Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. ОРТАЛЫК ЖАНЕ ВЕГЕТАТИВ ЖУЙКЕ ЖУЙЕСИ ФИЗИОЛОГ...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.43 Mб
Скачать

Vі. Сабақтың мазмұны.

Студенттер өздері орындайтын жұмыстар:

1. Данини-Ашнер рефлексі (жүрек-көз рефлексі).

2. Геринг рефлексін студенттерден бақылау.

3. Сопақша ми ядросын және құрсақ қуысындағы ағзалардың.

рецепторларын тітіркендіру нәтижесінде туатын жүректің вегетативтік

рефлекстері.

Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау ( топпен бірге немесе әр студентпен жеке).

Оқытушының жетекшілігімен студенттер жануарларда статикалық және статокинетикалық рефлекстерін алу жұмыстарын жасайды.

Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейін тексеру ( тест сұрақтары және мәселелік тапсырмалар).

Мәселелік тапсырмалар:

  1. Рефлекс уақыты неліктен аралық нейронға байланысты?

  2. Жүйке жасушасын бір мезгілде бірнеше аксон арқылы табалдырықтан төмен күшпен тітіркендірсе, ол қоза ма? Қозса, бұл неліктен?

  3. Физиологиялық қызметтердің жүйке арқылы реттелуінің, гуморальдық реттелуден қандай артықшылығы бар?

  4. Нейрондар жиі-жиі тітіркендіріліп, осы кезде ацетилхолин толық жойылмай постсинапстық мембранада көбейе түссе, жүйке орталығында қандай өзгерістер туады?

  5. Стрихнин енгізілген бақа денесін тітіркендірсе, оның еті тырысып жиырылады. Оның себебі неді?

  6. Перфузиялық сұйықтыққа холинэстераза мен моноаминоксидаза ферменттерін қосса, жүйке-ет препаратының жиырылуы қалайша өзгереді?

  7. Бұдан екі ай бұрын мишығы кесіп алынып тасталған иттің қимыл-әрекетінде қандай өзерістер туады?

  8. Жануардың ми бағанасындағы торлы құрылымы зақымдалған. Осыған орай М.И.Сеченов тежелуі байқала ма?

  9. Жүйке жүйесінің жұмысы неге негізделген? Схемасын сызыңыз

10. Ми бағанасындағы көпір мен ортаңғы ми арасынан кесілсе , бұлшық тонусында қандай өзгерістер болады? Бұл өзгеріс қалай аталады?

Тест сұрақтары

1. Шынтақ рефлексінің жұлындағы орталығы

  1. ІІ-ІІІ мойын сегменттері

  2. ІV-V мойын сегменттері

  3. ІІІ-ІV мойын сегменттері

  4. І-ІІ кеуде сегменттері

  5. III-IV бел сегменттері

2. Рефлекс түрлері мен олардың рецепторларының орналасуы арасындағы сәйкестілік

А. Экстероцептивтік

Б. Интероцептивтік

В. Проприрецептивтік

1. Рецепторлардың ішкі ағзада, ұлпаларда және тамырларда орналасуы

2. Рецепторлардың буында және жалғамаларда орналасуы

3. Рецепторлардың теріде, көзде және ауыз қуысының кілегейлі қабатында орналасуы

1. А-3 Б-1 В-2 2. А-1 Б-2 В-3 3. А-2 Б-3 В-1 4.А-3 Б-2 В-1 5.А-1 Б-3 В-2

3. Рефлекс уақыты дегеніміз -

1. Рецепторларды тітіркендіргеннен басталып, жауап аяқталғанға дейінгі уақыт

2. Рецепторларды тітіркендіргеннен басталып, жауап бергенге дейінгі уақыт

3. Қозудың афференттік талшықтардан өту уақыт

4. Қозудың эфференттік талшықты өту уақыты

5. Қозудың орталықтан өтетін уақыты

4. Жұлын нейрондарының түрлерімен олардың орналасуы арасындағы сәйкестілік

А. Сезімтал нейрон 1. Жұлынның артқы мүйізі

Б. Аралық нейрон 2. Жұлынның алдыңғы мүйізі

В. Қозғалтқыш нейрон 3. Жұлын түйінінде

1. А-1 Б-2 В-3 2.А-2 Б-3 В-1 3. А-3 Б-1 В-2 4.А-1 Б-3 В-2 5. А-3 Б-2 В-1

5. Үш нейронды сомалық рефлекс доғасы құрамына жатпайды:

1. Рецептор

2. Сезімтал нейрон

3. Аралық нейрон

4. Постганглионалдық жүйке талшығы

5. Қозғалтқыш нейрон

6. И.М.Сеченовтың орталықтағы тежелу тәжірибесінде:

1. Ас тұзы кристалын жұлын тілігіне қойғанда рефлекс

уақыты ұзарады

2. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты ұзарады

3. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты қысқарады

4. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты өзгермейді

7. Қозудан кейінгі тежелу мынаған байланысты:

1. Жасуша мембранасының ұзақ іздік деполяризациясы

2. Жасуша мембранасының ұзақ іздік реполяризациясы

3. Жасуша мембранасының ұзақ іздік гиперполяризациясы

4. Жергілікті жауапқа

5. Баяу реполяризацияға

8. Негізгі үйлестіру қызметінің үрдістері мен олардың сипаттамасы арасындағы сәйкестілік:

А. Иррадиация 1. Бір орталықтағы қозудың үстемділігі

Б. Концентрация 2. ОЖЖ-де қозудың жайылуы

В. Индукция 3. Қозу мен тежелудің бір орталыққа жиналуы

Г. Доминанттық қозу 4. Бір-біріне қарама-қарсы үрдістің пайда болуы

9. Дивергенция дегеніміз-

1. Серпіністердің бір нейронға жиналуы

2. ОЖЖ-де серпіністердің бір нейроннан таралуы

3. Қозудың ми қыртысында таралуы

4. Тітіркеністен кейінгі әрекет

10.ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің қағидалары мен олардың қызметі

арасындағы сәйкестілік:

А. Иррадиация

Б. Реципроктық тежелу

1. Жүйке орталығында пайда болған бір үрдістің, басқа орталыққа жайылуы

2. Бір орталықтың қозуы, екінші орталықтың тежелуін тудырады