- •2. Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі физиологиясы
- •Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •1. Нейронның құрылысы, түрлері.
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •I.Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.
- •III.Сабақтың мақсаты:
- •Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Сабақтың мазмұны.
- •Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері.
- •Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау.
- •Vі. Сабақтың мазмұны.
- •I. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Vі. Сабақтың мазмұны.
- •11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:
- •12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы
- •13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік
- •11 Сурет. Сомалық және вегетативтік рефлекстердің доғалары
- •20. Сурет Парасимпатикалық жүйке жүйесінің кестесі
- •21. Сурет. Симпатикалық жүйке жүйесінің кестесі
Сабақтың мазмұны.
Студенттер өздері орындайтын жұмыстар
Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері.
Жұлындағы қорғаныс рефлекстерінің рефлекстік доғасына талдау жасау.
Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау.
Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау (топпен бірге немесе әр студентпен жеке).
Оқытушының жетекшілігімен студенттер адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері жұмысын жасау.
Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейін тексеру (тест сұрақтары және ситуациялық тапсырмалар).
I.Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.
II.Тақырыптың маңыздылығы : Организмнің рефлекстік қызметі көбінесе жүйке орталықтарының қасиеттерімен анықталады. Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметінің бірі - рефлекстерді үйлестіру. Орталық жүйке жүйесінің интегративті және үйлестіру қызметі міндетті түрде тежелу үрдісінің қатысуымен жүреді. Тежелу туа пайда болған үрдіс, ол организмнің өмір сүру барысында әрдайым жетіле түседі.
III.Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
1. Жүйке орталығы туралы ұғым
2. Жүйке орталықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері
3. ОЖЖ-дегі тежелу, түрлері
4. ОЖЖ-нің үйлестіру механизмі
Студент орындауы қажет:
1. Бақада қозудың жұлын арқылы таралуы (иррадиация)
2. Бақада қозудың бір ізді және кеңістіктік жинақталуы
3. И.М.Сеченовтың ОЖЖ-нің тежелу тәжірибесі
4. Бақаның аяқты жазу және құшақтау рефлекстері орталықтарының доминантты қозуы
Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Жүйке орталығы туралы ұғым
2. Жүйке орталықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері
3. ОЖЖ-дегі тежелу, түрлері, механизмі
4. ОЖЖ-нің үйлестіру механизмі
V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
1-жұмыс. Жұлын рефлекстерінің орталықтан тежелуі
И.М.Сеченов тәжірибесі
Орталық жүйке жүйесінің негізгі үрдістеріне қозу мен тежелу үрдістері жатады. 1863 жылы И.М. Сеченов бақаның көру төмпешігін тітіркендіру арқылы жұлын рефлексі уақытының ұзаруына байланысты ОЖЖ тежелу құбылысын ашты.
6-сурет
Жұмыстың орындалуы: Бақаның басын екі көзінің сыртын ала жоғарғы жақ сүйектерімен қоса кесіп тастаса, тілік көру төмпешігін басып өтеді. Бақаны иегінен штативке іледі де, күкірт қышқылының 0,3%-дық ерітіндісін пайдалана отырып, Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтайды. Содан кейін бастың кесілген жерін мақтамен құрғатып, аралық мидың үстіне ас тұзының кристалдарын салады да, 15 сек. өтісімен тағы да рефлекс уақытын анықтайды. Осы екі уақытты салыстыра отырып, рефлекс уақытының едәуір ұзарғанын көруге болады. Сонан соң ас тұзын алып тастап, тілінген жерді физиологиялық ерітіндімен шайып жібереді де 2 минут өтісімен қайтадан рефлекс уақытын анықтайды.
2-жұмыс. Қозудың жұлын арқылы таралуы (иррадиация)
Орталықтағы қозу сол жерде қалмай, басқа орталықтарға жайылуын иррадиация деп атаймыз. Қозудың жайылу дәрежесі тітіркендіргіштің күшіне тікелей байланысты.
Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны төменгі иегінен штативке
іліп қояды да , бақа табанына 1 Гц жиілікте электродпен
тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтайды. Осы мөлшерде
ток күшімен әсер етсе, бақаның башпайлары бүгіледі. Содан
кейін біртіндеп ток күшін көбейтсе, сирақ асық буыны одан әрі
тізе, ұршық буыны бірінен соң бірі бүгіле бастайды, бара-бара бақа
денесі түгелдей қозғалысқа келеді. Ток әсерінен туған рефлекстер
орталық жүйке жүйесіне жетеді де, мұндағы жүйке
орталықтарын қоздырады.
3-жұмыс. Қозудың орталық жүйке жүйесіне жинақталуы.
Жинақы қозуды алғаш рет И.М. Сеченов ашты. Жинақы қозу бір ізді және кеңістіктік деп екіге бөлінеді.
Жұмыстың орындалуы: а/ Бір ізді жинақы қозу. Жұлынды бақаны иегінен штативке іледі де, оның балтыр терісіне 1 Гц жиілікте электродпен тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтайды. Ток жиілігін өзгертпей, қозу табалдырығынан төмен күшпен әсер етсе, бүгілу рефлексі пайда болмайды. Ал ток күшін сол күйінде қалдырып, ток жиілігін 10-15Гц-ке көбейтсе, жинақы қозудың әсерінен бүгілу рефлексі туады.
б/ Кеңістіктік жинақы қозу. Тәжірибеге жоғарыда аталған бақаны пайдалануға болады. Қос электродтың біреуін бақаның балтыр
терісіне, яғни сирақ-асықты буынына жақын жерге, екіншісін тізе буынына жақын жерге тигізіп қозу табалдырығын анықтайды. Егер 1 Гц жиілікте табалдырықтан төмен күшпен жеке-жеке тітіркендірсе
рефлекс пайда болмайды. Ал қос электродпен бір мезгілде тітіркендірсе, қозу үрдісі жинақталады да бүгілу рефлексі пайда болады.
7-сурет
Бір ізді жинақы қозу Кеңістіктік жинақы қозу
4-жұмыс. Аяқты жазу рефлексі орталығының доминантты қозуы
Жұмыстың орындалуы: Тәжірибе жұлынды бақаға жасалады. Жотаны бойлай отырып сегізкөзден 1,5-2,0 см жоғары жерден бастап, ұршық буынына дейінгі арадағы арқа көлденең тарта тілінеді. Тілінген теріні сыртқа қарай қайырып, ұршық буынының тұсынан санның тамыр-жүйке шоғырын тауып алады. Финдер инесіне сабақталған жіпті осы шоғырдың астынан өткізеді. 1 Гц жиілікте қозу табалдырығына тең күшпен табан терісін тітіркендірсе, бақаның сирағы бүгіледі. Сонан соң, бірінші электродпен астынан өткізілген жіппен сан терісінің жүйкесін көтеріп, табалдырыққа тең күшпен тітіркендіреді. Мұнымен қатар екінші электродпен бақа табанын тітіркендіреді. Сол кезде жазылу рефлексінің орталығы доминантты қозуға келеді . Сондықтан бүгілудің орнына жазылу рефлексі жүреді.
5-жұмыс. Бақаның құшақтау рефлексі орталығының
доминантты қозуы
Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны астыңғы иегінен штативке іліп, зерттеуші оның көкірек терісін бармағымен басады. Сол кезде бақа бармақты құшақтап алады, осы сәтте оның артқы аяғының терісін пинцетпен шымшып алса, құшақтау рефлексі одан сайын күшейе түседі.
