
- •1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңіз. Сөз ішіндегі дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңіз.
- •Мәтіндегі дауыссыз дыбыстарды сөз ішіндегі орналасуы жағынан талдаңыз. Олардың қайсысы сөздің барлық жерінде, қайсысы тек белгілі орында қолданылатынын анықтап сипаттаңыз.
- •Қосымшалардың тиістісін қойып, себебін түсіңдір.
- •Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңыз.
- •Мына сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратыңыз және осыларды қатыстырып сөйлем құраңыз.
- •Оқып шығып, әрбір сөздің неше буыннан және қандай буыннан құралғаның айтыңыз.
- •Төмендегі сөздерді буын түрлеріне улгі бойынша толтырыңыз.
- •Жұмбақтағы сөздердің ара жігін ажыратып, шешуін табыңыз.
- •Жаңылтпашты тез, әрі аңық оқи отыра, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын түрлеріне ажыратыңыз.
- •Зат есімдерді теріп алып жасалу жолына, тұлғасына қарай кесте бойынша топтап жазыңыз.
- •Төмендегі жұрнақтар арқылы бес негізгі түбірден туынды зат есім жасаңыз да, олардың қатыстырып сөйлем құраңыз.
- •Көптік жалғауының қолданылуындағы мағыналық ерекшеліктерін табыңыздар.
- •Мәтіннен тәуелдік жалғаулы зат есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңыз.
- •Омоним қосымшалардың ішінен тәуелдік жалғауын тауып, басқа омоним қосымшаларды түрлеріне қарай ажыратыңыз, айырмашылығын табыңыз.
- •Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның қай септік екенін ажыратып, сұрағын қойыңыз.
- •Мәтіндегі көп нүктенің тиісті қосымшаларды қойыңыз, олардың түрліше болуынтүсіндіріңіз. Әңгімедегі ой-түйінін шешіңіз.
- •Мәтіннен жіктік жалғаулы сөздерді тауып, зат есім екенін дәлелдеңіз.
- •Көмекші есімдерді тауып, олардың қандай септік жалғаулары тұрғанын айтыңыз.
- •Көмекші есімнің қандай мағына беретінін анықтаңыз.
Жұмбақтағы сөздердің ара жігін ажыратып, шешуін табыңыз.
1) Бұрапқойғансағаттайайғайлайдытаңатпай.
2) Екіаяқтыбірбастыжүгіредітымқатты.
3) Астытасүстітасортасындажаныбас.
4) Ештеңежоқарқасындабаласыбарқалтасында.
Жаңылтпашты тез, әрі аңық оқи отыра, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын түрлеріне ажыратыңыз.
1. Шәйшінің шәй шәйнеге мосыдап түспес.
Мосыдан түсе, ащы деп ішпес, ыссы деп ішпес,
Ащы деп ішпес, ыссы деп ішпес.
Ақынның батылдырағын айт,
Батырдың ақылдырағын айт,
Ұстаздың жақсылырағын айт,
Шәкірттің ұстамдылырағын айт.
Автобусқа кіргенінде,
Елмен бірге ілгерірек ілгеріле.
Ұстап қара қарындашын,
Ұштап қарындашын қарындасым,
Ұсынды қарындасым қарындашын.
Зат есімге, көмекші есімге арналған жаттығулар
Зат есімдерді теріп алып жасалу жолына, тұлғасына қарай кесте бойынша топтап жазыңыз.
Негізгі түбірлі зат есім |
Туынды түбірлі зат есім |
Біріккен түбірлі зат есім |
Қос сөзді зат есім |
Сөз тіркесінен жасалған зат есім |
Бір күні бес-алты аңшы тау ішіндегі ауылдан атқа мінді. Кәрі аңшы Ақшегірдің томағасын тартып, үндемей тасқа шүйіліп отыр еді. Ақөзекке егін салған азғана елдің ортасындағы бас көтерген тәуірі-Жақсылық. Кашан болса да бай-бәйбіше, келің-кепшек, бала-шағадан Жақсылық қаққы-соққы көретін. Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылып, гүлдерден шашақ тақты. Жас талдар бүршік жарады. Жер гүлденіп, дала түрленді. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. –Мынау жас қонаққа,- деді Жаңбырбай, Асқар тыстан келгеннен кейін, әйеліне:- төсекті Сарыбастың бөлмесіне салып бер, жастар ойнап-күліп бірге жатсын. Таң қараңғасында пішеншілерді оятатын, ол барлық шалғыны да түн бойы шыңдап, қылпылдатын қояды.
Төмендегі жұрнақтар арқылы бес негізгі түбірден туынды зат есім жасаңыз да, олардың қатыстырып сөйлем құраңыз.
-ма, -лық, -ыс, -гі, -ші, -пат, -ін, -ық, -шық, -ім.
Көптік жалғауының қолданылуындағы мағыналық ерекшеліктерін табыңыздар.
Жандос, Ермекбайлар бір жақ, Ералин, Аман, Күлпаштар бір жақ болып, армансыз сайысқан көрінеді. Екеуі аттарына мініп, ауылға беттеді. Жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді. Мінеки, достар! Зұлымдылық-қиянат қылып әдеттенгендердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек, ақниеттің жолында құрбан болатындары да әдет алып, шын құмар болып кеткендіктен болады.
Мәтіннен тәуелдік жалғаулы зат есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңыз.
Байжекен де балаларынан босана алмай, мұз қатқан сақал-мұртын әр баласының алқымына бір жапсырды. Таныс түтін иісі, бала иісі. Әр баланың өз иісі, сағынған иістері... Әр баланың өз үндері, сағынған үндері....
Аман келдіңдер ме, дендерін сау ма? – деп, Жұбай Апақтың бетінен сүйді де, үйге қарай беттеді. Әрі қуанып, әрі жүрегінде бір олқылық сезініп бара жатыр. Бірақ, балаларының қуанып қалғанына лық толғандай, Байжанға өкпелеген жоқ.
Менің жалғыз шешем мен жалғыз балам қатты суықтардың тұсында бір айлақ көріктері үшін мені екі жылға жалдап қойыпты бір бай ағайындарымызға ... шешем мен балам қаңғыра-қаңғыра өзі осында жұмыста жүрген бір жолдасымның үйіне келіпті.