
- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы. І. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары
- •Студент білуі қажет :
- •Студент орындауы қажет :
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
- •4.1. Гальванидың бірінші тәжірибесі.
- •4.2. Гальванидың екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •- Жұмыс. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •І. Тақырып: Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •I.Тақырып: Қозудың жүйке талшығы бойымен өту заңдары. Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері
- •Студент білуі қажет :
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
- •Vіі. Сабақтың мазмұны.
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
1. Қозғыш тіндер физиологиясы. І. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары
ІІ. Оқу сағаты: - жоспар бойынша
ІІІ. Тақырыптың маңыздылығы. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері мен биоэлектрлік құбылыстары туралы білу дәрігер мамандығына қажет. Қазіргі заманда тіндердің электропотенциалын тіркеу әдістері (ЭКГ, ЭМГ, ЭЭГ) кеңінен қолданылады. Тірек-қимыл аппаратының патологиясында бұлшық ет пен жүйке тінінің қозғыштығын анықтайтын үшін хронаксиметрия әдісі көптен бері белгілі. Тіс дәрігерлері диагностикалық мақсатпен тіс пульпасының қозғыштығын анықтайды. Неврологиялық практикада электрофизиологиялық әдістер өзінің тиімділігін көрсетті. Тақырыпты талдау барысында онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттеріне көңіл аудару керек.
ІV. Сабақтың мақсаты.
Студент білуі қажет :
Қозғыштық - анықтамасы, қозу үрдісі және оның
сипаттамасы;
Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері;
Қозғыштықтың көрсеткіштері;
Биоэлектрлік потенциалдардың түрлері және олардың
пайда болу негізі (МП, ӘП, жергілікті жауап);
Қозғыштықтың кезеңдері және ӘП кезеңдерінің қатынасы ;
Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары;
Тұрақты тоқтың тірі тіндерге әсері;
Онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық
қасиеттері.
Студент орындауы қажет :
Жүйке – ет препаратын даярлау;
Түрлі тіндерді тікелей және жанама тітіркендіру,
қозу табалдырығын анықтау және салыстыра білу;
Бірінші және екінші Гальвани тәжірибесін жасай білу;
"Екіншілік тетанусты" (Маттеучидің екінші тәжірибесі)
анықтау.
V. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Қандай тіндердің қозғыш қасиеті бар?
Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері.
Қозғыштық дегеніміз не?
Қозғыш тіндердің қозу кезеңінде қозғыштық қасиеттері қалай өзгереді?
Қозғыштық көрсеткіштері және олардың анықтамасы.
Қозу табалдырығының өлшемі мен қозғыштық дәрежесі арасындағы қатынас.
Гоорвег – Вейс ″күш пен уақыт ″ қисығы.
Биопотенциалдардың пайда болуының мембраналық - иондық теориясы.
ӘП-ның пайда болу механизмі, оның кезеңдері.
Қозғыштық кезеңі мен әрекет потенциалы кезеңінің
өзара қатынасы.
Тұрақты тоқтың қозғыш тіндерге әсері.
Хронаксия, оның клиникада қолданылуы.
Онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері (бала емдеу факультеті).
Vі. Ақпараттық дидактикалық жиынтық.
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
1 - жұмыс. Бақаны қимылсыздандыру тәсілі
Көптеген физиологиялық тәжірибелерді бақаға жүргізеді. Жедел тәжірибе жасау үшін, бақа қимылын тоқтатудың бірнеше тәсілдері бар.
Бақа қимылын эфир наркозымен тоқтату. Шыны күркеге бақаны отырғызып, оның бір шетіне эфир ертіндісіне малынған мақтаны қояды. Біраз уақыт өткеннен кейін, наркоз әсерінен бақаның қимыл-қозғалысы тежеледі. Шалқасынан жатқызылған бақа наркозға елтіп сол күйінде жата береді. Наркоз әсерін ұзарту (немесе қолдау) үшін эфирге малынған мақтаны бақаның танауына қояды.
