
- •1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңіз. Сөз ішіндегі дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңіз.
- •9. Мәтіннен а, ә, о, ө, ү, ұ, ы, і әріптері қатысқан сөздерді теріп жазып, олардың қай быунда тұрғанын көрсетіп, түсінік беріңіз.
- •10. Төмендегі сөздерде дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерге түсінік беріңіз.
- •Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, әрбір сөзбен сөйлем құраңыз.
- •Мәтіннен мысал келтіре отырып : а) ж, ғ, ң әріптерінің қолданылуын,
- •Мәтіннен б, в, г, д әріптерінің қолданылуындағы ерекшеліктерді түсіндіріңіз.
- •Берілген сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құраңыз.
- •Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді түрлеріне қарай топтан жазыңыз. Өлең мазмұнын толықтырыңыз, авторы жайында ой қосыңыз.
- •Мына сөздерге дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғап, әрқайсысының емлелік ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •Мәтіндегі дауыссыз дыбыстарды сөз ішіндегі орналасуы жағынан талдаңыз. Олардың қайсысы сөздің барлық жерінде, қайсысы тек белгілі орында қолданылатынын анықтап сипаттаңыз.
- •Мәтіндегі дауыссыз сөздерді дауыс қатысына қарай топтап, түсінік беріңіз.
- •Қосымшалардың тиістісін қойып, себебін түсіңдір.
- •Мәтіндегі сөздерді буын үндестігі тұрғысынан талдаңыз.
- •Мәтіннен сөз аралығындағы, сөз ішіндегі дыбыс үндестігін тауып, оның қалай туып тұрғанын түсіндіріңіз.
- •Сөйлемдерден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды, кейінді ықпалды тауып, оған түсініктеме беріңіз.
- •Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңыз.
- •Мына сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратыңыз және осыларды қатыстырып сөйлем құраңыз.
- •Оқып шығып, әрбір сөздің неше буыннан және қандай буыннан құралғаның айтыңыз.
- •Төмендегі сөздерді буын түрлеріне улгі бойынша толтырыңыз.
- •Жұмбақтағы сөздердің ара жігін ажыратып, шешуін табыңыз.
- •Жаңылтпашты тез, әрі аңық оқи отыра, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын түрлеріне ажыратыңыз.
- •Зат есімдерді теріп алып жасалу жолына, тұлғасына қарай кесте бойынша топтап жазыңыз.
- •Төмендегі жұрнақтар арқылы бес негізгі түбірден туынды зат есім жасаңыз да, олардың қатыстырып сөйлем құраңыз.
- •Көптік жалғауының қолданылуындағы мағыналық ерекшеліктерін табыңыздар.
- •Мәтіннен тәуелдік жалғаулы зат есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңыз.
- •Омоним қосымшалардың ішінен тәуелдік жалғауын тауып, басқа омоним қосымшаларды түрлеріне қарай ажыратыңыз, айырмашылығын табыңыз.
- •Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның қай септік екенін ажыратып, сұрағын қойыңыз.
- •Мәтіндегі көп нүктенің тиісті қосымшаларды қойыңыз, олардың түрліше болуынтүсіндіріңіз. Әңгімедегі ой-түйінін шешіңіз.
- •Мәтіннен жіктік жалғаулы сөздерді тауып, зат есім екенін дәлелдеңіз.
- •Көмекші есімдерді тауып, олардың қандай септік жалғаулары тұрғанын айтыңыз.
- •Көмекші есімнің қандай мағына беретінін анықтаңыз.
Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңыз.
Жігіт көңіліндегі сөздердің бірін де айтқан жоқ. Қайткенде де Сергей жүрегінде қаймығу мен үрей тұғызбақ еді. Көзтай шыжыған ыстық күнде осыншама суыт жүріспен келіп, Толағай, Тәттібай қыстауларын шолды. Содан соң ол сол маңдағы Сейілхан құдығы аталатын қыстаққа қарай тартты. Кеше құшқұрым недәуір қар жауып, таңға жақын басылған еді. Қардан соң аяз әжептәуір екен, шалдың айыр ұстаған қолы кәдімгідей қарысып тоңып қалды.
