Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика арн.жаттығу..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
102.91 Кб
Скачать
  1. Мына сөздерге дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғап, әрқайсысының емлелік ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Металл, монолог, Омск, мораль, диалект, табель, артист, фонд, грамм, поезд, тест, подъезд, милиграмм, повесть, разъезд, мотокросс, альпинист, аэронавт, пианист, балл, вестибюль, асфальт.

  1. Мәтіндегі дауыссыз дыбыстарды сөз ішіндегі орналасуы жағынан талдаңыз. Олардың қайсысы сөздің барлық жерінде, қайсысы тек белгілі орында қолданылатынын анықтап сипаттаңыз.

Бір ғажабы жараланған марал орман ішіне қарай қашпай, тағы да бағанағы жұмбақ көлге қарай бет түзеді. Әбден қалжыған аңшы барар жерің белгілі болды дейді де, демалып тынығып, аяғының ескі жарасын қайта таңады, содан соң баяғы көлдің басына жетеді. Ақырын бас бұғып кеп қараса, судан маралдың мүйізі мен тұмсығы ғана көрінеді. Сынықшы атаның кекірейгенмен, жұрттан озып мал тауып, байып кеткені тағы да шамалы. Шалдың ендігі бар арманы-жеті атасынан бермен қарай үзілмей келе жатқан сынықшылық өнерін кейінгіге үйретіп кету.

  1. Мәтіндегі дауыссыз сөздерді дауыс қатысына қарай топтап, түсінік беріңіз.

Есеней қазір қаптап-қапталдап, жер түгін тістелей жылжып келе жатқан байлығының алдында дәуір жерде, биіктеу жотаның қырқасында ат үстінде тұр. Көз жетпес көк жиеке дейін созылып-керіліп жатқан кең алқап шын-ақ мақтағандай екен. Бұл жолы шекара комиссияларының арасында бәлендей құрық әкетер асаулық та, алауыздық та туған жоқ. Екі жақ та жылы жүзді, жылмаң дипломатия танытты. Екі ел чиновниктерінің жүзіндегі бұл жымысқы күлкі мен бір-бірінен асып түсетін жылы лебіздер көктен түсе қалған жоқ, дәл сол мезеттегі Ақ патша мен Ежеханның қас-қабағына байланысты еді.

  1. Қосымшалардың тиістісін қойып, себебін түсіңдір.

    1. (т-д): биік ...ау, бітпейтін ...ау, тамақты ... ауыс, әдемі ...ауыс, бір ...оп жалқы, ... оп ойнау.

    2. (ш-ж): арасына ...ек қою, біреуді ...ек көру, кесек қантты ... ағу, пешке от ...ағу, ...ағала көлдің жағасына қонды, сен өзен бойын ... ағала.

    3. (с-з): бо ...уәде, бо ...бала, ке ...ек күту, ке ..ек тас, жа...адам, жауынды ... жа..., жерге қа ...ық, жа ...ық бала, жа...ық дала.

    4. (п-б): қымыз са ...ыр, са ...ыр ет, ...іл ыстық жақта өмір сүреді, сабағыңды жақсы ...іл.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз.

    1. м- мм: гра ...атикалық талдау, мақтау гра ...отасы, екі килогра ...ын өлше, телегра ... а бер.

    2. л-лл: бағалы мета ..., криста ...дай таза, бад ... ай тәтті, жер сілкінісі

бес ба ... .

Үндестік заңына арналған жаттығулар

  1. Мәтіндегі сөздерді буын үндестігі тұрғысынан талдаңыз.

Сонсоң көзін сығырайтып, жүзінен әлдебір мысқыл күлкі нышаны жүгіріп өтті де, ағайынды екі жігітің үсті-басын шолып шықты. Арызшының екеуі де шөпектей арық, аяқ-қолдары жіп-жіңішке, денелері шағын бәкене жігіттер еді. Тек Төлебай ғана інісінен гөрі жауырынды, сәл жалпақтау көрінеді. Мына тұрпаттарымен Таңқыбайға күш көрсетіп, төтеп бере алмайтыны айдан анық, әрине. Көз алдына еркешора Меңсұлу-құрық алып, тымақ киіп, жылқы қайырған бозбала кейпінде емес, қосетек көйлек, кәмшат бөрік, алты теңгелі өңіржиек таққан мақпал қамзолды бойжеткен қыз кейпіндегі Меңсұлу келе берген. Сол жылы сурет жетегімен атты кісі көрінбес биік бозқараған ішіне кірді.