Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика арн.жаттығу..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
102.91 Кб
Скачать
  1. Омоним қосымшалардың ішінен тәуелдік жалғауын тауып, басқа омоним қосымшаларды түрлеріне қарай ажыратыңыз, айырмашылығын табыңыз.

-Шырағым, атты ерте суар, күн көтеріле жүреміз, суішкесін де аздап оттап алсын,- деп тапсырған. – Тұрған жерімнен кемдік көргем жоқ,- деді Сағаттың ол ойын сезген Ботакөз,- туғанымнан кем күтіп отырған жоқ. Жақындаған сайын Базарбайдың бет ажарына қараймыз. Хатында ашық жауап бермесе де, баланың айтуынан мен Шұғаның ыңғайын байқадым. – Қолымыз босап, арқамыз кеңіп, адам санатына қосылып қалдық қой. Байғұс не өзінің атын, не әке-шешесінің атын білмейді. Олар құлдарды сап-сау күйінде ақыл-есінен таза адастыру амалын тауып, сол арқылы адам баласының болмысына дүниедегі зұлымдық біткеннің ең бір сорақы-зорақысын қолданған ғой.

  1. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның қай септік екенін ажыратып, сұрағын қойыңыз.

Олар болса, қыстан бері Бөжейдің асына әзірленеміз деп, күшқарайтың, сөз бен қамның бәрін соған салып жүр екен. Сонымен, дәл сыртқа шығар кезде, Құнанбай он бес қыстауды қайта жоқ тапты.

Байдалы, Байсалға күз бен қыста өзі уәде ғып, ағайынына қолдап берген жерлерінің бәрін қайтадан қайтарып алатын.

Өткен қыс сол жерді қыстап шығып, меншіктеніп қалған ауылдардың бәріне де сәлем айтыпты да, «күздігүні бұл қыстаудан дәме қылмасын!...Қыстау өзімізге қайтадыә деп, әр ауылға оқшау-оқшау хабар айтқан екен.

  1. Мәтіндегі көп нүктенің тиісті қосымшаларды қойыңыз, олардың түрліше болуынтүсіндіріңіз. Әңгімедегі ой-түйінін шешіңіз.

Құмырсқаның суға кетіп, жан таласып жүзіп бара жатқанын көрген көгершін оны өлімнен құтқармақ болыпты. Мойылдың жалпақ жапырағын жұлып әкеліп, құмырсқаның алдына тастапты. Құмырсқа жан дәрмен жапырақтың үстіне шығып жайғасыпты. Жел тұрып жапырақты жағаға қарай айдапты. Жапыраққа жабысып, қиындықпен алысып, қырға аман шығыпты.

Бір қарт көкжөтелмен ауырған немересіне көгершіннің қанын ішкізейін деп, арнайы ау құрып, киелі құсты ұстап алыпты.

«Ажалдан арашалап алған мейірбан достың жақсылығын қайтаруға борыштымын»,- деп жүрген құмырсқа, қарттың аш санын қатты қыршып алғанда, санына біз кіргендей болған шал көгершін оралған ауды тастап жібергенін өзі де байқамай, санын сипапты. Сол мезетте көгершін аудан сатылып шығып, спанға бір-ақ самғапты.

  1. Мәтіннен жіктік жалғаулы сөздерді тауып, зат есім екенін дәлелдеңіз.

1. Сөйлейміз газет бетімен,

Қаламнан қаһар төгеміз.

Соғамыз жауды шетінен,

Қабырғасын сөгеміз,

Гарнизонда өзіміз,

Офицерміз, солдатпыз.

Алда, шепте-кәзіміз

Бақылаймыз барлап біз.

(С.Сейт.)

2. Алтайға қарап асқақтыққа құмарттым,

Сауырға қарап сұлулыққа құмарттым.

Ертыске қарап тереңдікке құмарттым,

Мен жасымнан арманға көп жүк арттым.

(Ә.Ніл.)

  1. Көмекші есімдерді тауып, олардың қандай септік жалғаулары тұрғанын айтыңыз.

Атамандар құрметті қонақтардың жанына барға еді, көп ұзамай кенеп дастархан жайылып, шайға отырдық. Көрдіңіз бе, мінекей, мектеп қабырғасы көз аддымызға көтеріліп барады. Көзім кемеге мініп жатқан жұрттың ішінен әлдекімді іздегендей айнала қарайды. Сейтжан төртеуі қара тақтайдың үстінен түспейді. Қоға арасында тұрған қайықты өзеннің ортасына қарай сүйреп шығарды да, жүзіп итермелеп, Хакімге қарай жылжыта берді.