Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ас орыту,энергия алмасу 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
27.12.2019
Размер:
2.91 Mб
Скачать

Оксиспирограмманы талдау және негізгі алмасу деңгейін шығару.

Н егізгі алмасуды есептеп шығару үшін зерттеу барысында барометрлік ауа қысымы мен газ қоспасының температурасы анықталады да, протоколға жазылады. Спирограмманың айқын жазылған жері екі жағынан тік сызықтармен қоршалады. Екі тік сызық арасындағы спирограмма бөлігі диагоналынан қарағанда тік бұрышты үшбұрыш құрады. Осындай үш бұрыш құру үшін екінші тік сызықтың бойынан спирограмма бөлігінің ең төменгі нүктесі белгіленеді де, бірінші тік сызыққа қарай перпендикуляр тартылады. Тік бұрышты үшбұрыштың кіші катетінің (АО) биіктігі (h) – мм-мен өлшенеді де, денеге сіңген (жұмсалған) оттегінің мөлшері есептеп шығарылады. Үлкен катет (ВО) табылған оттегінің сіңуіне қанша уақыт (t) кеткенін көрсетеді. Сонымен уақыт аралығында жұмсалған оттегінің мөлшері табылады. Одан әр минут ішінде жұмсалған оттегін есептеп шығару қиын емес. Бір литр оттегі жұмсалса, сильфонның қақпағы 25 мм төмендейді, демек спирограммада әрбір 5 мм 200 мл оттегіне тең, 15 секундта таспа 10 мм жылжиды. Түзету коэффицинетін пайдалана отырып, (6 кесте) жұмсалған оттегі мөлшері қалыпты жағдайға көтеріледі (Т – 0о, Р – 760 мм сынап бағанасы бойынша).

Адам әр түрлі тағамдар қоспасымен тамақтанса, тыныс коэффициенті 0,85-ке тең болады. Сонда 1 л оттегінің жылу эквиваленті 4,863 ккал-ға тең. Мынадай пропорция құрылады:

1000 мл О2 – 4,863 ккал

Y О2 – X ккал, мұнда

Y О2 – оттегінің табылған көлемі

X = 4,863 * YО

1000

- бұл минутына жұмсалған қуат (энергия) алмасуы. Демек тәулік ішіндегі негізгі зат алмасуы (жұмсалған қуат) = Х * 1440 мин. тең болады.

2-жұмыс. Тиісті негізгі алмасу деңгейін кестеге қарап есептеу

Тиісті негізгі алмасуды анықтауға арналған кестелер (4,5) екі бөлімнен тұрады. 1-ші "А" бөлімінде адам салмағы және сол салмаққа сәйкес ккал мөлшері, "Б" бөлімінде адамның бойы мен жасына сай ккал мөлшері көрсетілген. Бойы мен жас көрсеткіштері қиылысқан жерге қарап жасы мен бойына сәйкес ккал мөлшері табылады.

Жұмысты орындау:

  1. "А" бөлімінен зерттелуші адамның салмағына сәйкес (ккал өлшемімен) жұмсалатын энергия мөлшері табылады.

  2. "Б" бөлімінен зерттелуші адамның бойы мен жасының түйіскен жерінен оған сай ккал мөлшері табылады.

  3. "А" және "Б" бөлімдерінен табылған сандар қосылады, бұл тиісті негізгі алмасу мөлшері болып табылады.

3-жұмыс. Тағам рационын жасау

Адам дұрыс тамақтанса, аспен бірге келіп түскен энергия мөлшері жағынан денеде жұмсалатын энергияға тең болуы тиіс. Негізгі зат алмасуы адамның жасына, жынысына, тұлғасының ірі-ұсақтығына байланысты. Алмасу қарқыны тек еңбек қарқынына емес, басқа да ішкі және сыртқы себептерге тәуелді. Ересек адамда жұмсалған энергия олардың мамандықтарына, жасына байланысты (1,2 кестелерді қараңыз).

Тағам рационын жасарда оның нәрлілігімен қатар тағам мөлшері, тәулік ішінде жұсалатын белок, май, көмірсу мөлшері есептеп шығарылады. Рацион жасарда (ересектерге де, балаларға да) тамақ тепе-теңдігін ескерген жөн. Тәулік бойы адамға берілетін тамақта белок, май, көмірсу қоректік заттардың арақатынасы 1:1:4 болуы шарт.

Тамақтану тәртібінің ең дұрысы төрт реттік тамақтану болып табылады. Ертеңгілік ас жалпы тәуліктік қуаттылықтың 10-15%-ын, екінші ертеңгілік ас – 15-35%-ын, түскі ас 40-50%-ын, кешкі ас 15-20%-ын құрауы тиіс. Белокқа бай тағамдарды (ет, балық, жұмыртқа) ертеңгілік және түскі асқа пайдаланған тиімдірек. Кешкі асқа сүт-өсімдік белоктарын қалдырған жөн. Сонымен қатар тағам рационына витаминдер, минералды тұздар және су кіруі керек. Әрбір тағамның құрамы және қуаттылығы 3 кестеде көрсетілген.

Жұмысты орындау: Тағам рационын жасарда алдымен оның қандай мамандықтарға арналатынын, онда қанша энергия бөлінетінін, тағамның сол мамандыққа тән физиологиялық мөлшерін анықтап алу қажет (1, 2- кестелерді қолданып). Күніне 3-4 мезгіл тамақтану үшін, тамақ пісіруге қажет тағамдардың мөлшерін жазып алу керек. 3 кестені пайдалана отырып тағамдар мен қоректік заттардың химиялық құрамын, қуаттылығын анықтаңыз. Тағам рационындағы белок, май, көмірсу мөлшерін есептеп, қуаттылығын анықтаңыз.

Студенттерге арнап тағам рационын жасап, қорытынды шығарыңыз (төмендегі кестені пайдаланып).

Тамақтың мезгілі

Тағам аттары

Тағамның мөлшері

Тамақтың құрамы, г

Қуаттылығы, ккал

Белок

Май

көмірсу

1 ертеңгілік ас

2 ертеңгілік ас

Түскі ас

Кешкі ас