Бақа қимылын орталық жүйке жүйесін бұзу арқылы тоқтату
1. Басын бос күйінде қалдырған бақаның алдыңғы аяқтарын кеудесіне қысып, оны дәкелік салфеткамен орайды. Бақа аузына қайшының доғал ұшын енгізеді де, оның көзінің артын жағалай үстіңгі жағын миымен қоса кесіп алып тастайды (1,а сурет). Бақаның жұлыны сақталғандықтан, мұндай бақа «жұлынды бақа» деп аталады. Бақа қимылын тоқтату үшін, омыртқа арнасына жіңішке темір зондты (немесе инені) сұғып жұлынын зақымдайды.
2. Бақаны жоғарыда көрсетілгендей дәкелік салфеткамен орап, оның басын сұқ саусақпен төмен басып сол қолына алады. Бұл кезде бас пен омыртқа арасында бұрыш пайда болады. Зондты бастың ортаңғы сызығымен каудальды бағытта жүргізе отырып, желке сүйегіндегі шұңқырға түседі (атланто-окципитальды мембрана). Бұл жерде зондпен теріні және мембрананы тесіп, ми-жұлын арнасына енеді. Темір зондты жоғары қарай бағыттап, бас сүйегіндегі миды бұзады. Зондты шығармай омыртқа арнасына сұғып (еніп), жұлынды зақымдайды. Бұл тәсілдің артықшылығы: қан сыртқа аз мөлшерде шығады (1 б,в,г - сурет).
Қимылсызданған бақаны бекіту. Бақаны операция үстеліне шалқасынан жатқызып, аяқтарын инемен (немесе түйреуішпен) шаншып бекітеді.
1
- сурет.
Бақаны қимылсыздандыру.
2 - жұмыс. Жүйке-ет препаратын даярлау тәсілі
Жүйке мен бұлшық еттің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін бақаның артқы аяғынан жүйке – ет препараты жасалады. Бұл препарат шонданай жүйкесі мен балтыр бұлшық етінен тұрады. Бақа организмінен оқшауланып алынған ұлпаны физиологиялық ертіндімен дымқылдап отырса, оның қызметі ұзақ уақыт сақталады.
Жұмысты орындау. Қимылы тоқтатылған бақаны сол қолмен артқы сирақтарынан ұстап оны тік ұстаса, оның денесі, белі мен сегізкөз арасындағы буынында бүгіледі (2-сурет). Осы буыннан 1,0 – 1,5 см жоғары жерден қайшымен бақа омыртқасын көлденең кесіп, оның алдыңғы кеуде бөлімін ішкі мүшелермен бірге алып тастайды. Артқы аяқтарынан терісін сыдырып алу үшін екі дәкелік салфеткасы (сүлгісі) керек, біреуімен бақа жотасын орап ұстайды да, ал келесісімен артқы сирақтарынан теріні сыдырып алады. Сөйтіп, бақаның терісіз артқы аяқтары препаратын алады( тірі реаскоп). Оны көптеген (бірнеше) тәжірибелерде қолдануға болады.
2 - сурет. Жүйке-бұлшық ет препаратын даярлау сатысы
Бақаны жансыздандыру және жұлын бағанын кесу.
Артқы аяқтарының терісін сыдырып алу.
Құйымшақты кесіп алу.
Бақа артқы аяқтарын екіге бөлу.
5, 6 . Шонданай жүйкесін ажырату.
7. Балтыр етін ахилл сіңірімен бөліп алып, жамбас сүйегі мен сан еттерін кесіп алып тастау.
8. Жүйке-бұлшық ет препараты.
Бақа артқы аяқтары препаратының қалған омыртқасын сұқ саусақпен төмен басып сол қолға алады да, шығып тұрған құйымшақты кесіп алып тастайды. Содан кейін препаратты аударып, сегізкөз өрімінің жүйке бағанын зақымдамай қайшымен омыртқасын және шатын екі айрып кесіп, бақаның екі артқы аяқтарының препаратын алады.
