Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1қозғыш тіндер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Vіі. Сабақтың мазмұны.

Студенттердің өздері орындайтын жұмыстар:

1. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуін дәлелдейтін тәжірибе.

2. Жүйке талшықтарының қажымауын дәлелдейтін тәжірибе.

Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау:

1. Парабиоз кезеңдерінің дамуын тәжірибеде бақылау.

2. Жүйке-ет түйіспесіндегі қозу өтуінің бұзылуын бақылау.

Студенттердің бастапқы және қортынды білім деңгейін (тест сұрақтары және мәселелік тапсырмалар арқылы) тексеру.

Балалар қозғалтқыш аппаратының жас ерекшелігі

Ұрықтың қозғалу белсенділігі оның құрылымдық және әрекеттік қалыптасуына байланысты. Нәресте дүниеге келгенде оның орталық және шеткі қозғалтқыш аппаратының құрылымдық жетілуі әлі толық аяқталмайды. Сондықтан, қозғалтқыш қызметінің өткізгіш жолдары мен нейромотордың афференттік және эфференттік субстраттары нәресте дүниеге келгеннен кейін дамып жетіледі.

Жұлынның өткізгіш жолдарының миелинденуі балалық шақ (постнатальдық) кезеңнің 3-8 айына дейін белсенді түрде жүреді. Тек қыртысты пирамидалық және оливо-жұлын жолдарының (ерікті қозғалысты реттейді) миелинденуі 2-3 айда басталып, 3-4 жаста аяқталады.

Шеткі жұлын жүйкесі 3-ші жетіде көп түрде жұмсақ қабықпен қамтамасыз етілуі басталып, 2-3 жаста жетіледі.

Бұлшық ет жаңа туғандарда салыстырмалы түрде аз дамыған, ет пен дәнекер талшықтарының ажыратылуы толық жетілмеген. Бірақта, соған қарамастан жаңа туғандар мен емшектегі баланың қабылдағыш жүйкесі жүйкенің өткізгіш жолдары мен орталықтары қатысуымен көптеген әртүрлі рефлекторлы қимыл іс әрекеттерді жүзеге асырады. Жаңа туғандарға үздіксіз және ретсіз қозғалыстар тән: бас, дене, аяқ-қол (иық, шынтақ, жамбас және тізе буындары).

Қозғалтқыш аппараттың қалыптасуына тұқым қуалаушық фактормен қатар басқада жағдайлар (дененің вертикальды қалпы, қозғалтқыш белсенділігі, еңбек қызметі және т.б.) әсерін тигізеді.

Бұлшық еттің белсенділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  1. Бұлшық ет күші.

  2. Бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы.

  3. Дене және қол-аяқ реакциясының жасырын кезеңі.

  4. Төзімділік шамасы.

Аталған талаптарға сәйкес, анықталды:

1. Сәбидің 2-3 жасына дейін қозғалтқыш және вегетативті қызметі әлі толық жетілмеген.

2. 4-5 жаста орталық және шеткі жүйке аппаратының әрекеттік және құрылымдық даму деңгейі жеткілікті, әрі жоғары. Сондықтан естиярлық шақ кезеңінде бала өзінің ерікті бұлшық ет топтар қозғалыс реакциясын және қимыл қозғалысын белгілі бір бағытта реттейді. Бірақта, бұлшық ет топтар түрі және оның қозғалыс қызметі салыстырмалы түрде төменгі даму деңгейінде болады. Бұл даму кезеңінде, бұлшық еттің әртүрлі топтары әлсіз ажырату қызметімен, қозғалтқыш реакциясының ұзақ жасырын кезеңімен, сонымен қатар бұлшық ет жиырылуының жеткіліксіз реттелуімен және антогонист бұлшықеттердің әрекеттестігінің жеткіліксіздігімен сипатталады. Сөйтіп, 4-5 жасқа дейін бұлшық еттің қозғалтқыш қызметінің алғашқы қалыптасуы жүреді.

