
- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы. І. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары
- •Студент білуі қажет :
- •Студент орындауы қажет :
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
- •4.1. Гальванидың бірінші тәжірибесі.
- •4.2. Гальванидың екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •- Жұмыс. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •І. Тақырып: Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •I.Тақырып: Қозудың жүйке талшығы бойымен өту заңдары. Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері
- •Студент білуі қажет :
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
- Жұмыс. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және
оның металл протезі кезіндегі маңызы
Миллиамперметр немесе милливольтметр аспабын қолданып, ауыз қуысындағы микротоқты анықтайды. Күміс немесе платинадан жасалған қысқышты (датчиктерді) спиртпен залалсыздандырып, оны ауыз қуысындағы түрлі металдарға жанастырады. Қышқышты ауыз қуысындағы шырышты қабығына тигізгенде де микротоқ байқалады. Тісті түрлі металдардан (алтын, тот баспайтын болат, амальгама) даярлағанда немесе пломбылағанда, ауыз қуысында микротоқ пайда болады. Кейбір жағдайда гальванизм құбылысына себепкер болады. Бұл кезде емделуші адам ауыз қуысында: қышқыл, тұз, темір, күйік және т.б. дәмді сезеді. Сонымен қатар жүрек айнуы мен құсу байқалады.
Субъективті бұзылу деңгейі (гальванизм құбылысы) микротоқтың пайда болу күшіне байланысты: тоқ күші 5 мкА-де ешқандай шағым болмайды, 25-30 мкА - әлсіз сезіну, 80 мкА-ден жоғарыда – гальванизм құбылысы айқын байқалады.
Объективті түрі – тіс түсінің өзгеруі, протез бен пломбаның бұзылуы (кемірілуі), ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы және кей жағдайда ішкі ағзалардың ауруы байқалады.
Гальванизм құбылысы – ауыз қуысында аттас металдар болғанда да байқалады. Металл гильзалар (тектес болғанда), тот баспайтын болат пен дәнекер арасында да электр қозғалтқыш күш (ЭҚК) тіркеледі.
Vіі. Сабақтың мазмұны.
Студенттердің өздері орындайтын жұмыстар:
Жүйке-ет препаратын дайындау.
Қозу табалдырығын тікелей және жанама тітіркендіру арқылы анықтау
Гальванидің І және ІІ тәжірибесі. Маттеучидің ІІ-ші тәжірибесі.
Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау:
Тыныштық жағдайдағы және еттің жиырылуы кезіндегі электромиограмманы тіркеу.
Қаңқа және шайнау еттерінің биопотенциалдарын тіркеу.
Хронаксиметрия.
Тістің электрлік қозғыштығын анықтау (стоматология факультетіне).
Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және оның
металл протезі кезіндегі маңызы.
Студенттердің бастапқы және қортынды білім деңгейін тексеру ( тест сұрақтары және мәселелік тапсырмалар)
І. Тақырып: Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері
ІІ. Оқу сағаты: - жоспар бойынша
ІІІ. Тақырыптың маңыздылығы: Бұлшық еттің қимыл - қозғалысы – бұл организмнің физиологиялық үрдістерімен байланысты тіршілікке өте қажетті қызмет. И.М. Сеченов қаңқа бұлшық еттерін жүйке жүйесінің эффекторлық аппараты ретінде көрсеткен. П.К. Анохин бұлшық ет қимыл қозғалысын организмнің әрбір әрекеттік жүйе қызметінің нәтижесінде пайда болатын аса қажетті механизм ретінде қарастырған. Бұлшық ет қимыл қозғалысы өсіп келе жатқан организмнің бір қалыпты дамуына және эмоция мен жоғары психикалық қызметтердің қалыптасуында маңызы зор. Бұл дәрігерлерге бұлшық еттің жиырылу түрлері мен механизмін және оның қажуы туралы білімін тірек-қимыл аппаратының ауруларын барабар (адекватты) емдеуге мүмкіншілік береді. Бала емдеу дәрігерлеріне (студенттеріне) бұлшық еттің онтогенездік дамуын білу өте қажет. Сондықтан, бұл балалар қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуын, оқып үйренуін және тәрбиелеуінде маңызды орын алады.
ІV. Сабақтың мақсаты.