Біреуін Рингер ерітіндісіне салып, ал екіншісінен жүйке-ет препаратын жасайды. Ол үшін шонданай жүйкесінің астын ала кіші қайшының ұшын өткізіп, жүйке шығатын жерде аздаған омыртқа кесіндісін қалдырады да қалғанын көлденең кесіп алып тастайды. Шонданай жүйкесін ұршық буынға дейін абайлап іреп, айналасындағы басқа өрімдерден тазартады. Екі қолдың бас бармақтарымен санның артқы бетінде орналасқан жартылай жарғақ және қос басты еттердің арасын ашып сол жерде жатқан шонданай жүйкесін тауып алады. Қалған омыртқамен бірге жүйкені абайлап көтеріп шонданай жүйкесін жалпы бағанмен жалғасқан кіші жүйке тармақтарын тізе тұсына дейін кесіп босатады. Тізенің сәл жоғары жерінен жамбас сүйегі мен сан еттерін кесіп алып тастайды.
Ахилл сіңірінің астына қайшы ұшын өткізіп, балтыр етін жілігімен бірге ажыратып алады. Содан соң сіңірін кесіп, балтыр етін жоғары көтеріп асық жілікті кесіп алып тастайды. Мұның нәтижесінде балтыр еті мен тізе буынынан және омыртқа бөлігімен жалғасқан шонданай жүйкесінен тұратын, жүйке-ет препараты дайын болады. Тізе буыны мен омыртқаны, жүйке-ет препаратын миографқа бекіту үшін қалдырады. Ол үшін тізе буынының қабын миографтың қозғалмайтын жоғары горизонталды қармағына іледі, ал ахилл сіңірін жазғыштың төменгі горизонталды ілмегіне бекітеді. Шонданай жүйкесіне жалғасқан омыртқа кесіндісін миографтың вертикалды желісінде бекітілген тығын кесіндісінің үстіне орналастырады.
Препаратты кеуіп кетпеу үшін оны физиологиялық ерітіндімен ылғалдап отыру керек.
3 - жұмыс. Қозу табалдырығын тура және жанама
тітіркендіру арқылы анықтау әдісі
Қозу табалдырығы деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіштің ең төменгі күшін айтады. Сондықтан қозу табалдырығы неғұрлым төмен болса, ұлпаның қозғыштығы соғұрлым жоғары болады.
Даярланған жүйке-ет препарат құрамында екі түрлі тіндер болуына байланысты, олардың қозғыштық қасиеттері де өзгеше болады. Сондықтан жүйке мен бұлшық ет талшықтарының қозғыштық қасиеттерінің бастапқы шегін (немесе табалдырық күшін) анықтап, өзара салыстыру керек.
Тәжірибеде бұлшық еттің қозғыштығын анықтау үшін оны тікелей тітіркендіру керек, ал жүйкенің қозғыштығын – бұлшықетті жүйке арқылы (жанама) тітіркендіру керек.
Жұмысты орындау. Даярланған жүйке-ет препаратын операциялық тақтайшаға орналастырады, немесе оны миографқа бекітеді. Электростимуляторды электр торабына қоспай тұрып, оның амплитуда реттеуші тұтқасын "0" белгісіне, ал жиілігін - 1 Гц –ке тұстастырып қояды. Қозу табалдырығын жанама тітіркендіру арқылы табу үшін стимуляторға қосқан электродты препараттың жүйке талшығына тигізіп, оған ұзақтықтығы тұрақты (0,5 мс) жеке стимулмен әсер етіп, тоқтың күшін біртіндеп ұлғайтады (3,б-сурет). Осылай бұлшық ет талшықтарының сәл ғана (немесе әлсіз) жиырылуын туғызатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші табылады. Бұл осы жүйкенің қозғыштығының бастапқы шегі (немесе қозу табалдырығы) болып есептеледі. Ал қозу табалдырығын тікелей тітіркендіру арқылы табу үшін бұлшықетті тікелей электродпен тітіркендіреді де, оның әлсіз жиырылуына келтіретін тоқтың күшін белгілейді (3,а-сурет). Табылған көрсеткіш осы бұлшықеттің қозу табалдырығы болып есептеледі. Тоқ күші жетпесе, амплитуданы өзгертетін тұтқаны бұрай отырып, тоқ күшін ұлғайтады.
3 - сурет. Жанама (б) және тікелей (а) тітіркендіру
4 - жұмыс. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар
Тірі организмдегі биоэлектрлік құбылыстарды биологиялық және электрофизиологиялық тәсілдермен тіркеп, анықтауға болады.