Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика арн.жаттығу..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
102.91 Кб
Скачать
  1. Мәтіннен сөз аралығындағы, сөз ішіндегі дыбыс үндестігін тауып, оның қалай туып тұрғанын түсіндіріңіз.

Ауылда шеттен келген кісілер бар секілді. Оңашалау тігілген қонақ үйдің сыртындағы кермеде күміс ер-тұрманды бірнеше жарау аттар байлаулы тұр. Жолаушылар күймеден түсіп жатқанда, үлкен ақ үйдің қасында топтанып тұрған үлкендер де бері қарай аяңдады. Ең алдында Керімбайдың өзі, одан сәл кейінірек Ажар бәйбіше мен тағы басқа жақын туыстар. Дәмежан алдымен әкесіне келіп сәлем берген. Бұл күнде елудің мол ішін аралап кеткен Керімбай ұзын бойлы, мол бурыл сақалды, түксиген қалың қабақтың астынан шүңет көзі адамға тесіле қарайтын, түсі суық айбарлы кісі еді.

  1. Сөйлемдерден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды, кейінді ықпалды тауып, оған түсініктеме беріңіз.

Мен Ленинградқа пайызбен кеп түскен күні шүмектеп құйған жауын екен. Енді қоныстың жақындаған шағында, Абай не қылса да барып сөйлесіп, арнаған сәлемін. Базаралы мен Кеденге айтып жібермек болды. Сарықұм аулы егіңнен өзге тіршілігі жоқ, өңкей жатақтар бола тұрса да, сәнді ауылдың бірі болатын. Біздің дегенімізге көнбес болса, сол жөнінде хат мөрлеп, қол-аяғын бұғандай етіп, өз әмәрәне әкеп береміз!-депті. Күн күйдіріп тұр. Бәрі де белуарға дейін шешініп тастаған, жоталарын күн қақтап қыздырып кеткен, өздері шат көңілді. Бірінен-бірі тоқтай қалып, бетін басқан терді жұдырығымен сырып тастап, қуып жетіп қалмады ма екен дегендей, соңындағы көршісіне қарап қояды.

  1. Көп нүктенің орнына н және ң әріптерінің тиістісін қойып көшіріп, неліктен қойғаныңызды түсіндіріңіз.

Ері ...беген етікші болады. Тү ... гі самалмен қыдырғанға не жетеді! Қиянатқа кө ...бе, әділетке атса да көн! Се ... бі күні кел. Тоқса ... ға келген жасым бар, Көпті көрген басы бар. Кө ... біс адамды тауыпсың ғой!

  1. Біріккен сөз және тіркескен сөздердің аралығында айтылуда қандай өзгеріс болатындығына назар аударып, олардың жазылуы мен айтылуының арасындағы айырмашылықты түсіндір.

Алаөкпе, Қараөзек, Жетіарал, қала іші, қара ала сиыр, жүре алмадым,

айта алмадым, Сырықұм, Базаралы, Керімбай.

  1. Қарамен жазылған сөздердің түбір қалпындағы соңғы дыбысы қандай дыбыс екенін және оның жалғаулар жалғануына байланысты өзгеру себебін түсіндір.

Әннің де естісі бар, есері бар. Тыңдаушының құлағының кесесі бар. Білместігімнен істедім дегеннің көбіне нанбаймын. Сұрағына тез жауап бере алмаймын. Шауып кел, барып кел дегеніңе жүре алмаймын. Кітаптың қызығына беріліп кеткенімен сонша, уақыттың өткенінің де байқамапын.

  1. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылуда өзгеру себебін және қалай үндесіп тұрғанын түсіндір.

Таныс шығар, тоқ адам, теңіз суы, бас штаб, ақ лақ, көк еңбек, күн көріс, боз жігіт, Сейсенбек, Алшынбай.

  1. Мына үсінддеді қара әріппен жазылған сөздерді түбір мен қосымшасының арасына сызықша қойып, көшіріп жазыңыз да, ол сөздердегі ықпал заңын көрсетіңіз.

Маржан, Маржан, қарағым!

Күлімдейді қабағын,

Түріліпті балағың,

Жалаңаш балғын балтырың,

Не еткен сұлу, жарқыным!

Маржан, Маржан, жүрегім!

Қолыңда менің күрегің.

Жұмыста жүрсең білемін,

Жалаңаш жұмыр білегің.

  1. Сөйлемдердегі қара әріппен жазылған сөздерге қосымшалардың неліктен түрлі-түрлі жалғанып түсіндіріңіз.

Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын Біреуге бірдене айтпастан бұрын, оны әуелі өзіңе айтып ал. Отырғандар тағы да Әлімқұл мен Байзаққа қарады. Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күземді елден ерте алды. Жарғанатқа жарықтан қараңғы артық.

  1. Буын үндестігі заңы бойынша жазылып тұрған сөздердің астын бір, буын үндестігі заңына бағынбай тұрған сөздердің астын екі сызыңыз да, себебін түсіндіріңіз.

Саясы жоқ бәйтерек

Саздауға біткен талмен тең,

Пайдасы жоққа жалынсаң,

Семіз бір жемқор малмен тең.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта, бар қалан.

(Абай)

Дүниеқор адамның есіл-дерті-мал болар.

Ақылгөй, данагөй қарттар айтқан сөзді көңілге тоқитын жас боларсың.

Екпін, буын түрлеріне арналған жаттығулар