Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1қозғыш тіндер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Студент білуі қажет:

  1. Бұлшық ет тіндерінің негізгі физиологиялық қасиеттерін;

  2. Еттің жиырылу түрлерін (ЕЖЖ, сіреспе, жинақталу);

  3. Оптимум, пессимум жиіліктер мен тітіркендіргіш

күштері;

  1. Еттің жиырылу механизмін.

Студент орындауы қажет:

1.Еттің жеке жиырылуының қисық сызығын жазу

(кезеңдерін белгілеу);

2.Тісті және тегіс тетанусты жазып алу;

3.Тітіркендіру жиілігінің оптимум және пессимум

қисық сызығын жазу.

V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Ет ұлпаларының физиологиялық қасиеттері.

  2. Еттің жиырылу режимдері мен түрлері.

  3. Еттің жеке жиырылуы, оның кезеңдері.

  4. Жинақталу (толық және шала).

  5. Тетанус (тісті және тегіс).

  6. Тітіркендіру жиілігінің оптимумы және пессимумы.

  7. Еттің күші.

  8. Еттің жұмысы.

  9. Қаңқа етінің құрылысы.

  10. Еттің жиырылу және босаңсу механизмі.

  11. Еттің қажуы, оның орналасуы мен механизмі.

  12. Қажуды тудыратын өндіріс факторлары (сан/гиг. факультеті).

  13. Белсенді демалу туралы түсінік.

  14. Бірыңғай салалы етінің әрекеттік сипаттамасы.

  15. Жасқа байланысты бұлшық еттердің дамуы мен ерекшеліктері (бала емдеу факультеті).

Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.

1 - жұмыс. Бұлшық еттің жеке жиырылуын тіркеу және оны талдау

Организмнің қалыпты өмір жағдайында, бұлшық еттің жеке жиырылуы тек жүрек етіне тән қасиет. Барлық қаңқа еттері тетанустық (сіреспе) жиырылады, себебі оларға орталық жүйке жүйесінен жеке серпіністер емес жиі ырғақты серпіністер тарайды. Сондықтан қаңқа бұлшық етінің жеке жиырылуын тек тәжірибе жүзінде дара тітіркендіргіштермен әсер ете отырып, тез айналып тұрған кимографқа жазып алады (9-сурет). Бақаның балтыр бұлшық етінің жеке жиырылу ұзақтығы 0,11–0,12 сек, ол 3 кезеңнен тұрады:

  1. Жасырын кезеңі – 0,01 сек. Ол тітіркендіргіш әсер еткен сәттен бұлшық еттің жиырыла бастағанға дейінгі уақыты.

  2. Жиырылу кезеңі – 0,05 сек.

  3. Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек.

Егер қаңқа етіне бір емес, бірінен соң бірі тез екі тітіркендіргішпен әсер етсе, онда бұлшық ет екінші тітіркендіргішке биік шайқалыммен жауап береді, себебі бұлшық ет жиырылуының жинақталысы болады.

9-сурет. Бұлшық еттің жеке жиырылуы, оның кезеңдері

Гельмгольцтің жорамалы бойынша бұлшық ет жиырылуының күшеюі нәтижесінің себебі: бірінші жиырылу екінші жиырылуға сәйкес келуіне байланысты. Бұлшық ет жиырылу мөлшері – жинақталысының себебін Н.Е. Введенский дәлелдеген болатын. Яғни, екінші тітіркендіргіш еттің жоғары қозғыштық (экзальтация) кезеңіне сәйкес келеді.

Бұлшық еттің толық немесе толық емес жинақталып жиырылуы, тітіркендіргіш жеке жиырылудың қай кезеңіне сәйкес келуіне байланысты. Егер тітіркендіргіш еттің жиырылу кезеңіне сәйкес келсе - толық жинақталу, ал егер босаңсу кезеңіне сәйкес келсе – толық емес жинақталысы байқалады.

Жұмысты орындау. Бақаның балтыр етінен жасалған препаратты миографқа орналастырып, жазғыш ұшын кимограф барабанына жақындатады. Препаратты электр тоғымен тітіркендіріп, 1 Гц жиілігендегі қозу табалдырығын анықтайды. Содан соң тоқ күшін сәл ұлғайтып, еттің жеке жиырылуын айналып тұрған кимографқа жазып алады.

