шығу тегі, ортақ белгілерімен және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа түскен адамдар тобы:Этникалық қауымдастық
Адамдардың шыққан тегі, тілінің, территориясының, экономикалық өмірінің ортақтығымен, сондай–ақ этникалық санасы мен сана–сезімінде көрініс табатын психикалық ерекшеліктері және мәдениетінің ортақтығымен сипатталатын ерекше тарихи қауымдастық: Ұлт
«Біз ұлтшылдықпен күрестік, енді сендер ұлтсыздықпен күресесіңдер» деген:Ғабиден Мұстафин
«Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайтынын, тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» деген:Мұстафа Шоқай
Тiлi, жері, тарыхы, салт-дәстүрі, экономикалық өмірі, психологиялық касиеттері ортақ адамдар жиынтығы:
Мәдениет әлеуметтануы