Мәтіндегі сөздерде екпіннің қай буынға түсіп тұрғанын анықтаңыз. Қосымшалы сөздерде екпіннің өзгеріп отыру себебін түсіндір.
Ұзақ өзін қостаған сөзге емексігендей болды. Тегінде, Серікбайдың ерлігі, кісілігі бар деп, бұрында ішінен жаратушы еді. Сондықтан жасының кішілігіне қарамай, жолдас сияқты көріп, ақылын мақұл көрген соң, Ұзақ бұның сөзіне риза болып, бұрынғыдан да гөрі шешіліп сөйлуге айналды.
Мәтіндегі сөздердің: а) негізгі және көмекші екпін түскен буындарды көрсетіңіз; ә) екпін түспейтін сөздер мен қосымшалардың астын сызып, себебін түсіндіріңіз.
Уәли аса көңілсіз жағдайда отыр. Иесі босып кетіп, аңырап қалған бөлме де қобалжыған жарым көңілін титықтата түседі. Ол терезеге үңілді. Мылтықтарын асынып екі-үш солдат кетіп барады. Анау алысырақта жол бар екен, алғы шекпе қарай арба кетіп барады. Оған қарсы бір салт атты жортып келеді. Осы қималдардың бәрі Уәлиге сондай бір көңілсіз, жат көрінді.
Орыс тілі арқылы енген сөздердегі екпін түсіп тұрған буындарды анықтаңыз, оларға қосымша жалғап, сол буындардағы екпіннің сақталу-сақталмауын түсіндіріңіз.
Вагон, валюта, галстук, профессор, фестиваль, федерация, шрифт, фонетика, факультет, эскимос, инфляция, эпитет, инкубатор.
Мақалдардағы сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратаңыз, ой түйінің шешіңіз.
1. Ақыл азбайды, 4. Ашу-дұшпан, ақыл-дос
Алтын тозбайды. Ақылыңа ақыл қос.
2. Сабыр қылсаң бәрі де бітер, 5. Тауды, тасты жел бұзар,
Сабырлы мақсатына жетер. Адамзатты сөз бұзар.
3. Сараңның көзі тоймас. 6. Өлімнен ұят күшті.
Мына сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратыңыз және осыларды қатыстырып сөйлем құраңыз.
Психолог, фантастика, хрусталь, ханым, фестиваль, фраза, жер-жаһан, жиһангер, синхронды.
Оқып шығып, әрбір сөздің неше буыннан және қандай буыннан құралғаның айтыңыз.
Сексен ақын-Баһрам батырдың туған ағасы. Біржанға мұның бәрі ғажайып бір тарих, шежіре. Ол бәрін біледі. Біржан енді кербез ән «Гауһартасты» бипаздап мөлдірете берді. Мақпал мен Сегіз сері хикаясын жырлай бастапты ақындар. Бұл жырлауға тұрарлық махаббат болған екен. Штабты өртеген-ата қонысынан айырылған Балта Керей, Мұхамедияр екен. Білесіз оны, бұрын хорунжи еді ғой... Өзінің шын аты-Гүлжиһан еді. Сегіз сері де үһлеп-үһлеп қойды.
Төмендегі сөздерді буын түрлеріне улгі бойынша толтырыңыз.
Ашық буынды сөздер |
Тұйық буынды сөздер |
Бітеу буынды сөздер |
Аралас буынды сөздер |
Сала |
Асыл |
Талқан |
Үздік |
Қайсар, оғыз, қозғалыс, қанқ, сәңқой, қонжық, сұңғақ, томаға, тайлақ, қағида, сыйлық, иіс, би, жазушы, балғын, нысана, мінсіздк, қалжың, іс, уыс, тағдыр, қайрат, бүйі, ай, жас, төбе, кедей, әл, кінә, мәшһүр, Бегәлі, Біржан, жалғыз, дала, Дәрмен, немере, Қарашоқы.