2ұмыс. Бұлшық еттің сіреспе (тетанус) жиырылуын тіркеу және

оны талдау

Бұлшық еттің ырғақты тітіркендіргішке, ұзақ қысқарып жауап беруін – сіреспе жиырылу (тетанус) деп атайды. Тітіркендіргіш жиілігіне байланысты, сіреспе жиырылу: тісті және тегіс болып бөлінеді. Егер бұлшық етке жиілігі 10-20 Гц аралығындағы ырғақты тітіркендіргішпен әсер еткен кезде, әрбір келесі импульс еттің босаңсуы бастаған кезеңіне сәйкес келсе – тісті сіреспе жиырылу пайда болады. Ал егер тітіркендіру жиілігін 20 Гц және одан әрі ұлғайтса, онда әрбір келесі серпініс еттің қысқару (жиырылу) кезеңіне дәл келу нәтижесінде ұзақ және үздіксіз еттің жиырылуы байқалады. Бұл тегіс сіреспе жиырылу.

Жұмысты орындау. Бақаның балтыр етінен жасалған препаратты миографқа бекітіп, оны стимуляторға қосады. Қаламның ұшын айналып тұрған кимограф барабанына жақындатып, бұлшық еттің 2-3 жеке тітіркендіргішке жауабы жазып алынады. Сонан кейін тітіркендіру жиілігін 10-20 Гц-ке жеткізгенде бұлшық еттің тісті (өркешті) сіреспе жиырылуын көруге болады (10а-сурет). Егер тітіркендіру жиілігін одан әрі жоғарлататын болса, бұлшық еттің тегіс сіреспе жиырылуы байқалады (10б-сурет).

10-сурет. Сіреспе жиырылу түрлері

а тісті тетанус; б тегіс тетанус.

3 - жұмыс. Тітіркендірудің жиілігінің оптимумы мен пессимумы

Н.Е. Введенскийдің пайымдауынша, егер бұлшық етке ырғақты тітіркендіргішпен әсер етсе, сіреспе жиырылудың шайқалымы (амплитудасы) әр түрлі болады. Ол әсер етуші тітіркендіргіш жиілігіне байланысты. Бұл негізінен, бұлшық етке ырғақты тітіркендіргіш әсер еткенде, әрбір алдыңғы (келесі) тітіркендіргіш еттің қозғыштығын өзгертіп, оның келесі жауабына әсерін тигізеді. Бұлшық еттің максимальды сіреспе (шайқалымы) жиырылуын қамтамасыз ететін тітіркендіргіш жиілігі мен күшін оптимум деп атайды. Егер тітіркендіргіш күші мен жиілігін арттырса, сіреспе жиырылудың шайқалымы күрт төмендейді. Бұл тітіркендіргіш жиілігі мен күшінің пессимумы деп аталады.

Жұмысты орындау. Миограф қаламының ұшын кимограф барабанына жақындатып, оған даярланған жүйке-ет препаратын бекітеді. Жүйкені электродпен тітіркендіріп, бұлшықеттің қозу табалдырығын анықтайды және оның максималды жеке жиырылуына келтіретін тоқтың күшін белгілейді. Сонан кейін, бұлшық еттің тегіс сіреспе жиырылуына келтіретін тітіркендірудің ең жоғарғы, тиімді жиілігін табады - бұл оптимум (11а-сурет). Бұлшық еттің осындай жиырылуы 5-7 сек арасында жай айналып тұрған кимограф бетіндегі қағазға жазылады.

Е гер сол уақытта тітіркендірудің жиілігін кенеттен ұлғайтса, онда бұлшық еттің жиырылу шайқалымы төмендеп кетеді. Себебі, бұл тітіркендірудің жиілігі бұлшықетке ең қолайсыз болады да, оның жауабы төмендеп пессимум үрдісі байқалады (11б-сурет).

1 Гц 15 Гц 30 Гц 50 Гц 100 Гц 200 Гц

11 - сурет. Тітіркендіру жиілігінің оптимумы (а) мен пессимумы (б)

Бұлшық ет препаратының электр тоғының күші мен жиілігінің ұлғайуына әртүрлі жауап қайтаруы оның лабилдік қасиетіне байланысты.

