- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы. І. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары
- •Студент білуі қажет :
- •Студент орындауы қажет :
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
- •4.1. Гальванидың бірінші тәжірибесі.
- •4.2. Гальванидың екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •- Жұмыс. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •І. Тақырып: Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •I.Тақырып: Қозудың жүйке талшығы бойымен өту заңдары. Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері
- •Студент білуі қажет :
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
4.1. Гальванидың бірінші тәжірибесі.
Жұмысты орындау. Бақаның артқы екі аяғынан жасалған препаратын алып (тірі реаскоп) оның сегіз көз омыртқаларынан шығатын жүйкені “балкончик” құралының мыс сымына іледі.(4 сурет) Содан кейін “балкончик” құралының екінші шетінде орналасқан темір пластинкасын бұлшық етке тигізеді. Сонда бақаның артқы аяқ бұлшық еттерінің жиырылғаны байқалады.
4-сурет. Гальванидың бірінші тәжірибесі.
4.2. Гальванидың екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
Л. Гальвани екінші тәжірибесінде алғаш рет тіндердегі электр құбылысын дәлелдеді.
Жұмысты орындау. Бақаның артқы аяғынан жүйке-ет (тәжірибе көрнекі болу үшін бақа аяғының тізеден төменгі бөлігін сақтаған жөн) препаратын жасағаннан соң, шонданай жүйкесін омыртқадан шығатын жерінен дұрыстап кесіп алады. Содан кейін, санның төменгі жағына жақын жердегі бұлшық ет кесіледі де, шыныдан жасалған ілмекпен шонданай жүйкесін сан етінің кесілген және кесілмеген беттеріне бірдей тигізеді (5-сурет). Осындай әсерден кейін бақаның балтыр бұлшық етінің жиырылуы байқалады.
5 - сурет. Гальванидың екінші тәжірибесі
Жүйкенің қозу себебі, ол кесілген (теріс зарядты) және кесілмеген (оң зарядты) бұлшық еттер арасындағы потенциалдар айырмашылығына байланысты.
5 - жұмыс. "Екінші тетанус" тәжірибесі
(Маттеучидің тәжірибесі)
Қозу нәтижесінде бұлшық етте пайда болған тоқ, өз кезегінде келесі жүйке-ет препаратын тітіркендіріп қоздырады.
Жұмысты орындау. Қимылсыздандырылған бақаның артқы аяқтарынан екі жүйке-ет препаратын даярлайды. Оларды құрғақ ағаш (немесе резинка, әйнек) пластинканың үстіне жеке-жеке орналастырады. Бірінші препараттың балтыр бұлшық етінің үстіне екінші препараттың жүйкесін салады. Сосын бірінші препараттың жүйкесін ырғақты электр тоғымен тітіркендіреді (6-сурет). Осы әсердің салдарынан екі препарат бұлшық еттерінің сіресе жиырылуы байқалады. Себебі бірінші жүйке-ет препараты қозған кезде пайда болатын әрекет тоғы екінші препараттағы жүйкені қоздырады.
6 - сурет. Екінші тетанусты алу тәжірибесінің схемасы (Маттеучидің тәжірибесі) 1, 2 –жүйке-ет препараттары;
3 – тітіркендіруші электродтар.
6 - жұмыс. Электромиография
Электромиография – бұлшық еттердің электрлік белсенділігін (немесе биопотенциалдарын) тіркеу әдісі. Бұл әдісті қолданып бұлшық ет ауруларын анықтауға, сонымен қатар қимыл-қозғалыс аппаратының әрекеттік қызметін зерттеуге болады. Қойылған мақсатқа қарай тыныштық, еркін және жүктеме кезіндегі бұлшық еттердің жиырылуының электр миограммасын жазып алуға болады. Электромиограф: күшейткіш блоктан, динамиктен, екі осциллоскоптан және суретке түсіретін құралдан тұрады. Адамның бұлшық еттері биопотенциалдарын тіркеу үшін тері бетіне байланатын немесе бұлшық етке кіргізетін ине тәрізді электродтар қолданылады. Тері бетіне тіркелген ЭМГ-ма - әртүрлі қозғалтқыш бірлігінің әрекет потенциалдарының жиынтығы болып есептеледі. ЭМГ-ма толқындарының тербелісі 1-2 – ден 3000 мкв-қа дейін, ал жиілігі 15-20 имп/сек болады.
Жұмысты орындау. Зерттелуші адамды орындыққа отырғызып, иықтың қос басты бұлшық ет биопотенциалын тіркейді. Ол үшін теріні спиртпен сүртіп, физиологиялық ертіндімен ылғалданған дәке салып екі электродтарды бекітеді. Жеке жермен байланыстыратын үшінші электродтарды орналастырады. Аспапты электр торабына қосады. Күшейткіш коэффициенті (жалпы 100-300 мкв/мм) мен реттеуші белгілерді анықтап, жазып алады. Аспап экранынан, зерттелуші адамның бұлшықетінің босаңсыған, жиырылған және жүк көтерген кездердегі пайда болатын электр потенциалдарын көруге болады. Динамикті қосып бұлшықеттер электр құбылысының сипатын дыбыс түрінде естуге болады. Ауыр жүк көтерген кездегі биопотенциалдар шайқалымы мен жиілігінің жоғары болатыны байқалады (7-сурет).
