
- •1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңіз. Сөз ішіндегі дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңіз.
- •Мәтіндегі дауыссыз дыбыстарды сөз ішіндегі орналасуы жағынан талдаңыз. Олардың қайсысы сөздің барлық жерінде, қайсысы тек белгілі орында қолданылатынын анықтап сипаттаңыз.
- •Қосымшалардың тиістісін қойып, себебін түсіңдір.
- •Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңыз.
- •Мына сөздерді буынға бөліп, түрлеріне ажыратыңыз және осыларды қатыстырып сөйлем құраңыз.
- •Оқып шығып, әрбір сөздің неше буыннан және қандай буыннан құралғаның айтыңыз.
- •Төмендегі сөздерді буын түрлеріне улгі бойынша толтырыңыз.
- •Жұмбақтағы сөздердің ара жігін ажыратып, шешуін табыңыз.
- •Жаңылтпашты тез, әрі аңық оқи отыра, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын түрлеріне ажыратыңыз.
- •Зат есімдерді теріп алып жасалу жолына, тұлғасына қарай кесте бойынша топтап жазыңыз.
- •Төмендегі жұрнақтар арқылы бес негізгі түбірден туынды зат есім жасаңыз да, олардың қатыстырып сөйлем құраңыз.
- •Көптік жалғауының қолданылуындағы мағыналық ерекшеліктерін табыңыздар.
- •Мәтіннен тәуелдік жалғаулы зат есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңыз.
- •Омоним қосымшалардың ішінен тәуелдік жалғауын тауып, басқа омоним қосымшаларды түрлеріне қарай ажыратыңыз, айырмашылығын табыңыз.
- •Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның қай септік екенін ажыратып, сұрағын қойыңыз.
- •Мәтіндегі көп нүктенің тиісті қосымшаларды қойыңыз, олардың түрліше болуынтүсіндіріңіз. Әңгімедегі ой-түйінін шешіңіз.
- •Мәтіннен жіктік жалғаулы сөздерді тауып, зат есім екенін дәлелдеңіз.
- •Көмекші есімдерді тауып, олардың қандай септік жалғаулары тұрғанын айтыңыз.
- •Көмекші есімнің қандай мағына беретінін анықтаңыз.
Фонетика
Дауысты дыбыстар және олардың емлесіне арналған жаттығулар
1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңіз. Сөз ішіндегі дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңіз.
1) Юрмала, ін, эпиграф, щетка, ямб, цикл, чабыргах, ырғақ, шайыр, Ресей, хамса, төл, фольклор, сонет, үн, уыс, ұйқас, өлең, мақал, қыр, лирика, нақыл, ода, поэзия, күн, идиома, заң, ертеңгі, жаз, дыбыс, Варшава, әңгіме, аңыз, бақсы, ғазал.
2) Латыпов, Өтемісұлы, Райымбек, Пазыл, Уланова, Ұлықбек, Нарымбетов, Махамбет, Орынбасар, Сұлтан, Тарлан, Асқар, Құрманбек, Заманбек, Есенгелді, Болат, Жанболат, Владимир, Игілік, Кенжебек, Даниал, Гөзәл, Әсел, Ғалия, Үсен, Яков, Іргелес, Хаким, Щербак, Ықылас, Фатима, Эзоп, Цыганков, Чапаев, Шұғыла, Юрий.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып, сөздердегі ашық және қысаң дауысты дыбыстарды ажыратыңыз. Нақылдың негізгі ой түйінін шешіңіз.
Көрінген біліп қоймасын десең,
Жан күйер досыңа да сырыңды айтпа.
Жалғанда алданбаймын деп ойласаң,
Жұмыспен әуре болма сыналмаған.
Мәшһүр Жүсіп
3. Мына төмендегі сөздермен жуан дауысты бар сөздерді жеке, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді жеке топтан жазыңыз да, жуан дауысты дыбысы бар бес сөзбен, жіңішке дауысты дыбысы бар бес сөзбен сөйлем құраңыз.
Қазақстан, әлем, тұрғылықты, мәжіліс, тәжірибелі, астаналық, Қорғалжын, ертегі, Сарыарқа, көпшілік, бикеш, сағыныш, Алтынай, елтаңба, жәрмеңке, пасық, шолпы, нағыз, әңгіме, зерек, реніш, ықылас, лағыл, ғұмыр, Гүлсім, үнемі.
4. Мына төмендегі сөздердегі еріндік дауыстылардың астын бір, езулік дауыстылардың астын екі сызыңыз және сөздердің мәнін ашып түсіндіріңіз.
Лашық, жұпар, құдды, жәбір, мақұлық, ғазиз, ғанибет, рухани, әулие, күнә, нысап, іңкәр, ғайып, пейіл, көнтерлі, бөгде, інжу, ақиқат.
Ғайбат, леп, рәсім, пәктік, лағыл, айдын, шапағат, мұржа, мұқтаждық, дүрбелең, күмбез, хикая, шекер, перизат, қызбалық, қисапсыз, биязы.