4ұмыс. Бұлшық еттің жиырылу күшін анықтау. Динамометрия

Еттің жиырылу күші оның әрекеттік сипаттамасының бірі болып табылады. Бұлшықеттің жиырылу күші оның іске қосылған қозғалтқыш бірлігінің санына, жиырылуының түрлеріне (тісті немесе тегіс тетанус), физиологиялық қимасының ауданына, яғни ет талшықтарының көлденең қимасының жиынтығына және т.б. тәуелді болады.

Физиологиялық қимасы 1 см2-ге тең бұлшықетте дамитын ең жоғарғы жиырылу күшінің шамасы оның абсолюттік күші деп аталады. Бұл әртүрлі қаңқа бұлшықеттерінде, 6-17 кг/см2-ге (орташа 10 кг/см2) тең болады.

Бұлшықеттің максимальды күшін, төзімділігін, жұмыс жасау қабілетінің төмендеуін және әр түрлі бұлшықет топтарының (қол-аяқ еттері және т.б.) күшін өлшеу үшін арнаулы - динамометр деген құрал қолданылады.

Қол динамометрімен - қол бұлшықетінің күшін, ал тұлға динамометрімен – бел жазылдырғыш бұлшықеттерінің күшін анықтайды (1-кестені қараңыз).

1 - Кесте.

Жасқа байланысты бұлшықет топтарының изометрлік

күшінің орташа шамасы

Көрсеткіштер

Жасы, жылы

20

25

35

45

55

Қол күші (кг/см2):

- ерлерде

- әйелдерде

55,9

37,5

59,9

38,5

58,5

38,0

55,6

35,6

51,6

32,7

Тұлға жазылдырғыш күші (кг/см2):

- ерлерде

- әйелдерде

81,6

56,6

87,4

58,3

90,7

59,2

89,8

57,7

85,7

49,1

Жұмысты орындау. Зерттелуші адам түрегеп тұрып қолын тұлғадан жанына созады да, 10 рет 5 секунд сайын жиілігі 1 реттен қолындағы динамометрді қысады. Сөйтіп, бұлшықет күшінің ең жоғарғы көрсеткіш нәтижесін анықтайды (2 кесте ).

Бұлшықеттің жұмыс жасау қабілетін төменгі формуламен анықтауға болады:

Р= (f1+f2+f3+ . . . f n)/ n;

- бұнда, Р – жұмыс жасау қабілетінің деңгейі;

- f1, f2 және т.б. - әр түрлі жағдайдағы бұлшықет

күші - динамометр көрсеткіші;

- n - әрекетті қайталау саны.

Алынған мәлімет көрсеткіштерін пайдаланып, бұлшықеттің жұмыс жасау қабілетінің төмендеуін төменгі формуламен анықтауға болады:

S = ﴾ (f1 – fmіn) / fmax ﴿ х 100;

- бұнда, S – бұлшық еттің жұмыс жасау қабілетінің

төмендеу көрсеткіші;

- f1 – алғашқы бұлшықет күші көрсеткіші;

- fmіn - бұлшықет күшінің ең төменгі көрсеткіші;

- fmax - бұлшықет күшінің ең жоғарғы көрсеткіші.

Қол бұлшықетінің әр түрлі жағдайдағы күшін анықтау үшін - алғашқы күшті анықтағаннан кейін, білек үстіне мұз салынған грелканы 2-3 минутқа қояды. Қол бұлшықет күшін қайталап анықтағанда, оның күшінің төмендегені байқалады. Бұл сол аймақтағы қан айналымының төмендеуіне байланысты.

2 - кесте.

Динамометрмен анықталған қол басы бұлшықеттері

күшінің орташа шамасы (кг/см2)

р/р

Аты-жөні

Ж

А

С

Ы

Жынысы

Динамометрия

Ескерту

Оң қол

Сол қол

1.

2.

3.

Бұлшықеттің жиырылу күшін анықтау нәтижесі - организмнің физикалық дамуын, спортсмендерге тиімді физикалық жаттығуды белгілеуге, аяқ-қол протезін жасауда және т.б. жағдайларда кеңінен қолданылады.

5 - жұмыс. Мастикациография

Шайнау – ас қорыту үрдісінің алғашқы кезеңі. Ауыз қуысында – түскен ас ұсақталып, ұнтақталып, сілекеймен шыланып нәтижесінде ас кесегі қалыптасады.

