
- •8. Ас қорыту, энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Vіi. Сабақтың мазмұны:
- •Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Viі. Сабақтың мазмұны:
- •Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •Оксиспирограмманы талдау және негізгі алмасу деңгейін шығару.
- •Vіi. Сабақтың мазмұны.
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •1 Кесте
- •Қосымша
- •2 Кесте
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту, зат және энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы тақырыптары бойынша тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
Viі. Сабақтың мазмұны:
Студенттер өздері орындайтын жұмыстар:
1. Бақа ішегінің қимыл әрекетінің реттелуін зерттейтін тәжірибе.
2. Вертгеймер тәжірибесі - биологиялық мембраналардың бір бағытта
өткізу қасиеті.
Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау (теориялық материалды, лабораториялық жұмыстарды талқылау):
Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейлерін тексеру (өздігімен дайындалуға арналған сұрақтар, тесттер, мәселелік тапсырмалар арқылы).
Энергия алмасуы. Тамақтану.
І. Тақырып: Негізгі алмасуды жанама калориметрия әдісімен анықтау. Тағам рационы.
II. Оқу сағаты - жоспар бойынша
ІІI. Тақырыптың маңыздылығы: Зат алмасуы мен энергия алмасуы организм тіршілігінің маңызды белгілерінің бірі және өзара байланысқан үздіксіз жүріп жатқан біртұтас үрдіс. Қоректік заттар тотыққан кезде энергия бөлініп шығып, организмнің барлық жүйелері мен ағзаларының қажетіне жұмсалады. Организмді қалыпты жағдайда тіршілік етуін, денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор осындай энергия көзі - қоректік заттарды қабылдау - тамақтану болып табылады.
ІV . Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Негізгі алмасуды анықтау әдістерін.
Тыныс коэффициентін, оның мөлшерін.
Оттегінің және қоректік заттардың калориметриялық эквивалентін.
Қоректік заттардың физиологиялық қалыпты мөлшерін.
Тәуліктік тағам рационын құрастыру әдістемесін.
Студент орындауы қажет:
Мәліметтерді пайдаланып негізгі алмасуды анықтауды.
Кесте бойынша тиісті негізгі алмасуды есептеуді.
Тәуліктік тағам рационын құрастыруды.
V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Негізгі алмасу дегеніміз не? Оның мөлшері.
Негізгі алмасуды анықтау әдістері (тікелей және жанама калориметрия).
Тыныс коэффиценті, оның мөлшері.
Оттегінің калориялық эквиваленті.
Тағамдық заттардың калориялық эквиваленті.
Тағамдық заттардың физиологиялық нормалары.
Теңестірілген тамақтану туралы ұғым.
Қандағы қоректік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функциялық жүйе.
Бала емдеу факультетінің студенттері үшін:
Балалардағы заттар мен энергия алмасуының физиологиялық ерекшеліктері.
Әр түрлі жастағы балалар үшін қоректік заттардың физиологиялық қалыпты мөлшері.
Өмірінің алғашқы жылындағы балалардың тәуліктік энергия шығыны.
VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы).
1-жұмыс. Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау
Оксиспирограф – адам денесінде газ алмасуын зерттеуге, яғни белгілі бір мерзім ішінде сіңірілген оттегі мөлшерін анықтауға арналған аспап. Ол тұйық тыныс жүйеден, яғни оттегіне толған резеңке сильфоннан, құрғақ көмір қышқылды газ сіңіргіш пен клапанды қораптан тұрады. Аспаптағы ауа өкпеге, өкпеден (аспапқа) қайтып оралған кезде оттегі азаяды да, оның мөлшері теңестірілген сильфонға әсер етеді. Дем шығарған кезде ауа көмір қышқылды газ сіңіргіштен сильфонға оралады. Біртіндеп оттегі азаюына байланысты сильфонның қақпағы жылжып төмен түседі де, осы сәтте таспаның қаламына тиіп, оны жылжытады. Таспа минутына 50 мм жылжиды.
Жұмысты орындау: Зерттелуші адам еріндікті аузына салып мұрынын қысады, демін ішіне тартады да кранды "аспап" деген қалыпқа қояды, сөйтіп өзін -өзі тұйық тыныс жүйесіне қосады. Мұның нәтижесінде таспа қағазына қисық сызық - оксиспирограмма жазыла бастайды. Оксиспирограмманы талдай отырып, денеге сіңген оттегінің мөлшерін анықтайды. Одан әрі негізгі алмасу деңгейі есептеліп шығарылады.