5. Мына сөздердегі көп нүктенің орнына ұ-ы, ү-і, ө-е әріптерінің тиістісін қойып жазыңыз. Бес сөзбен сөйлем құрастыр.
Көрк...м, құл...қ, түб...к, мұр...н, жұл...н, көр...к, бөлім ..., дұр...с, өң...ш, өл...ң, бүт...н, түт...н, күнд...з, күр...к, төл..., мөлд...р, көм...й, бөл..м.
6. Мына сөздердегі көп нүктенің орнына и, й, ый әріптерінің тиістісін қойыңыз, емлесін түсіндіріңіз.
Қ...сық, ж...ырма, лир...ка, мо...ын, қ...мыл, қ...сын, ...кемді, т...ылу, т...істі, о...мақ, а...на, қа...мақ, т...ылды, д...хан, б...лік, ...не, мәден...ет, ш...кі, с...лық, тар...х, н...ет.
7. Көп нүктенің орнына и, й, ый әріптердің тиістісін қойып, әр сөзбен сөйлем құраңыз, емлесін түсіндіріңіз.
Қ...ял, жар...я, б...ыл, с...яқты, мұқ...ят, Балқ...я, с...я, з...янды, б...язды, с...лық.
8. Текстегі сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстарды тілдің қызметіне, жақтың ашылуына және еріннің қызметіне қарай топтап түрлеріне анықтаңыз да тексті мазмұнына сайықтап әңгімелеңіз.
Төл теңгеміз тұңғыш рет енгізіліп отырғандықтан, әуелгі кезекте оның әншейін қағаз күйінде қалмауы, қорғанысы мықты болуы қарастырылады.
Теңгенің он екі түрлі көзден таса қорғаны бар. Қағазы да ерекше. Әлемге әйгілі бірнеше фирманың жұмысымен таныса келіп, ағылшынның «Харрисон» фирмасы таңдалып алынды. Ол фирма төл валютамыздың массасын төрт ай ішінде әзірлеп берді. Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап, ұлттық
валюта – теңге айналысқа енді. Теңге – Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралы. Ол – тәуелсіз елдің тұтқасы, даму көзі, теңелудің алғашқы факторларының бірі.
9. Мәтіннен а, ә, о, ө, ү, ұ, ы, і әріптері қатысқан сөздерді теріп жазып, олардың қай быунда тұрғанын көрсетіп, түсінік беріңіз.
Әйгерім ауылға сол жанжал болатын күннен сәл бұрын кешке жақын қайтқанды. Үш күн бойы, көптен көрмеген сауығына қайтқан, әнін тапқан жас өнерпаз әйел, осы күндерін, талайдан сағынған арманды күткендей рақаттанған екен. Кеш бата өз үйінің сыртына кеп, пар ат жеккен жеңіл арбадан түскенде, Абай мен Ербол сыртта тұр еді.
(М.Ә.)
10. Төмендегі сөздерде дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерге түсінік беріңіз.
А) рұқсат, ру, реніш, сасу, шек, ішек, мәтін, рас.
Ә) лақ, құриды, ромб, ұлағат, лұғат.
Б) тәжірибе, самаурын, ілеспеу, тұжырым.
Мәтіннен мысал келтіре отырып : а) ж, ғ, ң әріптерінің қолданылуын,
ә) ц, ч, щ әріптерінің қолданылуын түсіндіріңіз.
Хиросима трагедиясы сияқты, Отырар да жер үстіндегі ауыр трагедиялардың бірі. Кеудесін көрнеген іштегі ашы күйікті сыртқа шығарып, сарқып алғаннан кейін, бойы біраз жеңілденді.
Мәтіннен б, в, г, д әріптерінің қолданылуындағы ерекшеліктерді түсіндіріңіз.
Бірақ бұл кісі қанша талпынса да, өсе келе педагог бола алмады.
Өйткені ұзақ саяхатқа шыққан кезде, ксомонавтар планета аралық корабльдің ішінде көкөніс өсіруге мәжбүр болады. Өзің-ақ айтшы, экскурсовод болып істеу шынымен ұнағаны ма саған?
Берілген сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құраңыз.
Артист, ведомость, диалог, Томск, металл, эпизод, экспорт, поэзия, повесть, стиль, киловатт, килограмм.
Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді түрлеріне қарай топтан жазыңыз. Өлең мазмұнын толықтырыңыз, авторы жайында ой қосыңыз.
Пай! Пай! Пай! Мына өлке,
Киеле неткен жер! Мына аймақ,
Батырлар дүрілдеп өткен жер! Бұл маңда
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. Құлшылық етемін тұрғанға,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Құлшылық етемін құмдарға,
Сарылып сал-сері кеткен жер. Тағзым жасаймын қырларға
Бас иіп, иіскеп топырағын, Шүкірлік етемін қашанда
Тағзым жасамай өтпеңдер! Осы бір Отанда тұрғанға!