Шайнау үрдісі – тағамның құрамына байланысты, ол орташа 15-30 секундқа дейін созылады. Шайнау үрдісінің сілекей бездеріне, қарынның сөлініс және қозғалыс қызметіне рефлекторлы әсерін И.П. Павлов өз еңбегінде анықтады. Шайнау – сонымен қатар қан айналым мен зат алмасуға оң әсерін тигізеді. Шайнау актісі рефлекстік түрде жүзеге асады. Ас кесегі ауыз қуысындағы қабылдағыштарды тітіркендіреді. Ал олардан шыққан серпіністер афференттік үшкіл жүйке талшықтарымен ОЖЖ-гі шайнау еттерінің жиырушы нейрондарын тітіркендіреді. Шайнау актісінің үйлесімді қызметінде, жақ еттерінің проприорецепторларынан шыққан серпіністердің маңызы зор.

Астың механикалық өңделуіне тіс, жақ пен бет еттері, ерін және тіл қатысады. Шайнау бұлшық еттері төменгі жақтың горизонтальды және вертикальды бағыттағы қозғалысын, ал ауыздағы ас кесегінің ұсталуын ерін, бет бұлшық еттері және тіл қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тағам сілекеймен шыланып ас кесегі қалыптасады.

Шайнау қозғалысы түрлі бағытта жүзеге асады және бірнеше кезеңнен тұрады: 1) бастапқы; 2) жақтың төменге түсуі; 3) жақтың жоғары көтерілуі; 4) тістердің қабысуы немесе түйісуі

Шайнау қозғалысын мастикациограф аспабымен тіркеп, жазып алуға болады. Бұл әдіспен тек адамдарды зерттейді.

Жұмысты орындау. Зерттелуші адамды орындыққа отырғызады да, оның иегіне резеңке манжетканы таңады. Ал манжетканы резеңке түтікшелер арқылы Марей капсуласына жалғастырып, оны ауаға толтырады. Қалам жазғышын айналып тұрған кимографқа жақындатып, жақ қозғалысын жазып алады. Тағам құрамына байланысты, шайнау кезеңінің ұзақтығы әртүрлі. Ол: қимылсыз күйден, тағамды ауызға енгізуден, бағдарлау, негізгі шайнау, ас кесегінің қалыптасуы мен жұту кезеңінен тұрады (12-сурет).

12 - сурет. Мастикациограмма

1. Тыныштық күй.

2. Тағамды ауызға енгізу.

3. Бағдарлау.

4. Негізгі шайнау кезеңі.

5. Ас кесегінің қалыптасуы мен жұту кезеңі.

6 - жұмыс. Шайнау бұлшық етінің күші. Шайнау

қысымы. Гнатодинамометрия

Шайнау актісі – жақ бұлшық еттерінің қатысуымен жүзеге асады.

Бұлшық еттің максимальды жиырылуын қамтамасыз ететін кернеуді бұлшық еттің абсолюттік күші деп аталады. Бұлшық еттің күшін анықтау үшін оның максимальды жүкті көтеру қабілетін анықтайды.

Еттің максималдық күшінің анатомиялық көлденеңінің 1 см2 ауданына қатынасын салыстырмалы күш деп атайды. Төменгі жақты көтеретін бұлшықеттің абсолюттік күші – бір жағында – 195 кг, ал екі жағында – 390 кг. Сөйтіп шайнау бұлшық еттерінің жоғары дәрежеге жеткізу күші байқалады.

Бұлшық еттің абсолюттік күшінен басқа, шайнау қысымы деген ұғым бар. Бұл белгілі бір жазықтықтағы бұлшықет күші. Шайнау қысымы азу мен алдыңғы тістерде әртүрлі болады. Оны гнатодинамометр аспабымен анықтайды. Оның құрылысы ауыз кеңейтетін серіппе және шайнау күшін көрсету тілінен тұрады.

Анықтау кезінде алынған сандық көрсеткіштер бұлшықет күшін толық қамтып көрсетпейді, себебі ауырсыну нәтижесінде периодонт аймағында бұлшық еттің жиырылуы тоқтайды. Клиникалық тәжірибеде шайнау бұлшық еттерінің белгілі бір асты ұсақтау немесе уату күшін анықтаудың маңызы зор. Мысалы Шредер мәліметі бойынша:

Š қайнатылған ет - 30-47,5 кг;

Š қуырылған ет - 24,8-30,2 кг;

Š карамель - 31 кг;

Š жаңғақ (түрлі) - 43,5-102 кг.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]