3. 4-5 жастан 6-7-ті жасқа дейін бұлшық ет белсенділігі әрі қарай қалыптасады. Бұлшық еттің абсолюттік күші артып, қозғалыс жылдамдығы жоғарлығанымен жасырын кезең реакциясы өзгермейді. Осы кезеңде, шеткі жүйке аппаратының қалыптасуы жоғары деңгейіне жетеді.

4. 6-7 жастан 13-14 жас аралығында бұлшық ет белсенділігінің барлық көрсеткіштері біршама жоғарлайды. Бұл кезеңде қозғалтқыш қызметі толық жетіледі. Бірақ бала организмі әлі толық қалыптасқан жоқ. Бұл жағдай бұлшық еттің ұзақ және ширақ қозғалыс кезеңінде байқалады. 9-10 жас аралығында бұлшық ет қозғалтқыш қызметінің кейбір көрсеткіштері арасында жыныстық (ұлдар мен қыздар) ерекшеліктер білінеді.

5. 13-14 жастан кейін бұлшық еттің қозғалтқыш белсенділігі жетіле түсіп, 17-18 жаста бұл үрдіс аяқталуға таяу болады.

Қозғыш тіндер физиологиясына арналған мәселелік тапсырмалар

1. Жүйке-ет препаратының жүйкесін тітіркендіргенде, бұлшық ет қажиды. Егерде осы уақытта бұлшық етті тікелей тітіркендіргенде не болар еді?

2. Жүйке тітіркендіргіш электродтарының арасында байланған. Тоқпен әсер еткенде жүйке-ет препаратының бұлшық еті тек тұйықталған сәтінде ғана қысқарған. Қандай электрод бұлшық етке жақын орналасқан?

3. Тұссыз ортаға орналасқан жүйке талшығы қандай күшпен тітіркендірсе де қозбайды. Себебін түсіндіріңіз.

4. Жасуша ішіндегі К+ ионының мөлшерін көбейткенде МП-дың деңгейі қалай және неге өзгереді?

5. Бұлшық ет талшықтары қоршаған жасуша аралық сұйықтықта кальций ионының мөлшері көбейгенде, бұл иондар цитоплазмаға өтіп жасуша мембрана деполяризациясының аумалы деңгейін жоғарлатады және оның гиперполяризациясын туындайды. Бұл бұлшық ет талшықтары бойымен қозудың таралу жылдамдығына қалай әсер етеді?

6. Миастения деп аталатын адамның жүйке жүйесі ауруларының бірінде жүйке-ет синапсына берілетін әрбір жүйке серпінісі аз мөлшерде ацетилхолин бөледі. Осы құбылыс нәтижесінде жүйке-ет берілуінің қандай заңдылықтары бұзылған?

7. Қажу нәтижесінде бұлшық ет талшықтарында АҮФ азаяды. Бұл еттің жеке жиырылуының шайқалымы мен ұзақтығына, неге және қалай әсер етеді?

8. Ацетилхолин жасушаға әсер ете отырып, мембрананың К+ иондарына деген өтімділігін күшейтеді. Ацетилхолин әсерінен жасуша қозғыштығы неге және қалай өзгереді?

9. Жасуша қоршаған ұлпа сұйықтығында Nа+ ионы мөлшері жоғарлайды. Бұл осы жасушалардың МП-на қалай әсер етеді және неліктен?

10. Жүйкені үзбей оның физиологиялық тұтастығын қалай бұзуға болады?

11. Жүйкенің толық қажымауын дәлелдейтін тәжірибе суретін салып, түсіндіріңіз.

12. Зертханаға екі зерттеу тәсілі меңгеріліп және жетілдіріліп енгізілген: электромиография және миография. Бұлшық еттің жиырылу белсенділігін тіркеу үшін осы әдістердің қайсысы қолданылады?

13. Ұзақ жұмыс істеген бұлшық еттен (бұлшық еттер тобынан) жоғары нәтиже алу үшін, оған қандай физиологиялық жағдай жасау керек?