Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика арн.жаттығу..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
103 Кб
Скачать
☆

9. Мәтіннен а, ә, о, ө, ү, ұ, ы, і әріптері қатысқан сөздерді теріп жазып, олардың қай быунда тұрғанын көрсетіп, түсінік беріңіз.

Әйгерім ауылға сол жанжал болатын күннен сәл бұрын кешке жақын қайтқанды. Үш күн бойы, көптен көрмеген сауығына қайтқан, әнін тапқан жас өнерпаз әйел, осы күндерін, талайдан сағынған арманды күткендей рақаттанған екен. Кеш бата өз үйінің сыртына кеп, пар ат жеккен жеңіл арбадан түскенде, Абай мен Ербол сыртта тұр еді.

Әйгерімнің өңі ағы яқ, қызылы қызыл боп, өзгеше құлпырғандай. Бұрын бір Абаймен ыстық шағындағы сауық-сайран салған, шексіз ән салған күндеріндей көрікті екен. Қасындағы Зылиханы киім – кешектерімен үйге жіберіп, әдеттегі сыпайы, биязы қозғалысымен абайлар қасына кеп, ауыл амандығын сұрады. Абай Әйгерімнің жүзіне таңдана, қызығып қарағандай.

(М.Ә.)

10. Төмендегі сөздерде дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерге түсінік беріңіз.

А) рұқсат, ру, реніш, сасу, шек, ішек, мәтін, рас.

Ә) лақ, құриды, ромб, ұлағат, лұғат.

Б) тәжірибе, самаурын, ілеспеу, тұжырым.

Дауыссыз дыбыстар және оның емлесіне арналған жаттығулар

  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, әрбір сөзбен сөйлем құраңыз.

Экспеди ... ия, ... утбол, ... рестоматия, фос ... ор, ры ... аг, техноло ... .

  1. Мәтіннен мысал келтіре отырып : а) ж, ғ, ң әріптерінің қолданылуын,

ә) ц, ч, щ әріптерінің қолданылуын түсіндіріңіз.

Сарсен физматқа түсем деп жазылыпты, ал Жабай химфакты қалайды екен,- деді ол әңгімесін жалғастыра түсіп. Мен тарихшымын, сондықтан бұл даудан шеткері тұра алмаймын. Хиросима трагедиясы сияқты, Отырар алапты да жер үстіндегі ауыр трагедиялардың бірі. Бір уақытта чертеждеріне үңіліп, тағы да блокнотына жазды. Кварцты порфир – төгілмелі тау жыныстарын өте көп таралған түрінің бірі. Кеудесін көрнеген іштегі ашы күйікті сыртқа шығарып, сарқып алғаннан кейін, бойы біраз жеңілденді.

  1. Мәтіннен б, в, г, д әріптерінің қолданылуындағы ерекшеліктерді түсіндіріңіз.

Бірақ бұл кісі қанша талпынса да, өсе келе педагог бола алмады.

Өйткені ұзақ саяхатқа

шыққан кезде, ксомонавтар планета аралық корабльдің ішінде көкөніс өсіруге

мәжбүр болады. Өзің-ақ айтшы, экскурсовод болып істеу шынымен ұнағаны ма саған? Осы сәтте Бандуров заводының жуынгерлері түгелімен неміс окоптарына жетіп келіп, бүкіл траншея бойын жаудың қалған-құртқандарынан тазарта жөнелді.

  1. Берілген сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құраңыз.

Артист, ведомость, диалог, Томск, металл, эпизод, экспорт, поэзия, повесть, стиль, киловатт, килограмм.

  1. Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді түрлеріне қарай топтан жазыңыз. Өлең мазмұнын толықтырыңыз, авторы жайында ой қосыңыз.

Пай! Пай! Пай! Мына өлке,

Киеле неткен жер! Мына аймақ,

Батырлар дүрілдеп өткен жер! Бұл маңда

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. Құлшылық етемін тұрғанға,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Құлшылық етемін құмдарға,

Сарылып сал-сері кеткен жер. Тағзым жасаймын қырларға

Бас иіп, иіскеп топырағын, Шүкірлік етемін қашанда

Тағзым жасамай өтпеңдер! Осы бір Отанда тұрғанға!