7-сурет. Электромиограмма.
7 - жұмыс. Жақ еттерінің биологиялық потенциалдарын
жазып алу
Жұмысты орындау: Зерттелуші адамды орындыққа отырғызады. Жақ еті терісі үстін спиртпен сүртіп, физиологиялық ерітіндімен ылғанданған дәкені орналастырады. Электродтарды бір бірінен 2 см арақашықтықта лейкопластырмен бекітеді. Тыныштық және шайнау кездерінде пайда болған электромиограмманы жазып алады.
8 - жұмыс. Хронаксиметрия
Хронаксиметрия - ұлпалардың қозғыштық қасиеттерін сипаттайтын әдістерге жатады. Бұл әдіспен хронаксияны анықтайды. Ұлпаларда қозуды тудыратын, екі реобазалық (немесе екі табалдырық) тоқ күшінің әсер ететін ең аз уақыты – хронаксия деп аталады. Ұлпалардың қозғыштығы мен хронаксиясы арасында кері тәуелділік болады (қозғыштығы жоғары ұлпалардың хронаксиясы аз).
Хронаксияны анықтау үшін хронаксиметр аспабын қолданады. Бұл тоқ кернеуін 1 - ден 300 В және ұзақтығын 0,01-ден 40 мс-қа дейін өзгертетін мүмкіндігі бар электростимулятор. Хронаксиметрияны, экспериментте және клиникалық практикада жүйке мен бұлшық ет ұлпаларының әрекеттік белсенділігін зерттеу үшін қолданады.
Жұмысты орындау. Алдын ала физиологиялық ерітіндімен дымқылданған дәкелік салфетканы индиферентті электродтың (анод) астына орналастырып, білектің ішкі жағына бекітеді (8-сурет). Белсенді электродпен (катодпен) білектің ішкі жағында орналасқан саусақтарды бүгілдіретін еттерін қозғалтатын нүктесін табады.
8
-сурет.
Қол
бұлшық
етінің
қозғалтқыш нүктелерінің орналасу
схемасы
Стрелкамен саусақтарды бүгілдіретін еттерін қозғалтатын нүктесі көрсетілген. Аспапты "реобаза" режиміне аударады. Табылған қозғалтқыш нүктесінде орналасқан активті электродпен тоқ кернеуінің табалдырықты шамасын немесе реобазаны табады. Анықтауды әлсіз тоқпен тітіркендіруден бастап, бүгілдіретін еттердің жиырылуы байқалғанша, біртіндеп ұлғайтады. Тоқ кернеуі шкаласында реобазаның мөлшерін белгілеп, аспапты «хронаксия» режиміне ауыстырады. Тоқтың кернеу күші екі реобазаға тең жағдайда хронаксияны анықтайды.
Адамның аяқ-қол бұлшық еттерінің хронаксиясы қалыпты шамамен 0,1-0,7 мс (реобазасы 60-70 В) тең болады.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, анықталған реобаза мен хронаксия шамаларын өзара салыстырып, қорытынды жасалады.
9 - жұмыс. Тістің электрлік қозғыштығын анықтау
Тістің электрлік қозғыштығын анықтау үшін, стоматология клиникасында ОД-1, ОД-2 электродиагностикалық аспаптары қолданылады. Аспапқа екі электрод қосылады – пассивті (қолға немесе білекке бекітеді) және белсенді (күміс немесе тот баспайтын болаттан жасалған жекеленген жіңішке сым). Белсенді электродты дымқылданған мақтаға орап, оны тістің әр жеріне орналастырып, тітіркендіргіш күшін бірте-бірте жоғарлатып қозу табалдырығын (табалдырық күшін) табады. Сау тісте тоқтың табалдырық күші өткір ауырсынуды тез өткендігін сезетіндей әсер қалдырады. Сау тістің қозу табалдырығы 2 - 6 мкА құрайды. Бұл көрсеткіш жас ұлғая төмендейді.
Егер, табалдырық күші 60-100 мкА-ге дейін жоғарласа – бұл тіс пульпасының патологиясы, ал 100 мкА-ден жоғары болса – тіс пульпасының тіршіліксіз қалғаны. Парадонтоз кезінде ұлпаның қозғыштығы жоғарылай түседі (табалдырығы 2 мкА-ден төмен).Пульпаның тіршілік дәрежесін анықтауда, тістің электрлік қозғыштығын зерттеудің маңызы зор.
