Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ас орыту,энергия алмасу 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

Магнус тәжірибесінің схемасы

1 – ішекті бекітуге және ерітіндіні аэрациялауға арналған ілмекті шыны түтік; 2 – ішектің кесіндісі; 3 – термометр; 4 – грушасы бар резеңке түтік; 5 – Энгельман рычагі; 6 – кимограф.

Жұмыс нәтижесін көрсету:

  1. Тәжірибе схемасын суретке салыңыз.

  2. Ішек кесіндісіне ацетилхолин мен адреналин әсерін көрсететін қисық сызықтардың суретін салыңыз.

2-жұмыс. Вертгеймер тәжірибесі.

Жұмыстың мақсаты: биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиетін бақылау.

Жұмысқа қажет заттар: түткіш (препарат жасайтын) аспаптар жинағы, бақа, екі дана дөңгелек тығынды шыны цилиндр, физиологиялық ерітінді, дәке, ұсақ шегелер, метилен көгінің 1%-дық еретіндісі, резеңке баллонмен жалғасқан пипетка, сүлгі-салфеткалар.

Жұмысты орындау. Бақаның артқы сирақтарының терісін сыдырып алып, одан "қапшық" жасайды. Ол үшін қимылы тоқтатылған бақаны белінен кесіп екіге боледі де, оның ішкі ағзаларын алып тастайды. Сол қолмен сегізкөзден ұстап тұрады да, оң қолымен сүлгі салфеткамен сирақ терісін абайлап тартқылап, асық жілік буынына дейін сыдырады. Тізе терісін сыдыру қиын, сондықтан "тері қапты" тұтас сақтау үшін, буын етін теріден ажыратады. Асық жілік буыннан кесіп жіберіп балтыр сүйектерін алып тастайды. Бақаның табаны "тығын" ретінде қалдырылады. Екі "тері қапшықтың" біреуі теріс айналдырылады, екіншісі сол күйінде қалдырылады. "Қапшықтар" дөңгелек тығындарға кигізіліп керіледі де, шеттерін инелермен бекітеді, содан соң физиологиялық ерітінді құйылған екі шыны цилиндрге салынады. Баллонмен жалғасқан пипеткамен әрбір қапшыққа метилен көгінің ерітіндісі құйылады. Физиологиялық ерітінді мен "тері қапшықтардың" сыртын метилен көгімен былғап алмау керек. Бірнеше минуттан соң теріс айналдырылмаған "тері қапшықтың" сырты, 20-30 минут өтісімен цилиндрдегі физиологиялық ерітінді боялады. Теріс айналдырған қапшықтың сырты мен физиологиялық ерітінді боялмайды: метилен көгі ерітіндісі қапшықтан өтпейді.

Көрсету: Алдын ала күкірт қышқылының 10%-дық еретіндісіне малып алса "тері қапшықтардың" екеуі де бір бағытта өткізу қасиетінен айырылады: метилен көгі терінің екі бетіне де өте береді.

Жұмыс нәтижесін көрсету:

  1. Тәжірибе схемасының суретін салыңыз.

  2. Тәжірибе нәтижесін жазып алыңыз.

3-жұмыс. Мастикациография

Мастикациография – шынайы түсінік беретін қлиникалық-физиологиялық әдіс, шайнау аппаратының (кесек тағамды ұстау сәтінде) қызметін зерттеуге, зерттеу нәтижелерін білуге мүмкіндік береді. Мастикациограмма арқылы жақтың (иектің) қимылын (шайнау, сөйлеу, сору, тыныс алу, жұту кездерінде) жазып алуға болады. Мастикациограмма жазып алу үшін резеңке манжета иекке бекіліледі де, резеңке түтіктермен Марей капсуласына жалғастырылады. Төменгі жақ қозғалысы кимографқа жазылып алынады. Мастикациограмманың қисық сызығы толқынға ұқсайды: әр толқын төменгі жақ қозғалысын (иектің көтерілуі, төмен түсуі, тістің тіске тиюі) сипаттайды.

Клиникада мастикациограмма арқылы тіс пен жақтың емделгенге дейінгі және емделгеннен кейінгі қызметі анықталады. Бұл әдіспен тек адам зерттеледі.

Жұмыс нәтижесін көрсету: Жұмсақ және кепкен нан шайнаған кездердегі матикациограмма кимографқа жазылып алынады.

Мастикациограф көмегімен шайнау қозғалыстарын жазып алу және бір шайнау кезеңінің мастикациограммасы (кесте)

1 – резеңке баллон (2) орналастырылған арнайы футляр; 3 – бекіту; 4- - иектің баллонға басылу дәрежесін анықтайтын градуирленген шкала; 5 – ауа өткізетін резеңке түтік; 6 – Марей капсуласы; 7 – кимограф; I – тыныштық жағдайында; II – астың ауызға түсу кезеңі; III – бағдарлаушы шайнау кезеңі; IV – нағыз шайнау кезеңі; V – ас түйірінің қалыптасуы.

Балалардың аш ішегіндегі ас қорыту ерекшеліктері

Жаңа туған нәрестенің жіңішке ішегі салыстырмалы түрде ұзын келеді - баланың бойынан 6 есе асады (ересек адамда - 4,5 есе). Кілегейлі қабаты жақсы дамыған, ет қабаты нашар, жұқа келеді. Ішек сөлінің ферменттік белсенділігі төмен, белоктарды ыдырататын басты ферменттер трипсин, нуклеаза ферменттері жоқ, секретин, холецистокининнің де әсерлері өте төмен. Бала өскен сайын ферменттердің қызметі жоғарылайды. Ішек қабырғасының ет қабаты мен жүйке талшықтарының нашар дамуына байланысты ішектің сөл шығару, қимыл әрекеттері тез бұзылады, сондықтан балаларда ішек қатуы жиі байқалады. Тоқ ішекте туғаннан кейін алдыңғы айларда шіру үрдістері жүрмейді, сондықтан индол, скатол, фенол сияқты улы заттар түзілмейді.

Балалардағы астың сіңірілу ерекшеліктері

Жас балалардың ішек қабырғасының өткізгіштігі жоғары келеді, әсіресе микроогранизмдер, токсиндер, толық ыдырамаған тағам өнімдері жеңіл сіңеді. Сол себептерден балалық кезде аллергия, диатез аурулары пайда болуы мүмкін. Жаңа туған нәрестенің ішек қабырғасынан гормондар, улы заттар, су ерітінділері тез өтеді. Ана сүтінен гормондар, иммундық денелер өтеді.